Аккузова айнур абдыжалиловна


Әуезелеуші – айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда  болған істі әңгіме қылатын адам.  Баяндаушы



Pdf көрінісі
бет3/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Әуезелеуші
– айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда 
болған істі әңгіме қылатын адам. 
Баяндаушы
жазушының сөзі, ал баяндаушының бейнесі (өзін автор 
ретінде көрсететін) – жазушының әдеби артистизмінің формасы. Онда 
автордың бейнесі өзі жасаған сахна бейнесіндегі актердің бейнесі сияқты 
қарастырылады. 
Білім
– болмыстың объективті қасиеттері мен белгілерінің адам 
санасында бейнеленуі, нәтижелерінің когнитивті ұйымдастырылуының базалық 
формасы. Жадтың бір бөлігі, санада сақталатын мәліметтер. 
Дискурс
(фр.discours) – тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, 
дискурс
дегеніміз – уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, 
көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада
дискурс
деп қандай да болмасын 
мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады. 
Кейіпкер
– көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам
әдеби образ. 
Коммуникация – 
латын тілінен аударғанда «ортақ атқару», «хабарлама» 
деген мағына беретінін атап көрсетеді: «Кез келген коммуникацияның екі қыры 
болады. Мәселен, 
хабар таратушы – хабар алушы, жазушы – оқушы, сөйлеуші 
– тыңдаушы, продуциент – реципиент, адресант – адресат
.
 
Концептуалды қызмет – 
тілдік субьектілердің сөз қолданыстарының 
деңгейіне байланысты атқарылады. 
Конститутивті қызмет – 
тілдік жағдаятқа байланысты жүзеге асады. 
Көркем мәтін – 
коммуникация формасы, оған байланыс, белгі (код), 
меңгеру, тезаурус, дүниетаным, коммуниканттардың әлеуметтік, тарихи, 



ұлттық ерекшеліктері, интенцияның (мақсат, дәлел, себеп) коммуникативті-
прагматикалық қарым-қатынас талаптарына сәйкес келуі жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет