121
түтіні жас кеудеңді қақ жарып», «тіршілікті құдыретті күн сәулесі
қытықтап оятып»
сынды кейіптеулер кездеседі. Ассоциациялық қабылдау
арқылы жазушы бірқалыпты, бірсарынды оқиға желісін өзінің ешкімге
ұқсамайтын қиялына сабақтап, оқырман назарын аударады.
Жазушының
тілдік-поэтикалық
парадигмасының
семантикалық
компоненттерінің бірі – ойды өзектеудің құрылымдық құралдары – қайталаулар
(лексикалық, семантикалық). Олар әлемнің тілдік бейнесінің концептуалды
жүйесінде сәйкесінше автор тілінің көрінісі болып табылады. Көркем
шығармада коммуникативтік мақсатқа сай қайталау амалын ұтымды қолдану
оқырманның мәтінді дұрыс әрі ерекше сезіммен қабылдауына әсер етеді, яғни
оның экспрессивтілігік қасиетін арттыра түседі. Әдетте синтаксистік
қайталаулар мәтіндегі сөйлемдерге дүркінділік, созылыңқылық, белгілі бір
құбылысты, іс-әрекетті мойындату сияқты екінші дәрежедеі коммуникативтік
мақсаттар үстейді. Академик Р. Сыздық шығармадағы қайталамалар жөнінде
мынадай пікір айтқан: «Шығарма тілін көріктеуде қайталама құбылысы – өте
ұтымды, әсерлі тәсіл қатарынан табылады. Ол стильдік категорияға жатады.
Атының өзі айтып тұрғандай, қайталама дегеніміз – бір сөздің (не тіркестің,
сөйлемнің) бір сөйлемде, не абзац, шумақ сияқты микротексте қайталанып
келтірілу тәсілі. Қайталаманы суреткер көркем тексте әр алуан стильдік мақсат
көздеп жұмсайды» [60, 100 б.]. Қайталаулар тілдің әр деңгейінде кездесетіні
белгілі (фонетикалық, лексикалық, синтаксистік). Соның ішінде лексикалық,
синтаксистік қайталаулар прозалық шығармаға тән болып келеді. Қазақ
тіліндегі қайталамаларды арнайы зерттеу нысанына айналдырған ғалым
О.Бүркіт «Қайталамалар және көркем текст композициясы» атты мақаласында
бұл амалдың көркем мәтінде атқаратын қызметін былайша жіктеп көрсетеді:
1) текстің бөлімдерін (бұл жерде микротекст туралы айтылып тұр) бір-
бірімен байланыстыру, яғни текстің жүйелілік, бірізділік ерекшелігін сақтау;
2) көркем текстің мағына желісін сақтау;
3) көркем текстің әсерлілігін күшейту [143, 32 б.].
Қайталамалар туралы айтқанда, олардың мәтінде орналасу және мәтіндегі
ойды байланыстыру қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінетінін де айта кету
керек. Олар:
контактілі, дистантты және аралас қайталамалар.
Контактілі
қайталамада редупликант (қайталаманың алғашқы сыңары) пен редупликатор
(қайталанатын екінші қайталанатын сыңары) бір-бірімен тығыз байланыста
болып, ара жігі ажырамай, бірінен соң бірі қолданылып отырады. Ал дистантты
қайталауда бірінші сыңар мен екінші сыңар арасы алшақ орналасып, автор
белгілі бір «қашықтық» сайын не туралы айтып отырғанын оқырман есіне
салып отыруы мүмкін. Қашықтықтағы қайталаудың мазмұны оқырман
қабылдауы арқылы анықталады: қайталанатын элементтер бір-бірінен едәуір
алшақ тұра алатындығына қарамастан, оқырман қайталаманы қабылдағанға
дейін жалғасады. Ал аталған қайталама түрлерінің араласа қолданылуы аралас
қайталама болып табылады.
Д. Исабеков шығармаларында да бұл коммуникативтік амал өнімді
қолданыс тапқан. Мәселен:
«
Достарыңызбен бөлісу: