Негізгі термин-Академиялық адалдық дегеніміз не? Академиялық адалдық концепциясы Академиялық адалдық принциптері Академиялық адалдықты бұзу түрлері мен деңгейлері. Жауапкершілік түрлері мен жаза қолдану тәртібі. Қорытынды: Академиялық адалдық кодексін бұзудың алдын-алу шаралары:
Негізгі термин:
Академиялық адалдық - жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа студенттермен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда студенттің шыншылдығын білдіретін құндылықтар мен қағидалар жиынтығы.
Академиялық адалдық принциптері:
1)Адалдық. 2) Автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру. 3)Ашықтық. 4) Білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу. 5) Теңдік.
Академиялық адалдық концепциясы:
Моральдік құндылықтардың көрінісі Оқу барысындағы адалдық Қоршаған ортаға деген адалдық Өзіне деген адалдық
Академиялық адалдықты бұзу түрлері мен деңгейлері:
1. Плагиат – бөтен мәтінді, идеяларды, шынайы авторлықты көрсетпестен өзінің жеке жұмысы ретінде пайдалану (дереккөздерге сілтеме жасамай) немесе орындалған жұмыстың дербестігіне күмән келтіретіндей түрде және көлемде сілтемелері бар шеттен алынған материалдарды пайдалану. Сілтемелерді бұрмалау да плагиаттың түрі ретінде қарастырылады;
2. Тапсырмаларды өз бетімен орындамау – бөгде тұлғаның немесе тұлғалардың жәрдемдесуін пайдалану, ондай кезде орындалған тапсырманың дербестілігі мен бірегейлігі жоғалады, бұл осы білім алушыдан күтетін оқу нәтижелерінің қалыптасуын бағалауға мүмкіндік бермейді;
3. Емтихандағы әділетсіздік – емтихан тапсыру кезінде кез келген рұқсат етілмеген көмекші құралдарды пайдалану/беру (электрондық, қағаз немесе кез келген басқа тасымалдағыштардағы ақпарат), білім алушылардың коммуникацияның кез келген нысандарының көмегімен (ауызша, жазбаша, электрондық немесе кез келген басқа түрдегі) ақпаратты бір-біріне пайдалануы/беруі, басқаның жұмысынан көшіру, емтихан нәтижелерін жақсарту мақсатында көмек алу/көрсету, емтихан сұрақтары мен тапсырмаларына рұқсат етілмейтін қолжетімділікті алу/беру, қалаған бағаны алу мақсатында емтихан жұмысы туралы мәліметтерді емтихан комиссиясының мүшелеріне беру және нақты білім алушыда қалыптасқан нақты оқу нәтижелерін объективті бағалауға кедергі жасау мақсатындағы кез келген басқа да әрекеттер;