Акимбаева. Айым тфп-310 Бақылау сұрақтары Дәріханада салмақ бойынша дозалаудың қандай тәсілдері қолданылады?


Қол және тарирлі таразылардың негізгі құрам бөлшектері қандай?



бет3/17
Дата24.02.2022
өлшемі106,17 Kb.
#133244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Акимбаева Айым ТФП-310 Бақылау сұрақтары
Реферат Та ырыбы Білім, ылым, техника ж не технологиялар Орынд, Отчет СД-109 В (копия), Отчет СД-109 В (копия)
3. Қол және тарирлі таразылардың негізгі құрам бөлшектері қандай?
Сусымалды материалдарды өлшеу (СМӨ) таразыларының
техникалық сипаттамалары.
Сусымалы материалдарды өлшеуге арналған таразылар (ВСМ).
Сусымалды материалдарды өлшеу комплектісі таразыдан, штативтен және күрекшеден тұрады. Тең иінді таразыға алқа арқылы тостағаншалар (15) ілініп, сақина мойнына (4) бекітіледі. Алқа имектен (14), айқастырылған табаннан (16) және сырғадан (13) тұрады. Таразы: таразы төсемінен (8), тепе-теңдікті көрсеткіштен (5), жүкті (12) артқы ілмектен (11), бұрандалар (18) және бүркеншіксіз шегелер (19) көмегімен таразы төсеміне бекітілген ұстағыштардан (10) тұрады.

Таразы төсеміне жастықшаға (6) сүйенген тіректі призма (7) бекітілген. Таразы төсемінде жүктер (17) бекітілген саңылаулар болады. Ұстағыштарға (10) жүк қабылдағыш призмалар (9) бекітілген. Жүктер (17) тара компенсациясы үшін қажетті бұранда және гайка болып табылады. Жүктер гайкалары (17) толық емес айналымға бұралады. Тепе-теңдікті көрсеткіш (5) толығымен сақина мойнының (4) шегінде болатындай жылжиды. Жүктер (17) таразы саңылауларында бекітіледі. Жүк (12) таразы массасы орталығының жағдайын реттеу үшін қажет. Артқы ілмектегі жүктің (12) орны нық бекітілген және эксплуатация кезінде өзгермейді. Таразыны жұмыс барысында тірекке (2) бұранда (3) көмегімен бекітілген сақинасынан ұстайды. Штатив тіреу ілгегіне ілінетін таразыларды орнатуға арналған.
Тарирлі таразылар (ВКТ), немесе Мор таразысы. Сусымалды материалдарды өлшеу таразыларынан басқа, салмақ бойынша дозалау үшін тарирлі техникалық таразылар кеңінен қолданылады. Олардың 89 бірнеше маркалары болады, колонкадағы тарирлі таразы, немесе Мор таразысы Т-2 – 2-ші класты техникалық таразы. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде құрғақ, қою және сұйық заттарды салмақ бойынша дозалау үшін жіберілетін жүк шегі 50 г 1 кг дейін болатын тарирлі таразылар қолданылады. Салмақ бойынша дозалау – тарирлеу, яғни, тараға тең тара массасын теңестіруге негізделгендіктен, оларды тарирлі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет