Қалай табысты адам болу керек? Орындаған: Амангелді Диас Омарұлы Ораз Нұржігіт Бекжан Тексерген: Садуахасова Айгүл


Табысты болуға шабыттандыратын 8 қадам



бет4/6
Дата01.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#145674
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№4 шағын жоба

Табысты болуға шабыттандыратын 8 қадам

4. Көңілді болу

Кез келген жағдайдың жақсы жағын көре біліңіз! Есіңізде болсын, адамдар жақсы, көңілі жайсаң адамдардың маңына үйір болады. «Егер жағдай шынымен ауыр болса, онда қалайша көңілді боламыз?», — деп сұрауыңыз заңды. Сізге берер жауабымыз біреу-ақ: «Қазір сіздің басыңызда болып жатқан жағдай – сізге өмірлік тәжірибе!». Иә, өте құнды тәжірибе! Бұл жағымсыз жағдайлар өміріңізде болмағанда, сіз әлсіз, өмірге икемсіз болар едіңіз. Ол мәселе сізді шыңдады, мақсатыңызды айқындады!

Табысты болуға шабыттандыратын 8 қадам

5. Көмектесуге дайын болу

Сіздің көмегіңізге зәру адамға әрдайым қол ұшын беріңіз! Сіз өзгелерге көмектескен кезде тек жақсы іс тындырып қана қоймайсыз, өзіңізге ерекше көңіл күй сыйлайсыз. Ал сіздің елгезектігіңізге өзгелер тек қана алғыс жаудырып, батасын береді. Мұны әрдайым есіңізде ұстаңыз.

Табысты болуға шабыттандыратын 8 қадам

6. Күдіктен арылу

Сіздің шабытыңыз бітпейтін күдіктерден сөнуі мүмкін. Адамдардың барлығы өзіне деген сенімсіздіктің кесірінен бойындағы шабытты ойларды сақтай алмай қалып жатады. Әрдайым бірнәрсені дұрыс істемегендей күй кешеді. Сол себепті өзіңізге сенімді болыңыз! Өзіне деген сенімділік – адам бойындағы ең керемет қасиет. Онсыз өмірде ешбір табысқа да, жетістікке де жетпейсіз.

Табысты болуға шабыттандыратын 8 қадам

7. Өз жетістіктеріңнің өлшемін білу

Әрбір жетістікке жеткен сайын, өзіңізді мақтап, қанаттандырып отырыңыз. Есіңізде болсын, бойыңызда қандай да бір даму болса, есепке алыңыз. Тындырған шаруаңызды емес, жемісті болған ісіңізді алға қойыңыз.

Табысты болуға шабыттандыратын 8 қадам

8. Өзіңмен жарысу

Әрдайым өзіңізбен жарысыңыз! Егер сіз өзіңізді өзгелермен салыстыратын болсаңыз, бір күні шабытыңыз сарқылады. Олай етуді доғарыңыз! Тоқтатыңыз! Әр адамның өз өмірі, өз ойы бар. Оларды бір-бірімен салыстыруға келмейді. Өмір бойы біреумен бақталасып, жарысып өту ақымақтық. Сіздің күн сайын ақырындап жеңіп отыратын бақталасыңыз — әрине өзіңіз! Күн сайын өзіңізді басып озуға ұмтылыңыз. Мотивацияны көтерудің жолдарын іздеңіз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет