SOS! – деді Джонс айғайлап,
SOS! Ескерткішті біреу ұрлаған». Адам лексиконындағы әрбір сөз – оның өткен тарихы мен бүгінгі өмірінің
айқын көрінісі, нақты куәгері. Тілдің сөздік құрамы қоғам өмірінің саяси,
материалдық және басқа да салаларында тұрақты болып жататын өзгерістерді
барынша жылдам бейнелейді. Осындай экстралингвистикалық факторлардың
әсеріне байланысты тілде сөз мағыналарының тарылып, кеңейіп, ауысу немесе
мүлдем жойылып кету үдерістерінің болуы заңды құбылыс. Ал көркем
шығарма – сол көнерген сөздерді оқырман санасында қайта жаңғыртып, жаңа
мағына берудің бірден-бір көзі болып табылады. Әсіресе тарихи тақырыпқа
жазылған шығармаларда мұндай сөздер айрықша мәнге ие болады. Д. Исабеков
шығармаларының тілдік ерекшеліктерінің бірі – көнерген, қазіргі күн
тұрғысынан қарағанда мағынасы көмескіленген атаулардың жиі қолданылуы.
1. Айталық, бір әңгіменің тақырыбына арқау болған
«ақырамаш» сөзін басқа
шығармалардан да жиі кездестіреміз:
Қызыл топырақтың астынан қос құлақ боп қылтиып көрінген қоза жарықтық бейнет атаулыны жер бетіне өзімен бірге түгел ала шығып, қыр басындағы ауыл адамдарына сонау ақырамашқа дейін ес жиғызбайды («
Ақырамаштан наурызға дейін »).
Сонау ақырамаштың алғашқы суығында-ақ терезеге тұтылған қанар-қап су тиіп, енді қатты аяздан түйенің мойнағындай сіресіп қатып қапты («
Тіршілік »).
Сөздіктерде
«ақырамаш» сөзінің бірнеше мағынасы беріліп жүр: 1. Желтоқсан айы
(
Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі), 2. Белгілі бір науқанның, қарбалас
шақтың соңы, ақыры (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-том).
Жазушы бұл сөзді алғашқы мағынасында (ай атауы ретінде) қолданғаны
мысалдардан түсінікті болып тұр.
2.