Тарих философиясы
Тарих философисы – жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Оның тараулары бірінен соң бірі келетіндей және сондықтан бірін бірі алдын ала ұйғаратындай болып құрастырылған. Бірақ сол уақытта әрбір тарауға оның басқа тараулары кірігіп өтетіндей болып шығады. Тұтастық ретіндегі философияның тараулары сол мезгілде, оларда өзара қиысынды үйлескен, ерекше триадаларға үштіктерге біріктірілген. Бірінші үштікке мыналар енеді: 1) онтология (тұтастық әлем туралы ілім), 2) антропология (адам туралы ілім), 3) гносеология (таным туралы ілім).
Екінші триадаға енетіндер: 1) тарих философиясы, 2) мәдениет философиясы, 3) әлеуметтік философия.
Сондықтан, тарих философиясы қисынды түрде онтологияны, антропологияны, гносеологияны ұйғарады және өзінің дүниетанымдық пен методологиялық негіздері ретінде атап айтқанда олардың жалпылама принциптерін, категорияларын және ұғымдарын алады. Философияның кез келген тарауы және жалпы философия ретінде, тарих философиясы өз пәніні – тарихты жалпылық деңгейінде алады және зерттейді, сондықтан ол қандай жағдайда болмасын ғылым бөлімі ретіндегі тарихқа редукцияланбайды.
Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның жалпылама заңдылықтары, ал сонымен бірге тарихи зерттеудің методологиясы.
«Философия тарихы» термині дегенмен тек XVIII ғ. енгізілгенімен ( оны Ф.М. Вольтер, 1765 ж. жарияланған өзінің «Тарих философиясы» еңбегінде енгізді), философиялық тарихи идеялар тіпті көне заманда туындай бастайды. Солай, белгілі философ А.Ф.Лосев грек антигіндегі бұл идеялардың жалпылама суреттемесін берді. Нақтылы тарих философиясының негізінде қашанда уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антик тарих философиясы уақыттың қайталанбалы моделіне бағдарланған, сондықтан оның сол немесе басқа түрлеріне мәңгі қайтып келу идеясы тән болды. Батысеуропалық ортағасырлық тарих философиясы христиандық негізде тура сызықтық, бірақ түпкі уақыт моделіне сүйенді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих философиясы тура сызықтық шексіз уақыт моделіне бағдарланды. Антикалық та, ортағасырлық та тарих философиясы философияның дербес тарауы болып бөлінбеді, бірақ, айтпақшы, соңғының басқа тарауларында таратылып жіберілді. Ортағасырлық дәуірде оның үстіне тарихи философияның мәселелері қатоликтік теология шектерінде шешілді. Философиялық жүйенің дербес саласы ретінде оның қалыптасуы, қашан философия көпті немесе азды дін мен теологиядан эмансипацияланған, Жаіа дәуірде басталды. Ол Ф.М. Вольтердің, М.Ж. де Кондорсенің, Дж. Виконың, И.Г. Гердердің және әсіресе Г.В.Ф. Гегель мен К. Маркстің шығармашылығымен байланысты. Гегель «Тарих философиясы бойынша дәрістер» деп аталған еңбегін қалдырды, ал Маркстің бүкіл философиясы , Н.А.Бердяевтің дұрыс ескертуі бойынша, жүйе түрінде баяндалмағанына қарамай, ең алдымен тарих философиясы болып табылады». XX ғ. тарих философияның тұтас қатардағы баламалары пайда болды, олардың кейбіреулері осы томда көрініс тапқан.
Тарих философиясының бірнеше типологиялары бар. Біріншісі онтологиялық, материалды немесе субстанционалды тарих философиясы деп аталады, орыс дәстүрінде оны тарихисофия деп те белгілейді. Екінші типті сыни, рефлективтік немесе аналитикалық тарих философиясы деп атайды. Онтологиялық тарих философиясы тарихи процесті ерекше онтологиялық шындық ретінде, болмыстың бір деңгейі ретінде және адам өмір сүруінің негізгі бір кеңмәтіні ретінде зерттеуді және ұғынуды жүзеге асырады. Онтологиялық тарих философиясының негізгі міндеттеріне жататындары: 1) тарихи үдерістің мәнісін, оның мазмұнын, архитектоникасын, қозғаушы күштерін және басты заңдылықтарын ұғыну, 2) тарихи үдерісті жіктеу және кезеңдерге бөлу, тарихи кеңістік пен уақыттың ерекшелігін зерттеу, 3) тарихтың мақсаты, мағынасы және міндетінің бар немесе жоқ екендігі айқындау, тарихи үдерістегі ілгерілеу мен кері кетудің арақатынасын анықтау.
Рефлексиялық тарих философиясы тарихтың танымдық ерекшелігін түсінумен айналысады. Тарих философиясының бұл баламасының негізгі міндеттері мыналар:
1) тарихи зерттеудің ерекшелігі мен шектерін айқындау, оның концептуалдық аппараты мен методологиясын анықтау; 2) тарихи танымдағы түсіндіру мен ұғынудың арақатынасын, ондағы құндылық пайымдауларының рөлін және объективтік тарихи таным мен білімнің мұкіндіктерін тағайындау; 3) тарихи детерминизм мен тарихты жасайтын адамдардың еркін жігерінің арақатынасын анықтау.
Соңғы міндеттің сипаты рефлективтік тарих философиясын дәнекерлейтінін аңғару қиын емес. Бұл түсінікті де: толыққанды тарих философиясы екі бағыттың синтезі болуы керек және аталған міндеттердің бәрін шешуі қажет. Егер бұл типологияны ұстансақ, онда XX ғасырда, әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін онтологиялық тарих философиясы өз орнын рефлективтікке бере бастады. Оның негізінде тарихи процестің қозғаушы күштерін түсіндірмелеу сипаты жататын, басқа типологияға сәйкес бірнеше тарих философиясы жүйелері бар: 1) Құдай шешімін тарихтың қозғаушы күші деп есептейтін теологиялық тарих философиясы; 2) тарихтың қозғаушы күші сапасында трансценденттік заңдылықты немесе тағдырды алатын, метафизикалық тарих философиясы; 3) тарихтың қозғаушы күші деп идеяларды немесе адамның рухани өмірін есептейтін, идеалистік тарих философиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |