Зерттеуматериалы ретінде жазушы Д. Исабековтің көркем мәтіндері
белгілі бір коммуникативті бірлік және кең коммуникативтік контекст ретінде
танылады.
Зерттеу жүргізу үшін көркем шығарманың прагматикалық әлеуетін
жасайтын және күшейтетін әр түрлі тілдік құралдар пайдаланылатын 700-ге
жуық мәтін үзінділері таңдалып, талданды.
Зерттеу дереккөзі ретінде: Исабеков Д. Қарғын: роман, повесть, әңгіме. –
Алматы: Жалын, 1980. – 280 б.; Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы
шығармалар.– Алматы: Жазушы, 1993. – Т 1.
544 б. жинақтары алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: - диссертация мазмұнының жаңалық сипаты көркем мәтіндердегі
құрылымдық-грамматикалық, лексика-фразеологиялық бірліктердің қолданыс
ерекшеліктерін қатысым мақсатымен байланысты мәтін прагматикасын
айқындайтын кешенді көзқарастан көрінеді;
- көркем мәтіндердегі ұлттық құндылықтардың тілдік көріністерін
прагматикалық
тұрғыдан
қарастыру
мәтінді
пропозициялық
және
коммуникативті-интенционалды байланыста зерттеуге мүмкіндік береді;
- жұмыста көркем мәтіннің прагматикалық әлеуетін жасауға және
күшейтуге ықпал ететін көріктеуіш тілдік құралдардың прагматикалық
бағытын анықтау да белгілі бір дәрежеде жаңалық болып саналады.
- қазақ тіл білімінде шығармашылық діттеміне сай ана тілінің шұрайын
ұтымды пайдалана білетін сөз шебері Д. Исабеков тіліне алғаш рет
прагмалингвистикалық талдау жасалады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы қазақ тіл білімінде
коммуникация теориясын оның прагматикалық аспектісі тұрғысынан одан әрі
дамытуға, тілдік бірліктердің мәтін құраушы әлеуетін зерттеу мәселелерін
9
шешуге,
сонымен
қатар
прагмалингвистиканың,
лексикологияның,
функционалдық стилистика мен мәтін лингвистикасының жекелеген
мәселелерін зерделеуге белгілі бір дәрежеде өзіндік үлесін қоса алады.