Акимбаева.Айым ТФП-310 Бақылау сұрақтары 1.Дәріханада салмақ бойынша дозалаудың қандай тәсілдері қолданылады? Дозалау тәсілдерінің ішінде ең жиі қолданылатын тәсіл қатты заттарды да, сұйық заттарды да өлшеуге болатын - масса бойынша дозалау. Масса бойынша дозалау 2-ші класс техникалық таразылар тобына жататын және эталонды массалармен (өлшегіш тастармен) салыстырғанда дене салмағын көрсететін рычагты таразыларда жүргізіледі. Бұл - дәріханалық қол таразылары,тарирлі техникалық таразылар.
Салмақ бойынша мөлшерлеу физикалық заңдарды қолдануға негізделген дұрыс өлшеу, ол таразылардың негізгі метрологиялық сипаттамаларының сәйкестігімен және өлшеу құралдарын пайдалану ережелерінің сақталуымен қамтамасыз етіледі.
2.Дәріханалық іс-тәжірибеде дәрілік заттарды дозалау үшін қандай таразылар қолданылады?