122
қыз», «
Неткен
сұлулық!
Неткен
тәкаппарлық!
Неткен
нәзіктік!».
Қайталанып тұрған
«қандай, неткен, сұлу
» тілдік бірліктері жазушының ішкі
сезімін жеткізуде тіркескен сөздеріне акцент беріп, оқырманның назарын
баурап алу мақсатында жұмсалған. Жазушы сезімін жеткізуде осындай
шешімге бармаса, оқырман қабылдауында нәзіктіктің де, тәкаппарлықтың да,
сұлулықтың ешқандай экспрессиясы болмас еді. Ал мына мысалдардағы
қайталама арқылы жасалған сөйлемнің негізгі коммуникативтік мақсаты –
сөйлеушінің өз іс-әрекетіне деген сенімділігін білдіріп, оған тыңдаушының
көзін жеткізе түсу:
Иә,
естігем, естігем!
Жолыға алмай қалсақ, сәт сапар
тілеймін!;
Білем, білем
, қазір!;
Сенбеймін, сенбеймін!
Туған жерге ынтыға
қоятындай сіздің басыңыздан үлкен оқиғалар өткен жоқ;
Не болды, не болды?
– деді Мәлике оның қолынан түсіп кеткен кітапты да көтермей иығынан
құшақтап.
Осы сияқты етістік қайталамалар кейіпкердің ішкі психологиялық
жай-күйін барынша шынайы көрсетуде автордың прагматикалық мақсатын
көрсететін амалдар болып саналады. Мысалда «не болды?» сұрағын екі рет
қайталануы арқылы кейіпкердің болған оқиғаға деген қызығушылығын,
ынтызарлығын, алаңдаушылығын және сол оқиғаға бей-жай қарамайтындығын
білеміз.
Жалпы қайталамалар мәтінде әртүрлі мағынада, әртүрлі реңде қолданыла
береді. Ол автордың жеке танымына, талғамына қарай өзгеріп, дамып отырады.
Көркем мәтінде қайталамалардың қалай қызмет ететіндігі туралы зерттеуші
Г.Әзімжанова мынадай пікір айтады: «Қайталама әдісін сөз зергерлері терең
психологиялық талдауға бару үшін пайдаланады. Қиын мәтіндерді түсіндіру
үшін, жеңілдету үшін қайталама әдісі қолданылады. Бір ойдан екінші ойға
логикалық байланыспен қатар жай байланыс туғызуға болады. Осы әдіс арқылы
оқырман шығарманың объективті қасиеттерін бойына сіңіреді, жазушыға іс-
әрекет, құбылысты ассоциативті байланыс арқылы шебер жеткізуге, өмір
шындығын салмақтай білуге, белгілі көңіл күй пернелерін дөп баса білуге
мүмкіндіктер ашады» [94].
«
Достарыңызбен бөлісу: