Кіріспе. Кіріспеде тақырыпты таңдау негізделеді, реферат жазылатын тақырыптың деректері (аты, қайда, қашан жарияланғандығы туралы) берілуі, автор туралы мәліметтер (аты- жөні, мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы) хабарлануы мүмкін, таңдалған тақырыптың қарастыратын мәселесі ашылады.
Негізгі бөлім. Мәтін мазмұны беріледі және негізгі тезистер дәйектеледі. Қорытынды. Рефератта жазылатын мәселе бойынша жалпы қорытынды жасалады.
Рефераттың мынадай белгілері болады:
• реферат мазмұны реферат жазылатын дерекккөздің мазмұнымен толықтай байланысты болады; • негізгі ақпарат бұрмаланбай, оған субъективті баға берілмей нақты мазмұндалады; • тұрақты құрылымы болады.
Реферат
Реферат
тар үшін мынадай талаптар орындалуы керек: жалпы талаптар, сілтеме беру ережесі, сілтемелерді дұрыс әрі анық ресімдеу, библиографиялық тізім, қысқарған сөздер мен атауларды дұрыс қолдану. Аталған ережелерді кейін оған уақыт кетірмес үшін бірден есте сақтаған жөн.
Реферат
Рефератты ресімдеу ережелері Реферат мазмұнын ресімдеген кезде жоғары оқу орнының, жоғары мектептің (факультеттің), кафедраның толық атауы, реферат тақырыбы, автор мен жетекшінің аты-жені, қала және реферат жазылған жыл керсетілетін жұмыстың титулдық бетген басталатынын естен шығармау қажет. Екінші беттен бастап беттер немірленіп, рефераттың мазмұны жазылады. Рефераттың жалпы келемі 15-20 беттен аспауы керек. Абзац 1,25 см. болуы тиіс. Парақтың жиегі: ® сол жағы - 3 см.;
• оңжағы -1,5 см.;
төменгі жағы - 2 см.;
• жоғарғы жағы - 2 см. болуы керек. Мәтін 1,5 интервал арқылы басылады. Егер реферат мәтіні Word редакторында терілсе, TNR шрифтін қолдану ұсынылады. Шрифт мөлшері -14 пт.
Реферат
Рефераттағы әдебиет тізімінің саны - 4-12 болуы керек. Әдебиет тізімінде керсетілген жұмыстар соңғы 5-10 жылда жарық көрген жаңа жұмыстар болуы қажет. Ескі дереккөздерді ете қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. Библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттің авторы, жұмыстың аты, қаласы, баспасы, жылы, жалпы бет саны көрсетіледі.