Жазылым:
эссе, ғылыми мақала, рецензия, жаттығулар, ашық тест - 4300 сөз.
Мысалы, қазіргі Қазақстан халқы үшін медициналық сақтандыру енді енгізіліп
жатқан белгілі. Осы тұрғыда әлеуметтік мәні бар әрі көкейкесті мәселе ретінде
студенттерге салыстыру эссесін жазу жұмысы беріледі. Мұнда қазақстандықтарға
және шетелдіктерге арналған сақтандыру полистері салыстыру объектісі ретінде
ұсынылады. Бұл жұмыс студенттердің салыстыра отырып, талдау жасау арқылы
тұжырымға келуін әрі сыни ойлау дағдысын дамытады.
Жазылым барсында студенттер түрлі көздермен жұмыс істейді; олар оқытушы
ұсынған монография, мақала, сілтемелерден басқа да өз ізденістері бойынша тек
қазақ тіліндегі емес ағылшын және орыс тілді сайттардан материалдарды оқып, өз
талдаулары мен тұжырымдарын жазады. Мәселен, «Егудің пайдалы және зиянды
жақтары» туралы эссені студент өз ізденісі бойынша жазады. Бұл студенттің
егудің пайда болу тарихынан бастап, оның адамзатқа тигізген пайдасы мен зиянын
саралай отырып, өз тұжырымын жасауына әкеледі. Эссе немесе рецензия жазу
өтілген грамматикалық тақырыптар мен жасалған жаттығуларды тұжырымдау
болып табылады. Жазылым барысында түрлі операционалық амалдар жүзеге
асады. Зерттеуші B.Green- нің пікіріне сүйенсек, академиялық сауаттылық
«операционалдық», «мәдени», «сыни» деген үші өлшемге сай келуі тиіс. [ 7].
Таратып айтсақ, «операционалдық»- мәтін жазу, құрастыру әдісін,
технологиясын, құралдарын тілдік жүйенің дамуымен баланыстыра отырып
меңгеру; «Мәдени» осы операционалдық білігін немесе мәтін жазу білігін кәсіби
немесе аутентті әлеуметтік контекстегі дискурсқа қатыса алуы; «Сыни» осы
әлеуметтік дискурсқа қатысып қана қоймай, оны талдай алуы және оған өзінің
сыни көзқарасын білдіру білігі.
Достарыңызбен бөлісу: |