Алайда, 1920-1940 жылдары қамауға алынған көптеген азаматтардың тағдыры әлі де белгісіз күйінде қалып отыр



Дата11.01.2022
өлшемі29,61 Kb.
#111180
Байланысты:
тарих семинар


1.ҚР Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 жарлығына сәйкес 31 мымыр елемізде жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді.

Тарихшылардың мәліметі бойынша 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров және тағы басқалар.

1953 жылы  Сталин қайтыс болғаннан кейін еш кінәсіз сотталғандарға байланысты жазаны қайта қарау процесі басталды  және оларды босатыла бастады.



Алайда, 1920-1940 жылдары қамауға алынған көптеген азаматтардың тағдыры әлі де белгісіз күйінде қалып отыр.

Президенттің 1997 жылғы жарлығынан басқа, 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Бұл егеменді елімізде қабылданған ең алғашқы заңдардың бірі деп есептелінеді.
2.Президент шешімімен 1998 жыл Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық тарих жылы болып жарияланды. Зиялы қауым ел халқын осы екі маңызды рухани салаларға назар аударуға шақырды. Кеңестік тоталитарлық жүйедегі интернационалдық тәрбие, кеңестік патриотизм мен отаршылдық тарихи сана күн тәртібінен түсірілді. Тәуелсіздіктің рухани факторларын нығайтудың маңызы артты. Әсіресе, қазақ ұлтының өз тарихындағы нақты орнын ел халқына түсіндіру керек болды.

Ресей империясының макро­жүйесінде Қаз­ақстанның алатын орны ерекше. Оның айрықша қаралуы кезеңдік және гео­графиялық факторларға байланысты. Зерттеу­шілер импе­рия­лық көлемдегі ұлы­державалық ортақ саясат болмағанына тоқталады. Сонымен қатар, биліктің орыстандыру, ассимиляциялық және синхрондық немесе асинхрондық отарлауы саясатында арнайы жүйелілік сақтал­мады. Оның басты айғағы ретінде Ресей империясының Қазақстанда жүргізген институцианалды басқару, қоғамдық саясатына қатысты көзқарастарды қарастыруға болады. Жоғарыда айтылған пікірді нақты қандай методологиялық ұстаным аясында тарихи талдау жасауға болады? А.Каппелердің зерттеулерінде осы мәселеге қатысты көптеген мемлекет тарихшыларының пікірлеріне баға берілген. Автордың осы мәселеге қатысты пікірінде «Болашақта империя тарихын зерттеуде аймақтық ұстанымның инновациялық маңызы арта түседі. Түрлі кеңістіктегі поли­этникалық империялардың мәнін зерттеуде ұлттық-мемлекеттік дәстүрлі этноцентризмнен шығу мүмкіндігін аламыз. Ұлттық тарихтан ерекшелігі, мұнда этникалық және ұлттық фактор алғашқы ретінде қарастырылмайды, діни және түрлі этникалық топтың бейбіт өмір сүруі этникалық конфликтпен қатар қарастырылады. Басты бағыттардың ауысуы Ресей тарихына қатысты қалыптасқан дәстүрлі орталықтық көзқарастың өзін тоздырғанын байқатады» /1/. Империялық саясатты түсіндірудегі ай­мақ­тық ұстанымның жақтаушыларының бірі – Ресей тарихшысы А.В.Ремнев /2/. Ол ай­мақтық тарихты ол жердің халықтарының тарихымен алмастыруға болмайды, аймақтық әлеуметтік-мәдени орта, экономикалық және саяси-әкімшілік жүйе тұрғысынан қарастыру қажет деп пайымдайды. Тарихнамада қалыптасқан жаңа бағыт аймақтық ұстанымға кәсіби тарихшылар арасында күмәнмен қарайды, оның басты себебі нақты тұжырымның анықталмауында болып отыр. Тіптен «аймақ» түсінігі анықталмаған, түрлі территориялық ауқымға қатысты қолда­нылуында болып отыр. Аймақ түсінігі бір мемлекетке қатысты немесе түрлі мемлекетке қарасты аймақта кетеді. Ресей империясының Қазақстанды отарлау тарихы түрлі ұстанымдар тұрғысынан зерттеліп келеді. Алайда, Қазақстанның оң­түстігін осы аймақтық ұстаным тұрғысынан қарау қазіргі уақытта маңызды болып табылады. 

3. Қазақстанның мәдени мұра жобасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.

Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.

Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.



4.Туған жерім Алматы қаласы. Алматы – Қазақстанның ең ірі, әрі әсем қаласы, мәдени, ғылыми, қаржы, сауда, көлік-коммуникалық және туристік орталығы.  Алматы қаласы 1929-1997 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы ретінде өз тарихында республиканың бүкіл саяси, мәдени өмірін шоғырландырды. Алматыда ұзақ жылдар бойы мемлекеттің басқару мекемелері жұмыс істеді. Қазақстанның Тәуелсіздігі Алматы қаласында қабылданып, тәуелсіздігімізді таныған мемлекеттердің алғашқы елшілері осы қалаға келді. Қала 170 шаршы шақырымнан астам ауданды алып жатыр. Алматы аймағы төңірегінде табиғи қорықтар ұйымастырылған Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі,онда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстар мен аңдар және қаланың елтаңбасына айналған барыста бар.

Алматы сан мыңдаған жылдар бойы бабалар жасаған заттай мәдениеттің – обалар мен қоныстардың, қалалардың орнында дамып келе жатқан жаңа да көне мәдени қабатты қала. [1,52 б. ]. Қала орналасқан Іле Алатауының етегінде бүгінге дейін  тас, қола дәуіріне  жататын заттай ескерткіштер және сақ, үйсін, көне түріктер дәуірінің сан мыңдаған жерлеу және ғұрыптық ескерткіштері сақталған. Шарын өзенінің жоғарғы бөлігінен төменгі палеолит кезеңіне келетін құралдардың кездейсоқ табылуы соған дәлел. Жоғарғы палеолитке Алматының Жамбыл ауданындағы Майбұлақ тұрағы жатады. 80 шаршы метр жерге жүргізілген археологиялық қазба нәтижесінде тастан жасалған құралдар табылды[2,14б.]. Қола, темір, және ортағасырлық ескерткіштердің бірі-Алматының оңтүстік- шығысы, Көктөбе етегінде, Жарбұлақ өзенінің оң жағалауында орналасқан Бұтақты-1 археологиялық қонысы. Бұл қонысты археолог А.А.Горячев бірнеше жылдан бері зерттеуде. Қазба жұмысы барысында тастан жасалған дән үккіштер, келсаптар, келілер, сүйектен жасалған бұйымдар-тұмарлар табылды. Қыш пен қола бұйымдары табылған Бұтақты-І қонысын кейінгі қола дәуіріне жатқызуға мүмкіндік беред, деп негіздеме жасаған академик К.Байпақов[3,12б.]. 

5. «Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.

6. «Жас буынның ел тарихын білуінен бастап, мемлекет экономикасына дейінгі халықты толғандырған өзекті мәселелер турасында Елбасының осы уақытқа дейін айтылып келген тұжырымдары мен шешімдері бір арнаға тоғысып, жинақталды. Бұл – кез келген адамның ойын қозғап, пікірін өзгертетін, жөн сілтеп, бетін түзейтін келелі сөздерден құралған тарихта жазылар, ел жадында сақталар сөз болды десек, артық айтқандық болмас», - деді ол.

Тәуелсіздік алғалы бері талай рет айтылып, талқыға салынған, қызу пікірталастар мен ұсыныстарды бастан кешірген тіл мен дін мәселесіне Елбасы өз сұхбатында жан-жақты тоқталып, осы тұрғыдағы көзқарасын «тайға таңба басқандай» етіп жеткізді. Діни экстремизм мен жалған наным-сенім негізінде туындап жатқан лаңкестік оқиғалары белең алған заманда шынайы дінді жалған діннен айыра білу аса маңызды.

Мемлекеттік тілдің өзекті мәселесі төңірегіндегі пікірталастар да толастар емес. Кеңес үкіметі кезінде шұбарланып, тарихи тілімізден енді айырыламыз-ау деген кезеңде еліміз егемендік алып, ана тіліміз аман қалды. Мемлекеттік тіл дәрежесі беріліп, заңмен бекітілді. Содан бері қарай мемлекеттік тілді дамыту мақсатында талай іргелі істер жасалынып, түрлі жобалар жүзеге асты. Мемлекет басшысы да өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында мемлекеттік тіл мәселесін қозғап, осы орайда түрлі тапсырмалар беріп жатады. Ұлытау төріндегі сұхбатында да Елбасы осы түйткілді мәселеден айналып өте алмады.

«Біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да Елбасы қолдаған толеранттылық, басқаша айтсақ, өзіңдікін бағалай отырып, өзгелерге құрметпен қарау – мемлекет тұтастығының, халық бірлігінің негізі. Халқы тату елдің тамыры терең болады, тарауы кең болады. Шекарасы берік, экономикасы мығым болады. Ал экономикасы дамыған елдің халқы салауатты, тұрмысы салтанатты болады», - деді ол.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік алып, нарық талаптарын қабылдағаннан бері қарай Қазақстан экономикасын жаңа жолға қойып, жүйелі дамыту бағытына көшті. «Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешілмейді. Тіл де, дін де жайына қалады. Қазақтың да жағдайы жақсармайды» дейді өз сұхбатында Елбасы. Ал қазіргі жаһандану жағдайында, көптеген елдерде дағдарыс мәселесі толықтай шешілмеген кезеңде ел экономикасын үдемелі түрде алға дамыту мақсатында Қазақстан инновациялық даму жолын таңдады. Инновациялық экономика – мемлекет дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі.

«Өндірістен бастап, білім беру жүйесіне дейінгі барлық салаға жаңа идеялар мен тың бастамалар енгізіп, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын қабылдау, тағы басқа шаралар ел экономикасын бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу мақсатында жүргізіліп отыр. Бәсекеге қабілетті озат 30 елдің қатарына енеміз деп алдымызға ірі мақсат қойып отырған кезеңде ел экономикасын осы талапқа сай бағытта дамыту қазіргі қоғамда, әсіресе жас буын арасында үлкен қолдау табуда. Себебі жастар әрдайым жаңалыққа, ерекше идеялар мен жаңа технологияларға жақын болып келеді. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жастардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Сондықтан да білім жүйесіне инновациялық технологиялар мен жаңа бағдарламалар енгізіліп, модернизациялау жүріп жатыр», - деді ол.  

 «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен анықталады» дейді Елбасымыз. Білімді жастар – бәсекеге қабілетті жастар. Бәсекеге қабілетті жастар – Қазақстанның әлемдік аренада өз орнын иеленіп, экономикасы дамыған елдер қатарына енуін жүзеге асыратын жасампаз тұлғалар. Ал осындай азаматтары бар қоғамның іргесі ешқашан сөгілмейді, бақ-берекесі кемімейді.

«Қорыта айтар болсақ, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төрінде берген сұхбаты Қазақстанның әрбір тұрғынына ой салатын, алға қарай дамып, озуына түрткі болатын толғақты ой, толымды тұжырымға толы тарихи сөз болды.



7. Тәуелсіздік алған уақыттан бері бұл мәселеге мейлінше көп көңіл бөліне бастады. Әсіресе Елбасымыздың көреген саясатының арқасында, «Ұлттық тарих» жылы деген маңызды бағдарлама жүрді. Одан кейін «Мәдени мұра» деген мемлекеттік бағдарлама жүзеге асты. Елбасының Ұлытау баурайындағы сұхбатында елдің тарихы мен бүгіні жайлы толғамды пікірлер айтылды. Күні кеше ғана «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы үлкен тарихи оқиға болды. Осылардың барлығы – Елбасының ұлт тарихына, ұлттың рухани дүниесіне көрсетіп жатқан қамқорлығы және бағыт-бағдарының айқын көрінісі. Соның арқасында сақ-ғұн дәуірінің алтын адамдары мен қорғандары қазылды, күні кешегі Берел қорымынан табылған бабаларымыздың көл-көсір мұрасы, көк түріктердің алтын қазынасы бір орталыққа жиналып, әлем халқына ұсынылды. Соның арқасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Жазу тарихының» музейі ашылды. Орхон-Енисей ескерткіштерінің көшірмелері елге қайтып, ғылыми-зерттеу тұрғысынан кітап, жинақ болып шығарылды. Еуразия кеңістігіндегі түркі халықтарының қолданған жазу үлгілері әлемдік мәдениеттің аса құнды мұрасына айналды. Қазақ Хандығының 550 жылдығын дүбірлетіп тойладық. Осылардың барлығы – ұлт тарихына жасалып жатқан мемлекеттік саясаттың тиімді жемісі.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет