Академиялық шебер сөз, олардың түрлері



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,91 Kb.
#123827
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Академиялық шебер сөз

Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы. Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты. Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты.
Композицияны түрлері:
Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы).
Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы.
Оқиғаның шарықтау шегі.
Оқиғаның аяқталуы (шешімі).
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Мәтінді қазіргі семиотика мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В.Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады:
1) Мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (құрылымдық поэтика тезисі)
2) Мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады (мотивті талдау тезисі)
3) Мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау)
4) Мәтіннің әрбір жекелеген және үстірт көрінісінің астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т.Юнгтің аналитикалық психологиясы)
5) Мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы)
6) Бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін (мүмкін дүние семантикасы)
7) Мәтін – қатып,семіп қалған дүние емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).
Мәтін мен шығарма ұғымдары синоним емес. Мәтін – образдарды материалды тұрғыда ұсынушы, ол қашан оқылғанда ғана шығармаға айналады. Шығарма өзін көркемдік тұтастықта танытады. Яғни оның өзіндік шекаралары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет