Академиялық жазу прак



Pdf көрінісі
Дата08.02.2022
өлшемі56,7 Kb.
#119484
Байланысты:
Академиялық жазу прак



1.Ғылым жəне ғылыми мəтіндер ерекшелігі. Пəн бойынша тарихи деректер.
Ғылым (лат. сціентіа — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы
нақты нəрселердің заңдары мен қағидаларын, тəртібі мен құрылымын объективті
түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді
қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі
білім мен ғылыми тəжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми əдістер арқылы
жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана
емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен əдістерін түгел қамтитын
біртұтас кешенді жүйе.
Мəтін – өзіндік ерекшеліктерге, заңдылықтарға ие аса күрделі
семантикалық-құрылымдық жүйе. Мəтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске
қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мəтінді талдау
мен мəтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мəтінжасам барысындағы
тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мəселеге айналып отыр.
Адамзат баласы мəтіннің өзіне тəн болмыс-қасиетін зерттеуге сан ғасырлардан бері
ұмтылып келе жатса да, оның бүгінгі күн талабынан зерттеуді қажет етіп жатқан
тұстары əлі де көп. Бұл бағытта жаңадан қалыптаса бастаған қазақ мəтіні
лингвистикасы жас болса да біраз тəжірибе жинақтады. Ол еңбектер қазақ тіл білімінде
соңғы он жылдағы зерттеулерді қамтиды. Қазіргі ғылымның тоғысқан, жаңа
салаларының пайда болып жатқан кезеңінде қазақ мəтіні лингвистикасы мəселелерін
жан-жақты зерттеу аса қажет.
Мəтін танушылар көркем мəтінді, көркем мəтіндердегі тілдік бірліктерді авторлық
стильдік мақсаттарға орай шебер қолдануы тұрғысынан қарастырып келеді. Бұл
мəселелер тек мəтіннің көркем мəтін түріне қатысты зерттеулер. Ал ғылыми мəтін мен
оның негізгі ұғымдары, өзіне тəн ерекшеліктері туралы мəселелерді зерттеу кейінгі
жылдары ғана қолға алына бастады. Осы орайда С.Қоянбекованың мақаласын еске
алған лазым. Мақалада ғылыми стиль талабынан туындайтын ғылыми мəтінге тəн
кейбір тұстар, ғылыми сөйлеудегі тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктері
жалпылама тұрғыда баяндалған [1, 36-40]. Егер мəтіннің көптүрлілігі мен
көпқырлылығын ескерсек, ғылыми мəтін де өз кезегінде барлық мəтін типтеріне
қолданылатын жалпы заңдылықтардан тыс болмауымен қатар, өзіндік мағыналық
сипатымен де, сондай-ақ баяндау тəсілдерімен де ерекшеленетінін ұмытпаған жөн.
Профессор А.Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік мəтіндердің абзацтарға тəн
функционалды-мағыналық топтарының статистикалық ерекшеліктерін анықтаса,
А.И.Тілембекова ғылыми-техникалық мəтіндердің лингвопрагматикалық құрылымын
айқындауға үлесін қосты. Ғылыми тіл құрылымын анықтап, ғылыми мəтіннің
стилистикасын қарастыруда ғалым С.Əлісжановтың еңбегі ерекше аталады. Алайда
ғылыми мəтіннің барлық ауқымды жақтарын тануда, негізгі ұғымдары мен өзіне тəн
ерекшеліктерін түсінуде, коммуникативтік құрылымын айқындауда бұл еңбектердің
аздық етері сөзсіз. Сондықтан ғылыми мəтіндердің құрылымын, өзіне тəн
ерекшеліктерін, əдеби тілге қызмет етуін зерттеу тілші-ғалымдарға жүктелген алдағы
уақыттың үлкен еншісі деп түсінеміз.
Кез-келген мəтін белгілі бір мақсатты көздейтін, белгілі бір адресатқа арналған
ақпардан тұрады. Мəтін тіл жүйесі ішінен синтаксистің ең жоғарғы бірлігі ретінде орын
алады жəне мағыналық, коммуникативті, номинативті, структуралы сипаттарымен
түсіндіріледі.
Ғылыми мəтін де өз қабылдаушысын (адресатын) тапқанда ғана жұртшылықпен
(социум) қабылданады. Сөйтіп қана ғылыми мəтін өзінің зерттеу сипаты жағынан


генетикалық байланыстағы көптеген тұтас мəтіндермен қоян-қолтық араласады,
солармен бір мəнмəтінге (контекске) енеді, соның бір элементі ретінде қалыптасады [2,
32].
Демек, адресат факторы ғылыми мəтіндерді талдауда есепке алыну керек, бұл ғылыми
мəтіннің коммуникативтілігі тұрғысынан басқа мəтін типтерінен өзгешеленетінін
көрсетеді. Бəрімізге белгілі, ғылыми шығарма авторы өзінің алдына оқырмандарды өз
тарапынан ұсынылатын тұжырымдарға, қағидаларға, түсініктемелерге сендіруді, соған
көзін жеткізуді мақсат етіп қояды, осыған орай бұл типтес мəтіндерде арнайы
амал-тəсілдер қолданылады. Мұндай амал-тəсілдер өз кезегінде қарым-қатынас
актілеріне айналып, оқырмандарды мəтіндегі ғылыми ақпараттардың мазмұнын дұрыс
түсінуге мүмкіндік тудырады. Демек, мазмұнының шынайылығы ғылыми мəтін үшін
басты нəрсе болса, оны жасайтын, мазмұнның көріну дəрежесін беретін
лингвистикалық жолдарды айқындау да соншалықты қажет.
Ғылыми тілдің негізгі принциптері – ықшамдылық, дерексіздік, дəлдік болып табылады.
Бұлар ойлаудың ғылыми типіне жəне мəтінді оны қабылдаушымен байланысына тəн
белгілер. Ғылыми мəтін авторы əрқашан өзі тақырып етіп алып отырған мəселені, яғни
сөйлеу тақырыбын толық баяндап шығуға ұмтылады, алайда осы орайда авторлардың
үддеден шығуы əр түрлі болып келеді. Ғылыми мəтінде рационалды бағыт үстем
тұрады, ол өзінің кең көлемділігімен, талдап қорытушылығымен, логикалық
құрылымымен ерекшеленеді.
Ғылыми мəтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты
арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дəлдікке ерекше мəн
берілді. Мұның өзі ғылыми мəтіннің мамандандырылған ақпарат беру//қабылдау
жағынан өзге де коммуникацияның түрінен (көркем дискурс, публицистикалық
дискурстан) ерекше екенін көрсетеді [3,12].
Бірінші жақтық тұлға бейтараптанады, баяндауыш көбіне ырықсыз етіс тұлғасында
болады: жасалды, көрсетілді, анықталды, айқындалды т.б. Бұлай болу себебі, ғылыми
мəтіндегі сөз нақты ситуациядағы сөзден, я болмаса жалпы тілдік мағынасынан
дерексіздену арқылы өзгешеленуге тырысады. Құбылыстың, заңдылықтың
объективтілігін көрсету, өзінің ой-пікірін субъективті етіп көрсету үшін автор ғылыми
мəтінде өзін-өзі шеттету тəсілін жоғарыда айтылған тілдік-прагматикалық құралдардың
көмегімен жүзеге асырады. Сондай-ақ деп айтуға болады, деп бағаланады, осылай
деуге негіз бар т.б. тəрізді тілдік құралдар автордың “тасада тұруының” өзін салғырт
субъект ретінде көрсетуінің ғылыми дискурс прагматикасына тəн тəсілдердің бірі [3,14].
Ғылыми мəтіндердегі осы тəріздес тілдік-коммуникативтік белгілер оның мазмұндық
ұйымдасуын құрайды. Мазмұндық ұйымдасу тақырыптық ұйымдасуға, мəтіннің
тақырыбына тікелей байланысты. Тақырыптық ұйымдасу да, мəтіннің тақырыбы да өз
кезегінде сөйлеу тұлғаларын іріктейді, мəселенің баяндалу тəсілдерін көрсетеді жəне
сол арқылы мəтіннің композициялық-мағыналық құрылымы анықталады.
Сөз актісінде екі сана – адресанттың жəне адресаттың санасы жұмыс істейді. Осы екі
сананың мүмкіндігінше бір-біріне сəйкес келуі коммуникацияның сəтті болуына оң
əсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет