Академиялық адалдықты бұзу түрлері мен деңгейлері:
4. Жалғандық жасау – басқа адамнан немесе ұйымнан өз жұмысы ретінде алынған не сатып алынған дайын бөтен жұмысты ұсыну, сондай-ақ оның негізінде оқыту нәтижелерін бағалау жүзеге асырылатын материал ретінде өз жұмысын басқа адамға саналы түрде беру. Емтихан кезінде емтиханнан өтетін білім алушының орнына жалған адамның болуы да жалғандық жасау болып саналады;
5. Басқа пән бойынша баға алу үшін бір оқу пәнін меңгеру барысында орындалған жұмысты қайта пайдалану;
6. Деректерге фабрикация жасау – оқу немесе ғылыми жұмыста кез келген ақпаратты немесе дәйексөзді пайдалану кезінде бұрмалау, жалған айту яки ойдан шығару. Ойдан шығарылған дереккөздерді, қисынсыз сәйкеспейтін дәйексөздерді, сандық немесе өзге де деректерді қолдан жасауды және т. б. қамтиды;
Академиялық адалдықты бұзу түрлері мен деңгейлері:
7. Басқа тұлғалардың (білім алушылардың немесе оқытушылардың) академиялық қызметіне қасақана қарсы іс-қимыл – басқа адамдардың қажетті ресурстарға немесе дереккөздерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін не олардың табысты қызметіне тікелей залал келтіретін іс-әрекеттер. Оған зертханалық эксперименттер мен зерттеулерге орынсыз араласу, жалған ақпарат беру, бірлескен жобаларды қоса алғанда, оқу/жұмыс бойынша әріптестерді саналы түрде жаңылыстыруға әкелу, топтық жұмысқа кедергі жасау, кітапхана ресурстарына қол жеткізуді шектеу, компьютерлік файлдарды өзгерту немесе жою және т. б. жатады;
8. Пара, сыйлықтар немесе қысым көрсету – білім алушыларға, оқытушыларға және қызметкерлерге осылай ықпал етудің кез келген түрін кез келген академиялық қызметті бағалау нәтижелеріне ықпал ету мақсатында кез келген нысанда пайдалануға тыйым салынады;
9. Академиялық мінез-құлықтың үйлесімсіз басқа да түрлері – тәртіптілік, адалдық, өнегелілік, ашықтық және құрмет қағидаттарына қайшы келетін және академиялық қызметте алдау, бұрмалау және басқа адамның құқықтарының бұзылуы ретінде бағаланатын мінез-құлықтың кез келген басқа түрлері.
Бұл Ережелер білім алушылар, оқытушылар немесе университет қызметкерлері тарапынан академиялық адалдықтың кез келген бұзушылығына қатысты қолданылады.
Академиялық және академиялық емес мінез-құлық нормаларын бұзу орын алған жағдайда, бір мезгілде ҚазҰМУ оқытушысы және қызметкерінің Корпоративтік мәдениет кодексі немесе ҚазҰМУ студентінің Ар-намыс кодексі Ережелері мен нормалары қолданылады.
Академиялық адалдық қағидаларын қасақана бұзудан гөрі, ықтиярсыз қате ретінде сараланатын қандай да бір пәнді оқу шеңберінде білім алушылар тарапынан жол берілген академиялық адалдықты бұзуды тіркеген оқытушы білім алушыға тапсырманы қайта тапсыруға немесе осы курс шеңберінде жұмысты қайта орындауға мүмкіндік бере алады. Дегенмен егер бұл пәннің академиялық саясатында жазылса, ол осы тапсырманы немесе жұмысты қанағаттанарлықсыз бағаға бағалауға құқылы.