Инерциялық аккумулятор қызметін айналып тұратын маховик атқарады Маховик салмағы мен оның айналу жылдамдығы неғұрлым көп болса, онда жиналатын энергия мөлшері де соғұрлым мол келеді. Инерциялық аккумулятор жел электр станцияларында генератордың, сондай-ақ штамптау станогы, механикалық балға, поршеньді сорғы тағы басқа жұмыс қалпын тұрақтандыру мақсатында қолданылады.
Қорғасынды аккумулятор — қорғасын қалақшаларынан тұратын аккумулятор, арасы қорғасын оксидімен таятырылады.
Аккумуляторлар электр тоғын сыммен жеткізу мүмкін болмайтын жерлерде пайдаланылады. Завод ауласында не вокзал платформасында жүретін электр арбасы – электрокардың двигателі аккумулятордың тоғымен жұмыс істейді. Автомобильдің моторын жұмыс істету үшін, оның білігін ең алдымен айналдырып жіберу керек. Осыны электрлік двигатель – стартер іске асырады, ал стартер аккумулятордағы жинақталған электр энергиясымен қоректенеді. Сүңгіуір қайықтардың ескек винттерін электр моторлары айналдырады, оларға энергияны биіктігі адамның бойындай үлкен аккумуляторлар береді. Космос корабльдерінде де аккумуляторсыз ештеңе істеуге болмайды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!