этнос, этнос болмысы, мәдениет, мифология
ұғымдарына
тоқталып, оны сан салалы тілмен бір аспектіде қарастырған.
Академик Ә. Қайдардың осы тұжырымдарының негізінде қазақ тіл
білімінде этнолингвистикалық мектеп қалыптасты. Ғалымның осы бағыттағы
ұзақ жылдар бойғы танымдық-тәжірибелік еңбегінің нәтижесі ретінде жарық
көрген «Қазақтар ана тілі әлемінде» атты үш томдық этнолингвистикалық
сөздігі қазақ болмысын, оның ұлттық таным әлемін «Адам», «Қоғам»,
«Табиғат» жүйесі негізінде деректелген тілдік бірліктер арқылы дәйектейді.
Сайып келгенде, бұл үш жүйенің мазмұнының да тоғысатын қазығы адам
(қазақ) болмысы, танымы, қызметі, тұрмысы т.б. Мысалы: адам мінезі: ..,
қызметінің сипаты: .., қоғамдағы қызметі: .., табиғатпен байланысы... Олай
болса, қазақ тіл біліміндегі антропоөзектік парадигмасының дамуында
академик Ә.Қайдар еңбектерінің маңызы ерекше екені даусыз.
Аталған сөздіктің алғашқы томының «Адамнан» басталуының өзі қоғам
мен табиғаттың басты байлығы, негізі, тірегі адам екенін, оларға қатысты
барлық сөздердің адам санасы арқылы туындайтынын аңғартып, еңбектің
антропоөзектік сипатын айқын танытады. Адамның, соның ішінде қазақтың
ұлттық сипатын, дүниетанымын, ой-өрісін, болмыс-бітімін және әртүрлі
қасиеттерін жинақталған лингвистикалық және этнолингвистикалық факторлар
мен деректер негізінде көрсететін бұл сөздік адам баласының шыр етіп дүниеге
келген сәтінен бастап дүниеден өткен кезеңіне дейінгі аралықтағы барлық
мәселелерге арналады. Атап айтар болсақ, «Адам табиғаты», «Өмір-тіршілік»,
«Туыстық-жақындық», «Азық-түлік», «Денсаулық», «Тіл әлемі», «Кісі аттары»,
«Өлім-жітім» атты сегіз тараудан құралған. Әр тараудың басында тарау
тақырыбына қатысты ақпарат беріліп, қысқаша шолу жасалып отырған.
Алғашқы бөлімде адамның жақсы-жаман, жағымды-жағымсыз қасиеттеріне,
физиологиялық және психологиялық қасиеттеріне, сонымен бірге сыртқы түр-
тұрпатына, дене кемістіктеріне, іс-әрекеті мен қалып-күйіне қатысты атаулар
беріліп, адамның бүкіл ішкі болмысы мен сыртқы тұлғасы жан-жақты
ашылады. «Туыстық-жақындық» бөлімінде атаның түрлері, әйелдің түрлері,
әкеге қатысты ұғымдар, баланың түрлері, жиеннің түрлері, қыздың түрлері,
құданың түрлері, нағашының түрлері, т.б. туыстық қарым-қатынас түрлері
берілген. Автор бұл қатынасты беруде ерекше шеберлік, ізденімпаздық таныта
білген. Себебі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда ара жігі толық
ажыратылмайтын атаулардың айырмашылығын, ортақ және айырым белгілерін
саралап, талдап берген. Еңбектің өзге де бөлімдерінде қазақ қоғамының,
қазақтың дүниетанымының қыр-сырын біліп, толық меңгергісі келетін
оқырманға қажетті ақпарат қоры мол қамтылған. Автор сөздікте берілген
реестерлерге мысал ретінде тіліміздегі тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді,
көркем шығармалардан алынған үзінділерді келтіріп отырған.Бұл сөздікті
халықтың бүтін бір тарихының, мәдениетінің жиынтығы десек те болады [28].
Сөздіктің екінші томы қауымдық, қоғамдық ерекшеліктерді білдіретін
тілдік бірліктерді қамтиды. «Адамның саналы ғұмыры адамдардың бір-бірімен
32
қауымдасқан, қарбаласқан, бір-біріне қарайласқан белгілі бір қоғамында өтетіні
белгілі. Адам баласының өзара бірігіп тіршілік етуі де қоғамнан басталып, сол
қоғамның біртіндеп дамуымен бірге ол да өніп-өсіп, өркениет биігіне өрлеумен
келеді» [29, 3 б.]. Бұл дәуірлердің белгілерін біздің заманымызға барынша
өзгеріссіз жеткізген негізгі дереккөз, әрине, тілдік бірліктер екені белгілі.
Сөздіктің екінші томы «Қазақ этносының шежіресі», «Қазақстан – қазақ елі»,
«Әлеуметтік жағдайы», «Материалдық-экономикалық жағдайы», «Рухани
мәдениетке қатысты салт-дәстүрлер, «Ұлттық өнер», «Ұлттық ойындар мен
мейрам тойлар», «Өлшемдер», «Дін», «Аңыздар мен мифтер» деп аталатын он
тараудан тұрады. Аталған тақырыптардың барлығы да қазақтың ұлттық
мәдениетін тілдік бірліктер арқылы сипаттайды. Бұл еңбекте де
этнографизмдердің сипатын ашып көрсетуде көркем мәтіндер, соның ішінде
батырлық жырлар, көркем шежірелер, шешендік сөздер, ел жадында сақталған
аңыз әңгімелер, т.б. деректер көмекке келеді. Әсіресе ру, тайпа,
қауымдастықтар және олардың таңбалық, заттық негіздерінің атаулары
шешендік сөздер мен батырлық жырларда жақсы сақталған.
Еңбектің үшінші томында табиғатқа қатысты ұғым-түсініктер мен заттық
атаулар тақырыптық топтарға бөлініп, жүйеленіп, реттеліп берілген. Автор
еңбектің кіріспесінде-ақ: «Қазақ халқы өздеріне қажетті нәрселерді табиғаттан
алғанда кеңестік ғалымдар сияқты оны «табиғаттан тартып аламыз»
(И.В. Мичурин) демеген. «Адамға табын, Жер, енді» (О. Сүлейменов) деп
астамсынбаған. Табиғатты өздеріне бейімдеу арқылы емес, өздері табиғатқа
бейімделу арқылы тіршілік еткен»,
деп, бұл ұғымды халықтың танымымен,
табиғатқа деген көзқарасымен байланыстырады [30, 3 б.]. Автор халық
табиғатпен етене байланыста өмір сүргендіктен, оның тілінде қалыптасқан
сөздер мен тіркестер де төрт түлік мал, тау-тас, аспан денелері атауларынан
туындап отыратынын көрсете отырып, оларды көркем шығармадағы
қолданысы арқылы дәлелдейді.
Қазақ әдеби тілі тарихының, қазіргі таңдағы қолданысы мен қазақ тіл
біліміндегі маңыздылығын академик Р. Сыздық зерттеулерінде айқындаған
тілдің ұлттық сипаты, қазақ әдеби тілінің функционалдық белгілері, сөздің
танымдық-мәдени ерекшеліктері арқылы дәйектеген болса, «Сөздер сөйлейді.
Сөздердің қолданылу тарихынан» [31] еңбегінде көнерген лексикалық
бірліктердің тіл иесінің қолданысындағы бүгінгі күндегі дәрежесі, ескіру
уәждері, түптөркіні мәселелеріне тоқталып, қазақ тілінің тілдік бірліктеріне тіл
мен тарих, тіл мен мәдениет, тіл мен таным, тіл мен этнос тақырыбы аясында
талдау жұмыстарын жүргізген. Көркем шығарманы нағыз этнографиялық
дереккөз ретінде қолдану бұл еңбектің басты сипатынан саналады. Өйткені
реестрге алынған сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналары түсіндірмелі,
диалектологиялық немесе этимологиялық сөздіктердегі сияқты бір-екі сөйлем
аясында қарастырылып қоймайды, тұтас мәнмәтінмен (контекст) беріліп,
талданып, түсіндіріліп отырады. Мұнда қазіргі қолданыстағы сөздердің
ұмытылған мағыналары көркем шығармалардағы қолданысы арқылы белгілі
болып, оқырманның таным көкжиегін кеңейте түседі. Мәселен, қазіргі әдеби
тілімізде «сәлем беру, сәлемдесу, амандық сұрау» мағынасында қолданылып
33
жүрген
Достарыңызбен бөлісу: |