«экстрасенс,
стюардесса, фантастика, депозит, самолет, мисс, паспорт, посылка,
секретарь, зоотехник, теплоход, рапорт, делегация, конрад, самосвал,
интернационалист
антифашист»
сынды
варваризмдер
кездеседі.
«Варваризмдер этимологиясы жағынан кірме сөздерге ұқсас болғанымен,
құрылымы жағынан өзгеше болып келеді. Кірме сөздер бастапқы тілдегі
қалпын өзгертіп, қабылдаушы тілдің ерекшеліктеріне сәйкес жаңа реңк,
қосымша сипат алса, варваризмдер қабылдаушы тілге сәйкестендірілмей, бөтен
тілдің сипатын сақтап қолданылады» [123, 34 б.]. Сол себепті Д. Исабеков
қолданған бұл сөздерді варваризмдер қатарына жатқыздық. Жазушы сөйлеу
тілімізде кездесетін бұндай сөздерді қолдану арқылы жалпыхалықтық тілді
оқырманға жеткізуді көздейді. Себебі автор мен оқырман арасындағы
байланысты, шынайылықты үзбеу үшін бұндай тілдік бірліктерді орынды
қолдану мүмкіндіктері көркем шығарма тілінде кездесіп тұрады. Оған қоса,
автор өзге тілдің тілдік бірліктерін қазақтың (кейіпкерлердің) акустикалық-
артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай бейімдеп қолданған. Олар:
текнікүм,
бешірни, көңкүрс, мәшине, матасекіл
және т.б. Шығармадан үзінді келтірер
болсақ:
«Ерғабыл ғой. Ол неге ұйықтамай жүр екен? Әй,
ақымақ
, осының
бәріне сен ғой кінәлі. Келін байғұстан ештеңе де жоқ сияқты-ау. Араларыңа
түсіп абырой таба ма бұл адам. Өзіміздікі жөн. Өзіміздікі дұрыс дейсіңдер де
тұрасыңдар ғой, түге. Ұрыса беретін жас бала емессіңдер тағы да. Қайтерсің
енді?» Қарекеңнің есіне өткен күндердің уақиғасы түсті. Онда Ерғабылдың әлі
үйленбеген кезі. Ауылда он бір жылдықты бітірген соң, араға екі жыл салып
Шымкенттегі мұғалімдік институтқа
документ
тапсырды да,
Достарыңызбен бөлісу: |