Академик Ќ



бет1/31
Дата30.01.2023
өлшемі1,64 Mb.
#166761
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
b383 (1)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих және құқық факультеті

Тарих, археология және этнология кафедрасы




СӘТБАЕВТАНУ
Оқу-әдістемелік құралы
(хрестоматия)
Павлодар
Кереку
2009
УДК 94 (574)
ББК 72(5каз)я7
С 23
С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің тарих және кұқық факультеті әдістемелік кенесінің отырысында басуға ұсынылды
Пікірсарапшы:
Б.Қ. Қосаяқов – т.ғ.к., философия және мәдениеттану
кафедрасының доценті.


Жауапты редактор:
Қ.Ж. Нұрбаев – т.ғ.д., тарих, археология және
этнология кафедрасының профессорі.

Құрастырушылар: Қ.Ә. Мәлғаждаров, Ә.Ә .Сәбданбекова


С23 Сәтбаевтану=Сатпаеведение : хрестоматия. – Павлодар : Кереку, 2009. – 305 б.


Аталмыш оқу-әдістемелік құрал оқу хрестоматия түрінде құралған. Мұнда академик Қ.И. Сәтбаевтің тарих, археология, мәдениеттану филология салаларынан негізгі еңбектері, сонымен қатар атақты ғалым жайлы кейбір құжаттар, материалдар және мақалалар жинақталған.
Бұл кітап тарих, археология, мәдениеттану және филология мамандықтарының студенттеріне және де осы тақырыпқа қызыгушылық білдіруші барлық көпшілік оқырман қауымға арналған.
УДК 94 (574)
ББК 72(5каз)я7

© Қ.Ә. Мәлғаждаров, Ә.Ә. Сәбданбекова, 2009


© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009
УДК 94 (574)
ББК 72(5каз)я7
С 21
Рекомендовано к изданию методическим советом факультета истории и права ПГУ им. С. Торайгырова
Рецензент:
Б.К. Косаяков – к.и.н., доцент кафедры философии
и культурологии.


Отв. редактор:
К.Ж. Нурбаев – д.и.н., профессор кафедры истории, археологии
и этнологии.
Составители: Малгаждаров К.А., Сабданбекова А.А.

С 21 Сәтбаевтану=Сатпаеведение : хрестоматия. – Павлодар: Кереку, 2009. – 305 с.


Настоящее учебно-методическое пособие составлено в виде учебной хрестоматии. Здесь собраны основные труды академика К.И. Сатпаева по истории, археологии, культурологии и филологии, а также некоторые документы, материалы и статьи о выдающемся ученом.
Издание рекомендуется для студентов историков, археологов, культурологов и филологов, а также всем интересующимся данной тематикой.
УДК 94(574)
ББК 72(5каз)я7
© К.А. Малгаждаров, А.А. Сабданбекова, 2009
© ПГУ им. С. Торайгырова, 2009
Кіріспе

Біздің елімізде осы корнекті ғалымның, алғашқы академиктің, Қазақстанның Ғылым академиясының негізін қалаушысының және бірінші Президентінің, үлкен ойшылдың және ірі мемлекет қайраткерінің есімі шынайы даңқ пен халықтың зор құрметіне бөленген. Қ.И. Сәтбаевтің ғылыми және қоғамдық ойы қай салаға бет қойса да, ол барлық жерде озық идеяларды таратты, таланты мен күш-жігері қуатты серпін туғызып, рухтандыра және ұйымдастыра білді.


Қ.И. Сәтбаевтің жүрегінен үлкен орын алған мәселе Қазақстан ғылымы, оның дамып гүлденуі болды. Ол ғылымға кең өріс бере отырып, Қазақстан байлығын игеруді, оны экономикасы дамыған алдынғы қатарлы, озық елге айналдыруды ойлады, армандады. Сөйтіп бұл еңбектерден халқын сүйген, елін қастерлеген, әспеттеген, патриот ғалымның соққан жүрегінің дүрсілін айқын сезінеміз.
Қ.И. Сәтбаевтің өмір жолы оңай болған жоқ. Ол өмірдің неше түрлі тепешін де, қудалауын да, қорлауын да көрді, лайықты бағасын ала алмады. Сондықтан біз ұрпақ ғибрат алатындай іс тындыру үшін алдымен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің шығармаларың, сөйлеген сөздерің толық жинақ етіп шығаруға ерекше назар аударуымыз керек. Жас ұрпақ оны жақсы білуі керек.
Осы баспаға ұсынып отырған біздің «Сәтбаевтану» оқу-әдістемелік құралы жоғарыда айтылған түйткіл мәселелерді шешуде өз үлесің қосады деп үміттенеміз. Аталмыш оқу-әдістемелік құралы хрестоматия түрінде құрастырылған. Еңбекте белгілі академик Қ.И. Сәтбаевтің ғылыми мақалалары және Қ.И. Сәтбаев туралы жазылған мақалар мен естеліктер, сонымен атар құжаттар мен материалдардан жинастырылып, бір жүйеге келтірілген. «Сәтбаевтану» оқу-әдістемелік құралы (хрестоматия) ғалымның еңбектері негізінен 5 (бес) секция бағыты бойынша берілген. Бірінші секция - тарих және археология, екінші секция - әдебиет және фольклор, үшінші секция - ғылым және мәдениет. Төртінші секция - Қ. И. Сәтбаев жайлы мақалалар мен еңбектер, бесінші секция - құжаттар мен материалдар деп аталған.
Оқу-әдістемелік құралы қазақ және орыс тілінде құрастырылғандықтан тиімді болмақ.
Бұл «Сәтбаевтану» оқу-әдістемелік құралынан тарих, филология факультетінің студенттері өздеріне қажетті құжаттар мен маңызды материалдар ала алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет