Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет13/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

антропоөзек, 
антропоөзектік бағыт
, т.с.с қолданылып жүрген балама атауларының уәжі 
антропоцентризмді 
философиялық 
қырынан 
таныған 
П.С.
Гуревичтің 
мынандай түсіндірмесімен үндесетіні байқалады: «Антропоөзектілік – бұл 
әлемнің өзегі және әлемде орын алатын оқиғалардың орталығы адам болып 
табылады дегенді білдіретін көзқарас. Көптеген философтар философияның 
басты мәселесі адам деп есептей отырып, осы дүниетанымдық ұстанымды 
негізге алды. Адамның табиғатын, болмысын, мақсатын түсіне отырып, сан 
ғасырлар бойы жиналған басқа да философиялық мәселелерді түсінуге болады» 
[2, 44 б.]. Ғалымның тұжырымымен таныса келе, антропоөзектіліктің ғылым 
үшін аса өзекті екенін көруге болады. Тіршіліктің, өмірдің, ғылымның бастауы 
адам екені баршаға мәлім. Расымен, табиғаттың күшін, адамның танымын 
түсінгенде ғана жылдар бойы жинақталған сұрақтарға жауап табуға болады. 
Философ П.С. Гуревич өз зерттеулерінде барлық мәселенің шешімі ретінде 
антропоөзектілікке баса назар аударған.
Демек, жоғарыда айтылған екі анықтамадан тілді антропоөзектік тұрғыдан 
зерттеуде адамның тілге қандай ықпал жасайтыны, тілдің адам санасына, 
ойлауы мен мәдениетіне тіл тұтынушының қолданыс барысында қалай әсер 
ететіндігі анықталып, ерекше маңызға ие тілдегі адам мәселесін оның әлемге 
қатынасы арқылы толық сипаттауға болады. Тілді таным құралы, қарым-
қатынас құралы ретіндегі қызметі негізінде дамытатын – жеке адам. Соның 
ішінде жеке шығармашылық тілдік тұлға тілдік қолданысқа жүйедегі 
құралдарды икемдеп, басқа мағынада жұмсап, жаңа өң беріп, құбылтуы сөз 
әлеуетін аша түседі. Күнделікті тәжірибеде оның бағасы айқындалып жатады. 
Кемшілік ретінде кейбір жеке қолданыстардың көпшіліктен қолдау таппай, 
тілдік заңдылыққа сәйкес тіл жүйесіне ене алмауы түсінілсе, артықшылығы 
ретінде тілдің жеке адамдардың шығармашылығы арқылы дамуы атап 
көрсетіледі.
Тілдің төл қызметін дәл анықтаған А. Байтұрсынұлы: «Тілдің міндеті – 
ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін 
түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәрін жұмсай білетін адамы табылса, тіл 
шама қадырынша жарайды» [3, 141 б.], – дейді. Олай болса, ғалымның «Тілдің 
міндеті ... жарау» дегенін – тілдің (жүйенің) ішкі мүмкіндігі (әлеуеті) шексіз 
деп түсінген жөн. Ал «жұмсай білетін адамы болса» дегені – тіл иесінің сөйлеу 
(речь) арқылы тілдің комуникативтік қызметін дамытатын күшіне мән беруі. 
Осы бір қысқа ғана тұжырымда әлемге танымал тілші ғалымдардың ғасырлар 
бойы зерттеп, дәлелдеп, бірақ әрқайсысы әртүрлі атап келген (Ф. де Соссюр – 
язык и речь
; Л. Ельмслев – 
схема и узус
; Н. Хомский – 
компетенция и 


14 
употребление
) тіл мен сөйлеудің арақатынасы анық, дәл көрсетілген. Ең 
бастысы дәстүрлі тіл біліміне сәйкес тілдің құрылымдық жүйесімен ғана 
шектелмей, «адамның ақылымен аңдауы, қиялымен меңзеуі, көңілінде түюі» 
айқын көрінетін сөйлеу (речь) барысындағы коммуникативтік қызметіне, 
мұндағы сөйлеушінің тұлғасына назар аудару А. Байтұрсынұлының зерделі ой 
кеңістігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі 
қызметінің тіл иесінің (адамның) болмысымен сабақтастығын ұлы ғалым дөп 
басып аңғарған.
Ғалым Б. Момынова «Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар» 
еңбегінде антропоөзектік парадигма бойынша таным объектісін зерттегеннен 
гөрі, таным субъектісіне баса назар аударады. Зерттеушінің пікірінше, «адам – 
тұлға, жай ғана ізгілікпен пен қайшылықтардың жиынтық образы емес, ұлттық 
және әлеуметтік белгілерді бойына жинақтаушы тұлға. Сондықтан да 
этнолингвистика, 
этнопсихология, 
этнопедагогика, 
психолингвистика, 
лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика – бәрі де адам санасы мен 
танымын, оның терең қатпарларын, таным мен сананың, ойы мен ойлауының 
тілі арқылы жарыққа шыққан нәтижелерін зерттейді». Ғалым ғылымдағы адам 
танымын саралай келе, антропоөзектіліктің негізгі ұстанымдарын ажыратып 
көрсетеді:
-
адам факторы – тілдегі негізгі фактор;
-
тіл адамға, оның ойына және мінез-құлқына қалай әсер етеді; осы әсер 
адамның санасында қалыптасқан әлемнің тілдік суретіне нені қосады; 
-
адам өзі сөйлейтін тілге қалай ықпал етеді, жалпы ықпал ете ала ма? 
-
адамның лингвокреативті іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіл жүйесінің қай 
бөлігі ыңғайлы немесе адам үшін қай бөлік ашық та, қолайлы;
-
жүйенің қай бөлігі адам ықпалына көп ұшырауы мүмкін;
-
қай бөлік өзгерісті қабылдауға бейім [4, 11-13 бб.].
Ғалым осылайша тілдің адамға, адамның тілге қатыстылығын жіктей келе, 
адам мен тілді бір-бірінен ажырата отырып зерттей алмайтынымызға екпін 
қояды. Сайып келгенде жоғарыда айтылған антропоцентризм, антропология
антропогенез, антропологиялық парадигма, антропоөзек, антропоөзектік 
парадигма деген ұғымдардың барлығының негізінде адам жатқанын көруге 
болады. Яғни антропология - саласы адамның танымы мен түйсігі арқылы 
жұмбақ дүниелердің шешімін табуға жол ашатын үлкен бір сала.
«Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп
Ж. Аймауытұлы айтқандай, адам баласы қандай дыбыс шығарса да, қандай сөз 
айтса да, оның негізінде оның танымы мен түсінігі, мәдениеті мен болмысы 
жатыр. Осындайда Абайдың «сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма» 
деген нақылы еріксіз ойға келеді. Бұдан шығатын қорытынды әрбір ғылым 
саласының бастауы болып табылатын адамның ойын зерттеу арқылы бүгінгі 
ғылымның зерттелмеген қырларын ашуға, ғылыми салаларды одан әрі 
дамытуға болады. 
Зерттеу жұмысының тақырыбында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет