Педагогикалық қызметкерлердің аттестаттауына және өткізуге қатысады.
Мектеп окушыларының пәндер бойынша дәптерлерінің, сынып журналдарының толтырылуын тексереді.
Аптасына кем дегенде 3-4 сабақ пен сыныптан тыс іс-шараға ене отырып олардың мазмұны мен түріне талдау жасап қорытындысын ұстаздарға хабарлап отыру.
Оқу үрдісінің ұйымдастырылуына басшылық етеді, оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Оқу кабинеттерін басқа да мектеп бөлмелерін паспорттауды ұйымдастыру, оларды көрнекі және тех.құралдармен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру сапасы мен есебіне бақылау жасау.
Мұғалімдердің тақырыптық жұмыс жоспарын жасауға басшылық етеді және бекітеді.
Оқу жүктемесін бөлу жұмысына, уақытша жоқ мұғалімдер сабақтарын уақытысында және сапалы түрде ауыстыруды қамтамасыз етеді.
5-9 сыныптарына емтиханға әзірлік және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.
Мектепгі сабақ кестесінің талапқа сай жасалуына жауап береді.