Босану бөлімі
«Қауіпсіз ана» бағдарламасы бойынша ажыраған бала жолдасы жатырдан шығару дағдысын үйрену
Қажетті құрал-жабдықтар: Фантом, бала жолдасы, қысқыш,лоток
Қадамдар:
1.Босанушы әйелдің оң жғында тұрады
2.Бала жолдасының ажырау белгілерін анықтаңыз
3. Қысқышты әйел жыныс саңылауына жақын етіп ұстаңыз, кіндік бауын тартып ұстайды.
4.Сол қолдың алақанының қырын қасаға үстіне қояды
5.Қысқыштан тартып, плацентаны тудырады
6.Плацентаны бұрап отрып ұрық қабаттарын тудырыңыз
7.Сол қолды түбіне қойып, жатыр тонусы тексеріледі
Нәресте жолдасын тексеру
Қажетті құрал-жабдықтар: бала жолдасы, қысқыш, үлкен лоток
Қадамдар:
1.Плацентаның аналық бетін жоғары қаратып лотокүстіне жайып қояды
2. Екі дәке тампонының көмегімен қан ұйықтарын алып тастайды
3.Плацента кемістігі бар-жоғын анықтау үшін барлық бөліктерінің жиектерін бір-біріне сәйкес плацента бетін мұқият қарап шағу
4.Плацента аналық бетімен төмен қаратып ұрықтық бетін жоғары қаратып қарап тексереді.
5.Ұрық қабаттарының жарылған жерін анықтады неғұрлым мол плацентаға жақын орналасса , соғүрлым плацента бекуін анықтайды.
6.Қарап тексеріп болғасын плацентаның салмағын,қалыңдығын диаметрін анықтайды. Барлық мәліметтерді босану тарихына жазады. Егер әйелде экстрагениталды немесе акушерлік патология анықталса бала жолдасы гистологиялық зерттуге жіберіледі.
|