Ал ақпараттық жүйе



бет1/4
Дата03.07.2020
өлшемі0,89 Mb.
#74855
  1   2   3   4
Байланысты:
курсач Инкар



Кіріспе

Әр түрлі ұйымдар табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта кәсіпорын қызметінің кез келген түрін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолдану негізінде жұмыс істейді.

Автоматтандыру деп кәсіпорынның қызмет көрсету және жүргізу процесіндегі ерекшеліктерін ескере отырып арнайы ақпараттық жүйені әзірлеу деп түсінуге болады.Ал ақпараттық жүйе деп ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша қолданушыға жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешенін айтады.

Жалпы түрде автоматтандырылған ақпараттық жүйе - ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.

Жұмыстың мақсаты тапсырыс берушілерді көлік сатумен қызмет көрсететін фирмаларға көліктер жайлы жалпыма ақпарат беретін «Көліктер анықтамасы» мәліметтер базасын құру. Мақсатқа жету үшін қойылған есептер:



  • ақпараттық жүйе аспектілерін қарастыру;

  • мәліметтер базасын құру;

  • ақпараттық қамтамасыз етуді анықтау;

  • бағдарламалыққамтамасыз етуді анықтау;

  • «Көліктер анықтамасы» анықтамалық мәліметтер базасын құру.

Жұмыстың зерттеу объектісі: Microsoft Visual Studio C# программалау ортасы және мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған Microsoft Access бағдарламасы.

Қолданушылар көзқарасы бойынша мәліметтер қоры – ақпаратпен жұмыс жасайтын бағдарлама. Бұл бағдарламаны іске қосқанда экранда кесте шығады, мұнда қолданушы өзіне керекті ақпаратты ала алады.

Бағдарламалаушылардың көзқарасы бойынша мәліметтер қоры – файл жиынтығы, осы жиынтық ақпаратты сақтайды.

Мәліметтер қоры – ақпаратпен белгілі бір іс-әрекет жасауға болатын (қосу, жою, өзгерту, көшіріп алу, жүйелеу, сақтау, жинақтау және т.б.) жүйеленген мәліметтердің үлкен көлемінің сақталатын жері.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуді үйрену арқылы адамзат өміріндегі ақпаратты сақтау бойынша көптеген мәселелерді дұрыс, тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік алады. Ол ірі корпорация, техникалық завод, жеңіл өндірісінің фабрикасы, сауда орталықтары немесе кішігірім үй кітапханасы болсын мәліметтерді есепке алуға, оларды өңдеуге, сақтауға, қосуға, жоюға бағытталған әрекеттерге сұраныс міндетті түрде пайда болады.

C# (Си шарп) – .NetFramework және Microsoft-ң барлық болашақ өнімдері үшін өңдеудің негізгі ортасы сапасында Microsoft корпарациясында Эндерс Хейлсберг, Скотт Уилтамут және Питер Гоулд жасап шығарған жаңа тіл.

C# тілі – программалау тілдерінің шексіз эволюциясының кезекті сатысы. Ол соңғы жылдардағы компьютерлік тілдердің өңделуін анықтайтын адаптация мен дамып,жетілу процестеріне байланысты жасалған.

C# тілінде уақытпен тексерілген құралдар қазіргі засанғы жаңа технологиялардың көмегімен жетілдірілген. C# Windows операциялық жүйесін, интернет, компоненттер және тағы да басқабірге мәліметтерді есептік өңдеу ортасы үшін программа жазудың ең қолайлы және тиімді тәсілін береді.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

Жұмыстың бірінші тарауында ақпараттық жүйені құрудың негізгі аспектілері, ақпараттық жүйе түсінігі, ақпараттық жүйенің классификациясы жайлы сипатталады.

Екінші тарауында жалпы есептің қойылымы, ақпараттық қамтамасыз ету жайлы көрсетіледі. Ақпараттық жүйе жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені сипатталған. Бағдарламалық қамтамасыз ету, яғни ақпаратты автоматты өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар кешені қарастырылады.

Үшінші бөлімінде құрылған ақпараттық жүйеге арналған әдістемелік нұсқауы сипатталып жазылады.


1 Ақпараттық жүйені құрудың негізгі аспектілері



    1. Ақпараттық жүйе түсінігі

Жүйе болып кезкелген объект түсініледі. Жүйе-бұл белгілі бір жалпы белгілермен, мақсаттармен, қасиеттермен, өмір сүру, тіршілік ету, қызмет ету және т. б. жағдайлармен біріктірілген материалдық және материалдық емес объектілердің біртұтас жиынтығын құрайды. Жүйe құpaмы бoйыншa дa, бacты мaқcaты бoйыншa дa бір-біpінeн epeкшeлeнeдi.

Әр түрлі элементтерден тұратын және әр түрлі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған бірнеше жүйелерді мысалға келтірейік (кесте 1).
1 кесте

Әртүрлі жүйелердің мысалы




Жүйе

Жүйе элементтері

Мақсаты

фирма

қызметкерлер, құрал-жабдықтар,материалдар және т.б.

тауарларды өндіру

компьютер

электронды және электромеханикалық элементтер, байланыс желілері және т. б.

мәліметтерді өңдеу

телекоммуникациялық жүйе

компьютерлер, модемдер, кабельдер, желілік бағдарламалық қамтамасыз ету және т. б.

ақпаратты тасымалдау

ақпараттық жүйе

компьютерлер, компьютерлік желілер, қолданушылар, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету

ақпаратты өндіру

Aқпapaттық жүйe– қoйылғaн мaқсaтқa жeтy үшiн aқпapaттapды caқтay, өңдey жәнe бepyгe пaйдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.

Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет