Бөлімніңмақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын құрметтейтін және сақтайтын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, жергілікті және жаһандық процестердің өзара байланысын түсінетін, мәдениетаралық өзара әрекеттестік дағдыларын меңгерген, азаматтық ұстанымы бар тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері: Өз елінің тарихы мен мәдениетін білетін, ұлттық құндылықтарды сақтайтын, сыни және креативті ойлайтын, жауапты азаматтарды тәрбиелеу.
Қазақстандық қоғамның өркендеуіне белсенді қатысуға дайын тұлғаны қалыптастыру.
Білім алушыларда жауапкершілік сезімін және өз міндеттерін орындауға адал қарым-қатынасты дамыту.
Бөлім мазмұныоқушылардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және онда бекітілген құқықтар мен міндеттерге құрметпен қарауға, құқықтық сауаттылық пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған 5-9-сыныптарда оқуға арналған тақырыптарды қамтиды. Өз міндеттерін ел игілігі үшін орындау, өз азаматтарына және мемлекеттік билікке құрметпен қарау, мектепте, облыста, елде болып жатқан оқиғаларға жауапкершілікпен қарауға дайын болу.
«Азаматтық және патриотизм» бөлімінің тақырыптары білім алушылардың этикалық нормалары мен жауапкершілік тәртібін нығайтуға бағытталған.
Бөлім 5-9-сыныптар аралығындағы тақырыптардың сабақтастығын қамтамасыз етеді, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бұрын оқылған материалды тереңдету мен кеңейтуді қамтамасыз етеді.
https://asiasociety.org/sites/default/files/inline-files/teaching-for-global-competence- in-a-rapidly-changing-world-edu.pdf Teaching for Global Competence in a Rapidly Changing World /
https://www.startthechange.eu/global-citizenship-in-the-classroom/ Global citizenship in the Classroom A guide for teachers Формирование глобального гражданина
UNESCO. 2014. Как преподаются вопросы глобальной гражданственности. Опыт преподавания.