Аксолотльдің бауыр жасушалары: Боялуы: гематоксилин және эозин



бет7/22
Дата16.02.2022
өлшемі9,66 Mb.
#132003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
гиста препараты 115 (1)

Ұршықша жасушалар (веретеновидные клетки) — жануарлар организмінде кездесетін пішіні ұршық сабына ұқсас екі ұшы сүйір келген жасушалар. Олардың жуандау ортаңғы бөлігінде жасуша ядросы, оның маңында органеллалар орналасады. Ұршықша жасушаларға бірыңғай салалы ет жасушалары миоциттер, ми қыртысының көп пішінді жасушалар қабатындағы нейроциттер жатады.
Ширақша пішінді сперматозоид жасушалары. спермий (грек. spеrma – тұқым) – аналық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын ұрық жасушасы. Аталық жыныс жасушасы төменгі сатыдағы өсімдіктер бойында аталық гамета ретінде дамып жетіледі. Олардың аналық гаметаға қарағанда мөлшері ұсақтау келеді, үнемі қимыл-қозғалыста болатын талшықтары болады. Жануарларда спермийлер аталық жыныс безінде жетіледі. Оның пішіні ұзын жіпше тәрізді. Ол спермий басынан, мойнынан және құйрығынан тұрады. Басының көп бөлігін ядро (хромосомалардың гаплоидты жиынтығы) алып жатады. Сол хромосомалардың біреуі болашақ ұрықтың жынысын анықтайды, оны «жыныс хромосомасы» деп атайды. Спермий мойнын центриольдер құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет