Алайда атқару қызметінің ойдағыдай өз қызметінің атқаруы проблемасы әлі де түпкілікті шешілген жоқ, өйткені сот шешімдерінің орындалуы бұл ықпалды және халықтың сеніміне ие бола алатын сот жүйесінің маңызды шарты



Дата02.05.2020
өлшемі414 Kb.
#65435
Байланысты:
Диплом

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Сот шешімдерінің орындалу мәселесіне Қазақстанда соңғы жылдары көп мән берілді, атқарушы қызмет туралы заңдардың жетілдірілуі, сот орындаушыларының материалдық-техникалық жағдайының жақсаруы – осының бәрі сот орын даушыларының жұмысын жеңілдетті және оң нәтижесін берді.

Алайда атқару қызметінің ойдағыдай өз қызметінің атқаруы проблемасы әлі де түпкілікті шешілген жоқ, өйткені сот шешімдерінің орындалуы бұл ықпалды және халықтың сеніміне ие бола алатын сот жүйесінің маңызды шарты.

Осыған орай сот шешімдерінің орындалмай қалған оқиғаларына жүргізілген талдау өндіріп алушылардың мүдделеріне кедергі болатын мәселелердің шеңберін анықтауға мүмкіндік туғызды.

Қазір борышкерлердің сот орындаушыларының өз жұмысын атқарған кезде оларға қарсы күш қолданып, қорқытып, тұрғын үйге кіргізбеу, өндіріліп алынуға тиіс мүлікті жасыру оқиғалары кездеседі. «Атқару қызметі туралы» заңына сәйкес осындай келеңсіз орын алған жағдайда атқару сот приставтарының көмегімен асырылады. Бірақ, «Сот приставтары туралы» заңында сот приставтарының бөлімшелері сот орындаушыларының жанында емес, соттардың жанында құрылатынын атап өту керек. Іс жүзінде сот приставтары сот залдарында тәртіпті, сот ғимараттарын қорғайды, осыған байланысты сот орындаушыларына уақыты жетпейді.

Келесі проблеманы кадр, сот орындаушыларының квалификациясының жеткілікті деңгейде және материалдық ынталандыру жүйесінің жеткілікті дәрежеде жетілмеуінің мәселелері құрап отыр. Міндетті және уақтылы орындау профессионализм мен атқару әрекетінің сауатты жасалуын талап етеді. Практика жүзінде кадрлардың жетіспеуі және олардың үнемі жаңартылуы атқару системасына кері ықпалын тигізуде. Сот орындаушылары үлкен ауыртпалық жағдайында жұмыс істейді, бұл сот шешімдерінің уақтылы орындауына кері ықпалын тигізеді. Осының барлығы дерлік міндетті түрде сот актілерінің уақытылы және толыққанды орындаулына кері әсерін тигізері сөзсіз анық. Соның нәтижесінде борышкерлерден тиісті төлемақыларды өтеп алу мүмкіндігі болмайды.

Сондықтан жоғарыда айтылған мәселелер азаматтық іс жүргізудегі сот актілерінің орындалуы ойдағыдай аспайтыны анық. Сондықтан да бұл мәселе өзектілігін айқындап отыр.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты азаматтық іс жүргізу процессінде сот актілерінің орындалу мәселесін қарастыру болып табылады.

Осы мақсатты келесідей міндеттердің көмегімен шешуге болады:


  1. Сот актілерінің түсінігін ашып беру және оның түрлерін анықтау;

  2. Атқарушылық іс жүргізу бойынша туындайтын қатынастардың табиғаты туралы жєне атқару өндірісінің Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде алатын орнын айқындау;

  3. Сот шешімдерін орындайтын тұлға, яғни сот орындаушының мәртебесі мен атқаратын рөлін көрсету;

  4. Қазіргі таңда заңнама негізінде сот актілерін орындау кезінде туындайтын мәселелерді қарастыру.

Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде азаматтық іс жүргізу процессінде сот шешімдерін орындау төңірегінде пайда болатын қатынастар.

Осы дипломдық жұмысты зерттеудің әдістемелік негізін келесідей әдістер құрайды: талдау, синтез, құрамды заңдық, салыстырмалы – құқықтық әдістер.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы - бұл жұмысты тәжірибелік сабақтарда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Осы жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытындыдан және қайнар көздерден тұрады.

Бірінші тарау біршама қайнар көздер арқасында сот актілерінің түсінігін беруге; сот актілерінің түрлерін айқындап беруге бағытталған.

Екінші тарауда азаматтық іс жүргізудегі сот шешімдерін орындаудың негізгі жүйесіне; осы сот актілерін орындайтың тұлғалардың құқықтық мәртебесін анықтауға көзделген.

Үшінші тарау бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында сот актілерін орындауда туындайтын мәселелерді қарастыруға арналған.

Жұмысты жазу кезінде мынадай атақты заңгерлердің еңбектері қолданылды: Егембердиев Е.О. Атқарушылық іс жүргізу (оқу құралы) / Астана - Фолиант.; Қаракулов Н. Сот – құқықтық жүйесін дамыту. Сот жүйесіне сенім // Заң және заман.; Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: в двух томах. –Т.1.Общая часть: Учебник.- Алматы: КазГЮА.; Тұрғараев Б. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық қатынастардың ұғымы мен мазмұны. // Тураби.; Гражданский кодекс РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Кн.1. / Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю. Г. Басин.- Алматы: Жеты Жарғы.; Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы; сондай-ақ көптеген басылымдық газет – журналдағы мақалалар басымды орынды алады және т.б.


1 СОТ АКТІЛЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Сот актілерінің түсінігі

Алдымен сот актілерінің орындалу мәселесі қарастырудан бұрын, бізге жалпы сот актілерің түсінігін және оның түрлерін анықтап алған жөн. Сот азаматтық iстер бойынша АIЖК-нiң 21-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес шешiмдер, ұйғарымдар, қаулылар және бұйрықтар нысанында сот актiлерiн қабылдайды.

Заңды күшiне енген сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулылары, азаматтық iстер бойынша бұйрықтары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс.

Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АIЖК-нiң 217-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады. [2]

Шешiмнiң құрылымы мен мазмұны туралы АIЖК-нiң 220, 221-баптарының талаптары iс жүргiзудiң барлық түрлерi (талап қою бойынша iс жүргiзу, ерекше талап қоюмен және ерекше iс жүргiзу) үшiн мiндеттi. Заңмен көзделген жағдайларда (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын даулау жөнiндегi iстер бойынша, заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң конкурстық өндiрiсi шеңберiнде қаралатын iстер бойынша) сот актiлерi соттың ұйғарымы нысанында қабылданады.

Сот бұйрығы даусыз талаптар бойынша шығарылады, олардың түбегейлi тiзбесi АIЖК-нiң 140-бабында көрсетiлген және оның мазмұны АIЖК-нiң 146-бабының талаптарына сай келуге, сондай-ақ борышкердiң мәлiмделген талапқа оның қарсылығын беру тәртiбi мен мерзiмi туралы түсiндiрменi қамтуға тиiс.

Бiрiншi сатыдағы сот шешiмдi Қазақстан Республикасының атынан сот отырысында заңға және нақты дау бойынша сот анықтаған фактiлерге қатаң сәйкестiкте шығарады.

Тараптардың, талапкердiң не жауапкердiң жағынан қатысатын үшiншi тұлғалардың, iске қатысатын басқа да тұлғалардың түсiнiктемелерi, куәлардың жауаптары, сарапшылардың, мамандардың анықтамалары шешiмде үшiншi жақтан келтiрiлiп жазылады. Сот шешiмiнiң мәтiнiне ресми құжаттарда қолданылмайтын, қабылданбаған қысқартулар мен сөздердi қолдануға, сот түсiнiктеме бермеген түзетулердi енгiзуге болмайды.

Шешiмдi судья кеңесу бөлмесiнде жазбаша түрде дайындайды және оның қолдан жазылуы, машинкада немесе компьютерде басу әдiсiмен бiр дана етiп жасалуы мүмкiн. Шешiмге судья қол қояды, содан кейiн ол iстiң талқылануы аяқталған нақ сол сот отырысында iске қатысқан тұлғалар алдында жарияланады.

Iс бойынша шешiм жарияланған күн шешiмнiң шығару күнi болып табылады.

Заңмен белгiленген жазбаша түрде дайындалмаған және судья қол қоймаған ауызша қорытындыларды жария ету сот шешiмi болып табылмайды.

Сот шешiмi АIЖК-нiң 14-бабына сәйкес белгiленген сот iсi жүргiзiлетiн тiлде жазылуға тиiс.

Сот iсi жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн iске қатысқан адамдарға iс бойынша шығарылған сот актiлерiн олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн басқа тiлге аударып беруге сот мiндеттi.

АIЖК-нiң 218-бабына сәйкес сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс.

Шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен, адалдық, парасаттылық пен әдiлдiк (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң 5-бабы және АIЖК-нiң 6-бабы) талаптарынан туындағанда, заңды болып табылады.

Iс үшiн маңызы бар фактiлер, заң талаптарына сай сот отырысында өндiрiлген осы фактiге қатысты жол берiлген және шынайы дұрыс дәлелдермен құпталса немесе дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға мәлiм мән-жайларға сәйкес келсе немесе iс бойынша жинақталған дәлелдемелер дауды шешу үшiн жеткiлiктi болса, ондай шешiм негiздi болып саналады.

Сот актiлерi шешiм нысанында iстi мәнi бойынша қараған кезде шығарылады. Шешiмнiң қарар бөлiгiне мәнi бойынша қаралмаған талап-арыз талаптары бойынша сот қорытындыларын енгiзуге жол берiлмейдi. Осы талаптар бойынша сот қорытындылары шешiмнен бөлек ұйғарым нысанындағы (арызды қараусыз қалдыру, iс жүргiзудi қысқарту туралы) сот актiсiнде баяндалуға тиiс.

АIЖК-нiң 220-бабына сәйкес мәнi бойынша дауды шешу кезiнде сот кiрiспе, дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын қысқаша (қысқартылған) шешiм шығарады.

Қысқаша (қысқартылған) шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы сот анықтаған iстiң мән-жайлары, оларды қолдайтын дәлелдемелер, сот қорытындылары, сондай-ақ сот басшылыққа алған заңдар келтiрiледi. Дәлелдемелер олардың толық мазмұны ашылмай-ақ баяндалуы мүмкiн.

Шешiм заңды күшiне енгенге дейiн тараптардың жазбаша өтiнiшi бойынша не өзiнiң қалауы бойынша сот кiрiспе, сипаттау, кеңейтiлген дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығарады. Бұл орайда қабылданған сот шешiмi мәнi бойынша қысқаша (қысқартылған) шешiмге қарама-қайшы келмеуге тиiс.

Толық негiзделген шешiм тараптың жазбаша өтiнiшi түскен сәттен бастап бес күндiк мерзiмде шығарылуға тиiс. Дәлелдеме шешiмде қысқаша (қысқартылған) шешiмде көрсетiлген датаға сәйкес дата көрсетiледi. Iске мiндеттi түрде қысқаша (қысқартылған) шешiм мен толық негiзделген шешiм қосылуға тиiс.

Сырттай iс жүргiзу тәртiбiмен iс қаралған кезде қысқаша (қысқартылған) шешiм шығаруға жол берiлмейдi. Сот кiрiспе, баяндау, дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығаруға мiндеттi.

Сырттай шешiмнiң қарар бөлiгiнде жауапкердiң осы шешiмдi бұзуы туралы арызды беру мерзiмi мен тәртiбi, сондай-ақ оған шағымданудың тәртiбi көрсетiлуге тиiс.

Егер дәлелдемелердi жинау соттың тапсырмасын орындау тәртiбiмен жүргiзiлсе, онда сот өз шешiмiн ол тапсырмаларды сот отырысында жария етiп, зерттеген жағдайда ғана оларды дәлелдемелер ретiнде негiздеуге құқылы. Егер iске қатысушы тұлғалар немесе АIЖК-нiң 72-бабының тәртiбiмен тапсырманы орындаған сотқа түсiнiктемелер немесе жауап берген iске қатысушы тұлғалар немесе куәлар iстi қарайтын сотқа келсе, олар түсiнiктемелерi мен жауаптарын жалпы тәртiппен бередi.

АIЖК-нiң 74-76-баптарымен көзделген тәртiппен дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiнде iс жүргiзу әрекеттерi жүргiзiлуi мүмкiн. Бұл орайда жиналған дәлелдемелер (хаттамалар және басқа материалдар) сот отырысында зерделенген жағдайда, сот осы дәлелдемелермен шешiмдi негiздеуге де құқылы.

Сарапшының қорытындысы басқа дәлелдемелерге қарағанда басымдыққа ие болмайды және сот үшiн мiндеттi болып табылмайды. Ол басқа дәлелдемелердiң жиынтығында бағалануға тиiс. Сарапшы қорытындысын бағалау шешiмнiң толық негiзделген бөлiгiнде берiлуге тиiс. Бұл орайда сот сарапшы қорытындыларының немен негiзделгенiн, сараптамаға ұсынылған материалдардың толық зерделенгенiн оларға тиiсiнше талдау жасалғанын көрсетуге тиiс. Сарапшының қорытындысымен келiспейтiндiгiн сот өз шешiмiнде негiздеуге мiндеттi.

Егер сараптама жүргiзу бiрнеше сарапшыларға тапсырылса, олардың әрбiрi сараптамалық зерттеу нәтижесi бойынша жекелеген қорытындылар берген болса, онда сот әрбiр сарапшының қорытындысымен келiсетiнiн не келiспейтiнiн негiздеуге тиiс.

АIЖК-нiң 96-бабының 6-бөлiгiне сәйкес дәлелдемелер ретiнде тек сараптама қорытындысына дейiн сарапшының сот отырысында ауызша берген түсiнiктемелерi қабылдануы мүмкiн.

АIЖК-нiң 71-бабына орай қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген талап-арызды қанағаттандыру құқығы танылған сот үкiмi осы үкiммен кiнәлi болып танылған адамның азаматтық-құқықтық қатынасынан туындаған iс үшiн мiндеттi. Сонымен қатар бұл үкiмнiң: бұл әрекеттер орын алды ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкiммен белгiленген басқа да мән-жайларға және олардың құқықтық бағалануына қатысты преюдициялық маңызы бар. Осындай қылмыстық iстен туындайтын талап-арызды қарайтын сот жауапкердiң кiнәлiлiгiн талқылауға құқылы емес, алайда, шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде азаматтық iсте бар, берiлген соманың көлемiн (мысалы, жауапкердiң мүлiктiк жағдайын немесе жәбiрленушiнiң кiнәсiн есепке алу) негiздейтiн дәлелдемелердi келтiруге құқылы.

Бұрын қаралған азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген сот шешiмiмен белгiленген мән-жайлар сот үшiн мiндеттi және нақ сол адамдардың қатысуымен басқа азаматтық iстердi қарау кезiнде қайтадан дәлелденбейдi.

Әкiмшiлiк iстер жөнiндегi актiлермен және прокурордың, тергеу және анықтау органдарының актiлерiмен анықталған фактiлер мен мән-жайлардың азаматтық iстердi қарау кезiнде преюдициялық маңызы болмайды. Олар жалпы тәртiппен анықталуға тиiс.

АIЖК-нiң 49-бабының мәнi бойынша талап-арызды мойындау жауапкердiң құқығы болып табылады. Егер жауапкердiң талап-арызды мойындауы қандай да бiр адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайтын болса, онда сот шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде талап-арыздың мойындалғанын және оның сотпен қабылданғанын көрсетедi.

Егер сот дәлелдемелердi әрқайсысын жеке және жиынтығында бағалай отырып, кейбiр ұсынылған материалдар, куәлардың айғақтары, басқа да нақты деректер әр тараптың өз талаптары мен қарсылықтары туралы мән-жайларын құптамағандығын анықтаса, онда ол бұл туралы қорытындыларын шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде негiздеуге мiндеттi.

Сот отырысында соттың сұратуы бойынша тараптың дауды дұрыс шешу үшiн маңызы бap дәлелдемелердi ұстап қалу және оны ұсынбау фактiсi анықталған болса, онда сот шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде дәлелдемелердiң жиынтығын негiзге алып, бұл дәлелдемелерде қамтылған мәлiметтердi АIЖК-нiң 66-бабының 10-бөлiгiмен көзделген талаптарды ескере отырып бағалайды.

Шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде соттың осы құқықтық қатынастарға қолданған материалдық заңды және сот басшылыққа алған iс жүргiзу нормаларын көрсету қажет.

АIЖК-нiң 219-бабының 2-бөлiгiне және 49-бабының 2-бөлiгiне сәйкес сот iстi талапкер мәлiм еткен талаптар шегiнде шешедi және талап-арыздың мәнiн немесе негiздемесiн өз бастамасы бойынша өзгертуге құқығы жоқ. Алайда, сот шешiм шығара отырып, егер мұндай шешiм талапкердiң құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерi үшiн қажет деп санаса, сондай-ақ заңда көзделген басқа да жағдайларға байланысты болса, талапкердiң келiсiмiмен сот талаптардың шегiнен шығуы мүмкiн. Мәселен, ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы шешiм шығарумен бiрге баланы асырауға алименттi өндiру жайлы сот шешiм қабылдауға құқылы ("Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 3-тармағы, 71-бабының 5-тармағы). [3]

Талап-арыздың мәнi талапкердiң (арыз берушiнiң) нақты талаптарымен келiсiледi және жүгiнушiнiң құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделерi бұзылуының немесе бұзылуына қауiп төнуiнiң мәнi көрсетiле отырып, материалдық-құқықтық талап ретiнде анықталады.

Талап-арыздың негiздемесi деп мүдделi адам көрсеткен, өзiнiң талап-арызының мәнi болып табылатын материалдық-құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына әсер ететiн фактiлер түсiнiлуге тиiс.

Талап-арыздың мөлшерiн ұлғайтуды немесе азайтуды, мәселе талап-арыздың көлемiн нақтылау туралы болғандықтан, талап-арыздың мәнiн өзгерту ретiнде қарауға болмайды.

Шешiмнiң қарар бөлiгi дәлелдеу бөлiгiнде белгiленген нақты мән-жайлардан туындайтын соттың қорытындысы болуға тиiс.

Шешiмдi орындау кезiнде айқынсыздықтар мен даулардың болмауы үшiн шешiмнiң қарар бөлiгiн сот анық және түсiнiктi болатындай етiп жазуға мiндеттi.

Шешiм талапкердiң мәлiмделген барлық талаптары бойынша қабылданады.

Бiр iс бойынша бiрнеше талаптар қосылған болса, немесе сот қарсы талап-арызды, не даудың мәнiне дербес талаптарын мәлiмдеген үшiншi тұлғалардың талап-арызын қарауға қабылдаған жағдайда, шешiмнiң қарар бөлiгiнде әрбiр талап бойынша кiмнiң, қандай нақты әрекеттердi және кiмнiң пайдасына, дауланған құқықтың қай тараптың пайдасына шешiлгенi соттың қаулысында нақты қорытындыланып көрсетiлуге тиiс.

Iске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен мiндеттерi туралы мәселенi шешуге соттың құқығы жоқ.

Сондай-ақ заңда көрсетiлген басқа да мәселелер, атап айтқанда: сот шығындарының өтелуi, сот шешiмiне шағымдану тәртiбi мен мерзiмi, шешiмнiң орындауға қабылдану мерзiмi және оның орындалуын қамтамасыз ету мен орындау жөнiндегi шаралар, талап-арыздың орындалуын қамтамасыз ету туралы мәселенiң күшiн жою не сақталуы шешiлуге тиiс.

Мәлiмделген талаптардан толық немесе iшiнара бас тарту туралы шешiм шығару кезiнде ол кiмге қатысты және неден бас тартылғаны дәл көрсетiлуге тиiс. [4]

АIЖК-нiң 100-бабына сәйкес сот шығындары iс бойынша мемлекеттiк баждан және iс жүргiзуге байланысты кеткен шығындардан тұрады.

Мемлекеттiк баж сомасын анықтау кезiнде сот "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң нормаларын басшылыққа алуға тиiс (Салық кодексi).

Iс бойынша пайда болған шығындарды iстi қарау және шешу, сондай-ақ ол жөнiнде шығарылған шешiмдi орындау кезiнде мүдделi тұлғалардың нақты көтерген шығындары құрайды. Iс бойынша iс жүргiзуге байланысты шығындардың үлгi тiзбесi АIЖК-нiң 107-бабында қамтылған.

Қай тараптың пайдасына шешiм шығарылса, сот АIЖК-нiң 110-бабына орай екiншi жақтан, оның алғашқыда сот шығындарын өтеуден босатылғанына қарамастан, барлық шығындарды содан өндiредi.

Талапкер талап-арыздан бас тартқан кезде ол шеккен шығындардың орнын жауапкер толтырмайды. Егер талапкер талап-арыз берiлгеннен кейiн жауапкердiң оларды ерiктi түрде қанағаттандыруы нәтижесiнде өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талапкердiң өтiнiшi бойынша талапкер шеккен сот шығындары мен өкiлдiң көмегiне төлеу жөнiндегi шығындарды жауапкерден өндiрiп беруге құқылы.

Талап-арыз iшiнара қанағаттандырылған кезде сот талапкер шеккен шығындарды талап-арыздың сотпен қанағаттандырған талаптарының мөлшерiне барабар, ал жауапкерге - талап-арыз талаптарының талапкерге бас тартылған бөлiгiне барабар тағайындайды.

Процеске қатысушы өкiлдердiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындар тараптың нақты шеккен шығындары мөлшерiнде өндiрiлiп алынуы мүмкiн екенiн, бiрақ ақшалай талаптар бойынша өндiрiлетiн сома талап-арыздың қанағаттандырылатын бөлiгiнiң он процентiнен аспауға тиiс екенiн соттардың ескергенi жөн (АIЖК-нiң 111-бабы).

Бiрнеше жауапкерi бар iстер бойынша шешiмдер шығару кезiнде олардан сот шығындары ортақ қатынаста емес, үлестiк қатынаста өндiрiлiп алынады.

Белгiлi бiр құқықты тану туралы iстер бойынша талап-арызды қанағаттандыру кезiнде сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде тек құқықтың бар екенi ғана емес, сонымен бiрге бұл танудың әкеп соғатын құқықтық салдарларын (мысалы, неке жарамсыз деп танылған кезде мұндай некенi тiркеу туралы акт жазбасы жойылады) көрсетуге мiндеттi.

Азаматтық кодекстiң 127-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында белгiленген құны бойынша қолдануға мiндеттi заңды төлем құралы теңге болып табылады. Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы талап-арыздар бойынша талаптарды қанағаттандыру кезiнде АIЖК-нiң 223-бабын қолдануға қатысты шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлiп алынатын сомалардың мөлшерi цифрлармен және сөздермен, Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi - теңгемен көрсетiлуге тиiс. Мерзiмдi төлемдердi өндiрiп алу кезiнде сот өндiрiп алу жүргiзiлетiн кезеңдi көрсетуге мiндеттi.

Ақша сомасын шетел валютасымен өндiрiп алу кезiнде сот шетел валютасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шешiм шығаратын күнге белгiлеген бағамы бойынша теңгеге айналдыру жөнiндегi есептердi шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде келтiруге мiндеттi.

Сот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен, салық және кеден заңнамаларында көзделген, сондай-ақ тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгi болған ("Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы) жағдайларда, валюта операциясын жасау кезiнде пайда болған құқықтық қатынастар бойынша ақша сомасын шетел валютасы түрiнде өндiрiп алу туралы шешiм шығаруға құқылы.

Сот мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) мен шешiмдерiн заңсыз деп тану туралы iстер бойынша арызды қанағаттандырған жағдайда, шешiмнiң қарар бөлiгiнде дауланып отырған әрекеттi (әрекетсiздiктi) немесе шешiмдi заңсыз деп тануға тиiс. Сот АIЖК-нiң 282-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн толығымен қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдайды, шешiмнiң қарар бөлiгiнде бұл жөнiнде көрсетiлуi тиiс.

Нормативтiк құқықтық актiнi заңға толық немесе iшiнара қайшы деп тану туралы iстер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары қанағаттандырылған жағдайда, сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде мұндай актiнi акт қабылданған сәттен бастап толығымен не оның бiр бөлiгi қолданылуға жатпайды деп тануға мiндеттi. Сот сондай-ақ нормативтiк құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарын сот шешiмi туралы хабарламаны сот белгiлеген мерзiмде жариялауға мiндеттейдi.

Сот мүлiктi заттай алып беру кезiнде шешiмнiң қарар бөлiгiнде мүлiктiң жеке анықталған белгiлерiн және құнын көрсетедi.

Ортақ меншiктегi мүлiктi пайдалану не осындай мүлiктi (жер учаскелерi, үй құрылыстары және т.б.) бөлу тәртiбiн анықтау кезiнде сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде тараптардың әрқайсысына берiлетiн мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен шегiн, сонымен қатар ортақ пайдалануда қалған мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен шегiн, өтетiн жерлердiң мөлшерi мен шекарасын, кiрiп-шығатын жерлердi әзiрлеу, шарбақтар орнатуды, үй-жайларды қайта жоспарлау тәртiбi мен назар аударуға лайық басқа да мән-жайларды анық әрi дәл көрсетуге тиiс.

Шешiмнiң қарар бөлiгiнiң мазмұны iстiң жекелеген санаттары бойынша қаралып отырған қатынастарды реттейтiн материалдық және iс жүргiзу құқығы нормаларына сәйкес келуге тиiс. Атап айтқанда:

а) некенi бұзу туралы iстер бойынша шешiмнiң қарар бөлiгi тараптардың барлық сұрақтары бойынша, оның iшiнде бiрлесiп қарау үшiн бiрiктiрiлген (некенi бұзу, алименттi өндiрiп алу, бiрлесiп жинаған мүлiктi бөлу және т.б) талаптары бойынша сот тұжырымдарымен қамтылуға тиiс. Сондай-ақ некенiң бұзылуын тiркеу үшiн қажеттi мәлiметтер, атап айтқанда: некенiң тiркелген күнi, акт жазбасының нөмiрi, некенi тiркеген органның атауы, ерлi-зайыптылардың неке туралы куәлiк бойынша тектерi, ерлi-зайыптылардың неке қиылғанға дейiнгi тектерi; некенiң бұзылғанын тiркеу үшiн тараптар арасында "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 498-бабымен белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттiк бажды бөлу туралы көрсетiлуге тиiс.

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының қайсысымен бiрге тұратыны туралы ерлi-зайыптылар арасында келiсiм болмаған жағдайда, сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде кәмелетке толмаған балалардың неке бұзылғаннан кейiн кiммен бiрге тұратынын анықтап көрсетуге тиiс.

Шешiмнiң осы бөлiгiнде сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап некенiң бұзылатыны көрсетiлуге тиiс;

б) ұл (қыз) асырап алу туралы iстер бойынша өтiнiш негiздi болған жағдайда сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде АIЖК-нiң 317-5-бабы бойынша өтiнiштiң қанағаттандырылғаны туралы көрсетедi. Асырап алушылардың (асырап алушының) өздерiн баланың ата-аналары (ата-анасы) ретiнде жазу туралы өтiнiшi болған жағдайда, сот баланың тууы туралы акт жазбасына ата-аналарына қатысты, баланың туған күнi мен жерi туралы өзгерiстердi енгiзу туралы мәселенi шешедi;

в) өндiрiсте болған жазатайым жағдай фактiсiн анықтау туралы арызды қанағаттандыра отырып, сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде болған жазатайым жағдайдың уақыты мен орнын, жазатайым жағдайға ұшыраған адамның тегiн, атын және әкесiнiң атын, сондай-ақ өндiрiспен байланысты жазатайым жағдайды тану туралы көрсетуге мiндеттi.

Соттар iс жүргiзудi қысқарту кезiнде АIЖК-нiң 247-бабында көзделген негiздемелердiң кеңiнен түсiндiруге жатпайтынын ескеруге тиiс. АIЖК-нiң 247-бабының 1) тармақшасына сәйкес даудың сот қарауына жатпайтындығына байланысты iс жүргiзудi қысқарта отырып, сот осы iстiң кiмнiң қарауына жататынын және мүдделi тұлғаның қайда жүгiнуi керектiгiн ұйғарымда көрсетуге тиiс.

Тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмге келуiне және оны соттың бекiтуiне байланысты, АIЖК-нiң 247-бабының 4) тармақшасының негiздемесi бойынша iс жүргiзу қысқартылған жағдайда, сот ұйғарымның қарар бөлiгiнде бiтiмгершiлiк келiсiмнiң шарты, егер тараптар осындай тәртiптi көздесе, сот шығындары мен өкiлдiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды тараптардың арасында бөлудiң тәртiбi көрсетiледi. Тараптар арасында сот шығындарын бөлудiң тәртiбi туралы келiсiм болмаған жағдайда, сот бұл мәселенi АIЖК-нiң 111 және 115-баптарында көзделген тәртiппен шешуге мiндеттi.

Сот АIЖК-нiң 249-бабында көрсетiлген негiздемелер бойынша талап-арызды қараусыз қалдырады, олардың тiзбесi түпкiлiктi болып табылады. Сот ұйғарымда iстiң сотта қаралуына кедергi келтiрiп отырған мән-жайларды қалай жоюға болатынын көрсетуге тиiс.

АIЖК-нiң 230-бабына орай шешiмдi шығарған сот өз бастамасы немесе iске қатысып отырған тұлғалардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды немесе анық арифметикалық қателердi түзетуге құқылы. Түзетулердi енгiзу туралы мәселе шығарылған шешiмнiң орындалған-орындалмағанына қарамастан, бiрақ ол мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкiн уақыттың iшiнде заңмен белгiленген мерзiмнiң шегiнде шешiлуi мүмкiн.

Шешiм дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, ол заңды күшiне енгеннен кейiн орындалады. Сот АIЖК-нiң 237-бабында көрсетiлген iстер бойынша шешiмдердi шығару кезiнде, талаптар қанағаттандырылған жағдайда, оның қарар бөлiгiнде сот шешiмiнiң мiндеттi түрде дереу орындалатынын көрсетедi.

Егер айрықша мән-жайлардың салдарынан шешiмдi орындаудағы кiдiрiс өндiрiп алушы үшiн елеулi шығынға әкеп соғуы мүмкiн болса немесе шешiмдi орындау мүмкiн болмаса (мысалы, талапкерге берiлген мүлiктiң жойылуы) сот талапкердiң өтiнiшi бойынша шешiмдi дереу орындатуы мүмкiн. Сот шешiмiн дереу орындау туралы мәселе шешiмдi шығару кезiнде шешiлуi мүмкiн. Шешiмдi дереу орындау туралы өтiнiш шешiм шығарылғаннан кейiн де қаралуы ықтимал, мұндай жағдайда өтiнiш iске қатысушы адамдарға отырыстың өткiзiлетiн орны мен уақыты туралы хабарлана отырып, сот отырысында қаралады, алайда олардың қатыспауы осы мәселенi шешуге кедергi болмайды. Шешiмдi дереу орындау туралы ұйғарым кеңесу бөлмесiнде шығарылады және iске тiгiледi.

АIЖК-нiң 100-бабына сәйкес сот шығындары iс бойынша мемлекеттiк баждан және iс жүргiзуге байланысты кеткен шығындардан тұрады.

Мемлекеттiк баж сомасын анықтау кезiнде сот "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң нормаларын басшылыққа алуға тиiс (Салық кодексi).

Iс бойынша пайда болған шығындарды iстi қарау және шешу, сондай-ақ ол жөнiнде шығарылған шешiмдi орындау кезiнде мүдделi тұлғалардың нақты көтерген шығындары құрайды. Iс бойынша iс жүргiзуге байланысты шығындардың үлгi тiзбесi АIЖК-нiң 107-бабында қамтылған.

Қай тараптың пайдасына шешiм шығарылса, сот АIЖК-нiң 110-бабына орай екiншi жақтан, оның алғашқыда сот шығындарын өтеуден босатылғанына қарамастан, барлық шығындарды содан өндiредi.

Талапкер талап-арыздан бас тартқан кезде ол шеккен шығындардың орнын жауапкер толтырмайды. Егер талапкер талап-арыз берiлгеннен кейiн жауапкердiң оларды ерiктi түрде қанағаттандыруы нәтижесiнде өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талапкердiң өтiнiшi бойынша талапкер шеккен сот шығындары мен өкiлдiң көмегiне төлеу жөнiндегi шығындарды жауапкерден өндiрiп беруге құқылы.

Талап-арыз iшiнара қанағаттандырылған кезде сот талапкер шеккен шығындарды талап-арыздың сотпен қанағаттандырған талаптарының мөлшерiне барабар, ал жауапкерге - талап-арыз талаптарының талапкерге бас тартылған бөлiгiне барабар тағайындайды.

Процеске қатысушы өкiлдердiң көмегiне ақы төлеу жөнiндегi шығындар тараптың нақты шеккен шығындары мөлшерiнде өндiрiлiп алынуы мүмкiн екенiн, бiрақ ақшалай талаптар бойынша өндiрiлетiн сома талап-арыздың қанағаттандырылатын бөлiгiнiң он процентiнен аспауға тиiс екенiн соттардың ескергенi жөн (АIЖК-нiң 111-бабы).

Бiрнеше жауапкерi бар iстер бойынша шешiмдер шығару кезiнде олардан сот шығындары ортақ қатынаста емес, үлестiк қатынаста өндiрiлiп алынады.

Белгiлi бiр құқықты тану туралы iстер бойынша талап-арызды қанағаттандыру кезiнде сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде тек құқықтың бар екенi ғана емес, сонымен бiрге бұл танудың әкеп соғатын құқықтық салдарларын (мысалы, неке жарамсыз деп танылған кезде мұндай некенi тiркеу туралы акт жазбасы жойылады) көрсетуге мiндеттi.

Азаматтық кодекстiң 127-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында белгiленген құны бойынша қолдануға мiндеттi заңды төлем құралы теңге болып табылады. Ақша сомаларын өндiрiп алу туралы талап-арыздар бойынша талаптарды қанағаттандыру кезiнде АIЖК-нiң 223-бабын қолдануға қатысты шешiмнiң қарар бөлiгiнде өндiрiлiп алынатын сомалардың мөлшерi цифрлармен және сөздермен, Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi - теңгемен көрсетiлуге тиiс. Мерзiмдi төлемдердi өндiрiп алу кезiнде сот өндiрiп алу жүргiзiлетiн кезеңдi көрсетуге мiндеттi.

Ақша сомасын шетел валютасымен өндiрiп алу кезiнде сот шетел валютасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шешiм шығаратын күнге белгiлеген бағамы бойынша теңгеге айналдыру жөнiндегi есептердi шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде келтiруге мiндеттi.

Сот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен, салық және кеден заңнамаларында көзделген, сондай-ақ тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгi болған ("Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы) жағдайларда, валюта операциясын жасау кезiнде пайда болған құқықтық қатынастар бойынша ақша сомасын шетел валютасы түрiнде өндiрiп алу туралы шешiм шығаруға құқылы.

Сот мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) мен шешiмдерiн заңсыз деп тану туралы iстер бойынша арызды қанағаттандырған жағдайда, шешiмнiң қарар бөлiгiнде дауланып отырған әрекеттi (әрекетсiздiктi) немесе шешiмдi заңсыз деп тануға тиiс. Сот АIЖК-нiң 282-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн толығымен қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдайды, шешiмнiң қарар бөлiгiнде бұл жөнiнде көрсетiлуi тиiс.

Нормативтiк құқықтық актiнi заңға толық немесе iшiнара қайшы деп тану туралы iстер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары қанағаттандырылған жағдайда, сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде мұндай актiнi акт қабылданған сәттен бастап толығымен не оның бiр бөлiгi қолданылуға жатпайды деп тануға мiндеттi. Сот сондай-ақ нормативтiк құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарын сот шешiмi туралы хабарламаны сот белгiлеген мерзiмде жариялауға мiндеттейдi.

Сот мүлiктi заттай алып беру кезiнде шешiмнiң қарар бөлiгiнде мүлiктiң жеке анықталған белгiлерiн және құнын көрсетедi.

Ортақ меншiктегi мүлiктi пайдалану не осындай мүлiктi (жер учаскелерi, үй құрылыстары және т.б.) бөлу тәртiбiн анықтау кезiнде сот шешiмнiң қарар бөлiгiнде тараптардың әрқайсысына берiлетiн мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен шегiн, сонымен қатар ортақ пайдалануда қалған мүлiк бөлiгiнiң мөлшерi мен шегiн, өтетiн жерлердiң мөлшерi мен шекарасын, кiрiп-шығатын жерлердi әзiрлеу, шарбақтар орнатуды, үй-жайларды қайта жоспарлау тәртiбi мен назар аударуға лайық басқа да мән-жайларды анық әрi дәл көрсетуге тиiс.

АIЖК-нiң 238-бабына сәйкес шығарылған сот шешiмiн дереу орындау туралы сот ұйғарымына жеке шағым беру, жеке наразылық келтiру мұндай ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады. Сонымен қатар, соттың шешiмiн дереу орындауды қолданудан бас тарту туралы сот ұйғарымына сот шешiмiнен бөлек шағымдануға, наразылық келтiруге болмайды.

Сот АIЖК-нiң 239-бабына сәйкес, дереу орындауға жiберiлмеген сот шешiмiнiң АIЖК-нiң 15-тарауымен белгiленген талап-арыздың орындалуын қамтамасыз ету тәртiбiмен орындалуын қамтамасыз ете алады. Бұл орайда шешiмнiң орындалуын қамтамасыз ету мәселесi iстi мәнi бойынша қараумен бiр мезгiлде шешiлуi мүмкiн, бұл жөнiнде шешiмнiң қарар бөлiгiнде көрсетiледi, не талап-арызды қамтамасыз ету туралы мәселенi шешу үшiн көзделген тәртiппен шешiм қабылданғаннан кейiн сот ұйғарымын шығару жолымен шешiлуi мүмкiн.

Шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерi, АIЖК-нiң 425-бабына сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының заңымен немесе халықаралық шарттарымен көзделсе, шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш жыл iшiнде Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн. Мұндай шешiмдi орындау мүдделi тараптың өтiнiшi бойынша Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң шешiм орындалатын орны бойынша белгiлеген соттылық қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы сотының ұйғарымымен жүргiзiледi.

Әдетте өтiнiшке:

- мәжбүрлеп орындату туралы рұқсат сұралып отырған шешiмнiң тиiсiнше куәландырылған көшiрмесi;

- шешiмнiң заңды күшiне енгенi туралы ресми құжат, егер осы мән-жай шешiм мәтiнiнен байқалмайтын болса;

- өзiне қарсы шешiм шығарылған тараптың iс жүргiзу әрекетiне қабiлетсiздiгi жағдайында тараптың немесе оның өкiлiнiң процесс туралы тиiсiнше хабардар болғанын растайтын дәлелдемелер;

- шешiмнiң iшiнара орындалғаны туралы белгiсi бар атқару құжаты, егер осындай шешiм болған жағдайда;

- келiсiм-шарт бойынша соттылық туралы iстер жөнiнде тараптардың осы мәселе бойынша келiсiмiн растайтын құжат қоса тiркеледi.

Мәжбүрлеп орындатылатын шешiмдi тану және iске асыру туралы шешiмдi қарайтын сот шешiмнiң мәжбүрлеп орындатылуы мүмкiн мән-жайларды анықтаумен шектеледi.

Сот шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға рұқсат сұратылып отырған басқа тарап:

- дауды құзыреттi емес соттың қарағаны;

- iстiң процесс туралы хабардар етiлмеген тараптың қатысуынсыз қаралғаны;

- шешiмдi мәжбүрлеп орындатуға ұсынудың үш жылдық мерзiмiнiң өткенi;

- осы тараптар арасында сол мәселе және сол негiздер бойынша бұрын заңды күшiне енген шешiмнiң болуы туралы дәлелдемелердi ұсынған жағдайда, сот шешiмiн мәжбүрлеп орындатқызудан бас тартуға құқылы.

Сот АIЖК-нiң 234-бабына сәйкес алып берiлген ақша сомасын индекстеу туралы ұйғарым шығаруға құқылы. Индекстеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сот шешiмi орындалатын күнгi қайта қаржыландыру ставкасы негiзге алына отырып, шешiм заңды күшiне енген күннен бастап борышкер ақшалай мiндеттеменi нақтылы орындаған күнге дейiнгi кезеңге есептеледi.

Iске қатысатын тұлғаларға отырыстың өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы хабарланып индекстеу туралы арыз сот отырысында қаралады, алайда олардың келмей қалуы арызды қарауға кедергi болмайды. Алып берiлетiн соманы индекстеу туралы арыз бойынша материалдар азаматтық iс материалдарына тiгiледi.

АIЖК-нiң 234-бабының тәртiбiмен сот ұйғарымы бойынша өндiрiлген ақшалай сомалардың индекстелуiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.

Сот қосымша шешiмдi тек АIЖК-нiң 231-бабында көзделген жағдайларда және шешiмдi орындаудың заңмен белгiленген шегiнде iстi қарау кезiнде анықталған нақты мән-жайлардың негiзiнде ғана шығаруы мүмкiн.

Егер сот шешiмiне апелляциялық шағым берiлсе немесе наразылық келтiрiлсе, сонымен бiрге қосымша шешiм шығару туралы мәселе қойылса, онда сот ең алдымен қосымша шешiм шығару туралы мәселенi шешiп, содан кейiн iстi апелляциялық сатының қарауына жiберуге мiндеттi.

Соттың қосымша шешiм шығару нысанында шешiмнiң мазмұнын өзгертуге не сот отырысында зерттелмеген жаңа мәселелердi шешуге құқығы жоқ.

Шығарылған шешiм түсiнiксiз болған жағдайда, шешiм шығарған сот iске қатысушы адамдардың арызы бойынша шешiмдi түсiндiруге құқылы. Егер шешiм орындалса немесе мәжбүрлеп орындату үшiн ұсынудың заңмен көзделген мерзiмi өтiп кетсе, шешiмге түсiндiрме жасауға жол берiлмейдi. [5]

Сот шешiмдi түсiндiру кезiнде оның мазмұнын өзгертуге, сондай-ақ сот шешiмiнде көрсетiлмеген мәселелердi талқылауға құқығы жоқ.

АIЖК-нiң 233-бабының ережесi мәжбүрлеп орындатуға жiберiлмеген шешiмдерге қатысты қолданылады, ал шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, орындау әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселенi iске қатысушы тұлғалардың арызы бойынша iстi қараған сот қарайды.

АIЖК-нiң 240-бабының ережесi сот шешiмi, сот бұйрығы мәжбүрлеп орындату үшiн ұсынылған және атқару iсi қозғалған жағдайларда қолданылады. Шешiмдi немесе сот бұйрығын орындатуды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, шешiмдi немесе сот бұйрығын мәжбүрлеп орындатудың әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы өтiнiштi немесе арызды iс бойынша қаулы қабылдаған немесе шешiм шығарған сотқа, сондай-ақ сот қаулысы орындалатын жердегi сотқа, сот орындаушысы немесе атқарушылық iс жүргiзушi тарап бередi.

Соттар арызды қарау кезiнде iс жүргiзу әрекеттерiн қиындататын немесе жүргiзуге мүмкiндiк бермейтiн өтiнiштердi, мән-жайларды негiздеу үшiн келтiрiлген дәлелдемелердi мұқият зерттеулерi қажет. Осы орайда сот қаулысының уақтылы және толық орындалуының өндiрiп алушының заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталғанын назарда ұстаған жөн.

Сот арыз (өтiнiш) қанағаттандырылған жағдайда ұйғарымда кейiнге қалдырудың қолданылатын мерзiмiн, ал шешiм, сот бұйрығын орындау мерзiмi ұзартылған жағдайда - борышкерден қарызды өтеу үшiн өндiрiп алуға жататын мерзiмдiк төлемдердiң мөлшерiн көрсетуге тиiс.

Егер сот қаулысын орындауды кейiнге қалдыруға немесе ұзартуға негiз болған мән-жайлар бұрын сот ұйғарымында көрсетiлген күннен бұрын жойылса, онда сот өндiрiп алушының арызы не сот орындаушысының өтiнiшi бойынша кейiнге қалдыру мен ұзарту әрекеттерiн тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

Жаңаша жазулар мен арифметикалық қателер туралы, қосымша шешiм шығару, шешiмдi түсiндiру туралы, шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру және ұзартуды, орындау әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы арыздар мен өтiнiштердi қараған кезде сот iске қатысушы тұлғаларға сот отырысының өткiзiлетiн күнi, уақыты мен орыны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы осы мәселелердi қарау үшiн кедергi болмайды. [7]

Заңды күшiне енген сот шешiмi бұзылған жағдайда және осы шешiмнiң орындалғаны туралы нанымды мәлiметтер болған жағдайда iстi қайтадан қараған сот АIЖК-нiң 240-1-бабына сәйкес, жаңа шешiм қабылдау кезiнде шешiмнiң орындалуын бұрып атқару туралы мәселенi қарауға мiндеттi.

Егер сот iстi жаңадан қарау кезiнде бұзылған шешiм бойынша шешiмнiң орындалуын бұрып атқару туралы мәселенi шешпесе, онда жауапкердiң мұндай арызы iске қатысушы тұлғаларға, ал қажет болған жағдайда - бұзылған шешiмдi орындаған органға хабарлана отырып жеке сот отырысында қаралады. Сот iстi қараудың нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарады.

Сот отырысына келмеген iске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға сот АIЖК-нiң 241-бабына сәйкес шешiм шығарылған уақыттан кейiн бес күннен аспайтын мерзiмнен кешiктiрмей шешiмдi жiберуге немесе оның көшiрмесiн беруге мiндеттi.


1.2 Сот актілерінің түрлері

Азаматтық іс жүргізуде сот төралқасының қадағалаушылық іс жүргізу тәртібімен шығарылған кесімдері сот қаулысы деп аталады. Сот ісін жүргізуде сот қаулысын апелляциондық инстанцияда, қадағалау инстанциясында істі қайта қарау нәтижелері бойынша тиісті деңгейдегі сот төралқасы қабылдайды. Заңи күшіне енген сот кесімдерін қайта қарау кезінде үкімнің, шешімнің күшін жою, оны өзгерту немесе өзгеріссіз қалдыру туралы сот қаулысы шығарылады. Сот алқасының қаулысы дауыс беруге қатысушы алқа мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және оған сот төрағасы қол қояды.

Сот шешімі- істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы (ҚР АІЖК 217-б.1-б.).Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан Кониституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысуы мүмкіндігі қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады.Әр азаматтық істі мәні бойынша қарағаннан кейін сот шешім шығарумен аяқтайды.

Сот шешімі мынандай төрт бөліктерден тұрады:

1) кіріспе бөлігін-шешім шығарылатын уақыт пен орын; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; сот приставы; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.

2) Сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын ,жауапкердің қарсылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.

3) Дәлелдеу бөлігі істің сот анықтаған мән-жайлары,құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері.

Қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту турулы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін , сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс.

ҚР АІЖК 217-бабына сәйкес, істі негізі бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы шешім түрінде шығарылады. Сот шешімдерінің түрлері: кәдуілгі және сырттай; қысқаша және дәлелелді; дереу орындалатын және уақытылы орындалатын.

Сот шешімінің құрылымы: кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөлімдерінен тұрады.

Сот шешімді Қазақстан Республикасы атынан шығарады. Сот шешімі заңды және негізді болуға тиіс. Сот шешімді сот мәжілісінде зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді (ҚР АІЖК 218-бап).

Кеңесу бөлмесінде, сот жабық түрде төрағалық етушінің басшылығымен ҚР АІЖК 219-бабында бекітілген келесі деректілік және құқықтық түрдегі сұрақтарды талқылайды және шешеді: шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, осы іс бойынша қандай заң қолдануға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын – жатпайтынын айқындайды. Сот істі талапкердің талаптарының шегінде шешеді. Алайда талапкердің келісуімен сот, егер бұл талапкердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қажет деп тапса, сондай-ақ көзделген басқа да жағдайларда, талапкер мәлімдеген талаптардың шегінен шығуы мүмкін. Сот іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтауды немесе дәлелдемелерді қосымша зерттеуді қажет деп тапса, істі мәні бойынша қайта қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады.

Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған барлық қатысушы судьялар қол қояды. Шешімге түзету судьялардың қол қоюының алдында айтылуға тиіс (ҚР АІЖК 221-бап). Қол қойылғаннан кейін және судьялардың сот мәжіліс залына келгенінен кейін судья шешімді жариялайды.

Сот шешіміндегі қателіктерді шығарған соттың өзі түзете алады. Оның тәсілдері мынадай:

1) шешімдегі арифметикалық қателерді түзету; (АІЖК-нің 230-бабы).

2) қосымша шешім шығару; (АІЖК- нің 231-бабы);

3) шешімді түсіндіру. (АІЖК-нің 232-бабы).

Сот шешімі күшіне енгенге дейін ешкім де істі соттан сұрап ала алмайды . Шешім заңды күшіне енгеннен кйін істі заңмен қарсылық білдіруге уәкілетті адам ғана қадағалау тәртібімен сұратып ала алады.Сот түпкілікті түрде шешім шығарған кезден бастап 15 күн өткеннен кейін заңды күшіне енеді, егер оған апелляциялық тәртіпте шағым немесе наразылық берілмесе (ҚР АІЖК 235-б,334-б.3- Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда ,егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 235-б.3-б.368-б.).

Сырттай шешімнің заңды күшіне енуі ҚР АІЖК 235-бап талаптарына сай жүзеге асырылады. Шығарған шешімдер, егер оларға шағым немесе наразылық келтірілмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.

Сот шешімін дереу орындау – шешімді заңды күшіне енгенше орындау. АІЖК дереу орындаудың екі түрін қарастырады:

1) ҚР АІЖК-нің 237-бабы бойынша міндетті (заңмен қарастырылғанда, мысалы, алимент өндіру, жалақы өндіру, жұмысқа қайтаалу, денсаулыққа келтірілген және асыраушысынан айрылуына байланысты зиянды өтеп алу туралы шешімдер);

2) ҚР АІЖК-нің 238-бабы бойынша факультативті (сот талапкердің өтініші бойыша шешімді дереу орындатуы мүмкін).

Іс негізі бойынша қарастырылмаған болса, бірінші сатыдағы сот актісі - ұйғарым түрінде шығарылады.

Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы материалдық құқықтық дауларды қарастырмайды. Ұйғарымның шешімнен айырмашылығы осында.

Мазмұнына байланысты және іс бойынша процестің дамуына әсер етуіне байланысты бөлінеді:

1) істің жүрісін басқару, ұйымдастыру бойынша ұйғарымдар. Мұндай ұйғарымдар процестің пайда болуы мен дамуына бағытталған: арызды қабылдау, арызды қозғаусыз қалдыру, істі тоқтата тұру, процеске қатысушыларды тарту, қарсылықтарды шешу және т.б.

2) әзірлеу ұйғарымдары процеске қатысушылардың құрамын бекітуге, процессуалдық материалдарды жинауға байланысты шығарылады;

3) қиюшы ұйғарымдар процессуалдық әрекеттердің пайда болуына немесе жүзеге асырылуына бөгет жасайды, мысалы, арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым және т.б.

4) қорытындылау ұйғарымы істің шешімді шығарусыз аяқталуына әкеледі;

5) жеке ұйғарымдар;

Сотпен қаулы етілген ұйғарым кеңесу бөлмесінде заңмен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады. Мұндай ұйғарым сот мәжілісінің хаттамасына енгізіледі.

Сот ұйғарымы- істі мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі (ҚР АІЖК 251-б.1-б.).

Сот ұйғарымын мазмұны, субьектісі, нысаны, шығару тәртібі және шағымдану әдісі бойынша жіктеуге болады.

Мазмұны бойынша;

Әзірленумен байланысты ұйғарым- бұл азаматтық істі қозғау туралы, істі сотта қарауға әзірлеу туралы істі сотта іс қарауға тағайындау ұйғарым.

Қорытынды ұйғарым- мүдделі тұлғалардың өз еркілері бойынша істі қысқарту жөнінде ұйғарым.

Сот шешімін жүзеге асыруы бойынша ұйғарым- бұл сот шешімінің қателіктерін түзетуге және оны жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ұйғарым.

Жеке ұйғарым- сот отырысында іс қарау кзінде ұйымдар, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдар заңдылықты бұзған жағдайда сотпен қабылданатын ұйғарым.

Субьектісі бойынша ұйғарымдар белгілі бір тұлғаға арналған мысалы, заң бұзұлушылықты жою туралы, еріксіз келтіру туралы. [8]

Нысаны бойынша ұйғарымды дербес іс жүргізу құжаты немесе сот отырысының хаттамасына енгізілу түрде шығарылады.

Шығару тәртібі бойынша ұйғарымдар судьямен жеке –дара немесе алқалы құрамада шығарылады, ол туралы сот отырысының хаттамасына белгілейді.

Шағымдану әдісі бойынша ;

4. апелляциялық тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар;

5. қадағалау тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар.

Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалардың атқару органдарының басшыларын басқару қызметін атқаратын өзге де тұлғалар деп түсінген жөн.

Сот жеке ұйғарымды дербес іс жүргізу құжаты түрінде, қаралған іс бойынша сот актісімен бір уақытта, кеңесу бөлмесінде шығарады.

Бұйрықтық өндірістің түсінігі және мәнісі. Бұйрықтық өндірісті қозғау. Сот бұйрығы. Сот бұйрығының күшін жою.

ҚР АІЖК талап өндірісімен бірге сот өндірісінің жаңа бір түрін қарастырады, ол – бұйрықтық өндіріс.

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерден немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта істі қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады (ҚР АІЖК, 139- бап). Бұл актінің мәнісі оның атауында – сот бұйрығы, яғни субъектілерге құқық нормаларымен қарастырылған белгілі бір мінезқұлықты белгілеп беретін мемлекеттік-билік ету органының құқыққолдану актісі.

Жеке ұйғарымның мазмұны шешілетін істердің және жол берілген заңдылық бұзушылықтың сипаты ескеріле отырып, АІЖК-нің 252-бабының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Жеке ұйғарымның дәлелдеме бөлімінде соттардың заңдылық бұзушылыққа жол берілгені туралы тұжырым жасауына негіз болған дәлелдер көрсетіліп, жол берілген заңдылық бұзушылықтың мәні ашылуы, талаптары бұзылған нақты нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ әрекеттері (әрекетсіздіктері) заңдылықтың бұзылуына әкеліп соқтырған тұлғалар көрсетілуге тиіс.

Жеке ұйғарымда іс бойынша мүдделі тұлғалардың әрекеттеріне қатысты нақты нұсқаулар немесе ұсыныстар болмауға тиіс, сондай-ақ кінәлілердің құқықтық жауапкершілігінің түрі мен шаралары да белгіленбеуге тиіс.

Жеке ұйғарымның қарар бөлімінде ұйымдардың атауы мен орналасқан жері көрсетілуге, сондай-ақ жеке ұйғарымды орындамаудың, жауапсыз қалдырудың немесе жеке ұйғарым бойынша мерзімінде жауап бермеудің салдары, жеке ұйғарымға шағым келтіру құқығы мен тәртібі туралы АІЖК-нің 253-бабы екінші бөлігінің ережелері түсіндірілуге тиіс.

Шығарылған жеке ұйғарым қаралатын іс бойынша сот отырысында жарияланады.

АІЖК-нің 253-бабының 1-тармағына сәйкес, ұйымдар, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де тұлғалар, жеке ұйғарымды алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде ол бойынша қабылданған шаралар туралы соттарға хабарлауға міндетті.

Жеке ұйғарымдар қараусыз қалдырылған не оларда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылданбаған, сондай-ақ жеке ұйғарымдарға жауап дәлелді себептерсіз мерзімінде берілмеген жағдайда, соттар лауазымды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 520-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

Әкімшілік жазаны қолдану жеке ұйғарым бойынша қабылданған шаралар туралы сотқа хабарлау міндетінен тиісті лауазымды тұлғаларды босатпайды.

Егер сот жеке ұйғарым шығару үшін негіздердің болғанына және жеткіліктілігіне қарамастан жеке ұйғарым шығармаса, онда келесі сатыдағы сот АІЖК-нің 253-бабында бекітілген тәртіпте сот актісінің заңдылығын тексере отырып, өзі жеке ұйғарым шығаруға құқылы.

Жеке ұйғарымдарға заңда бекітілген тәртіпте жеке шағымдар, наразылықтар келтірілуі мүмкін. [9]

Егер жеке ұйғарымдар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын тұлғалар істерді қараған кезде қатыспаса, оларға қатысты жеке ұйғарымдар шығарылғаны туралы білмесе және (немесе) заңмен белгіленген шағымдану мерзімін өткізіп алса, олар сондай-ақ жеке ұйғарымдарға шағым беруге құқылы.

Жеке ұйғарымда көрсетілген заңдылықты бұзушылық анықталмаған жағдайларды қоспағанда, сот актісінің күшін жою жеке ұйғарымның күшін жоюға әкеп соқпайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына және 2-бабының 3-1-тармағына, АІЖК-нің 5-бабына сәйкес, қадағалау және кассациялық сот сатылары сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және бостандықтарын қорғауға бағытталған мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады.

Заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес, судьялар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында қарастырылған негiздер мен тәртiп бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты болады.

Тараптардың, басқа да процеске қатысушылардың, лауазымды немесе басқа да тұлғалардың іс-әрекеттерінде қылмыс белгілері анықталған жағдайда, соттар бұл туралы прокурорға хабарлайды.

Істерді қараған кезде бірінші сатыдағы соттар тарапынан заңдылықтың бұзылғанын анықтаған жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттар АІЖК-нің 346-бабының негізінде жеке ұйғарымдар шығара алады.

Егер бірінші сатыдағы соттар шешімнің күшін жоюға негіз болған құқық нормаларының өрескел бұзылуы мен қателіктерге жол берген болса, апелляциялық сатыдағы сот бұл туралы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 39-бабында және «Республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік сот алқалары туралы» Ереженің 22-24-тармақтарында көрсетілген тәртіпте шешілетін жеке ұйғарымның дәлелдеме бөлімінде көрсете алады. [10]

Бұйрықтық өндірістің түсінігі және мәнісі. Бұйрықтық өндірісті қозғау. Сот бұйрығы. Сот бұйрығының күшін жою.

ҚР АІЖК талап өндірісімен бірге сот өндірісінің жаңа бір түрін қарастырады, ол – бұйрықтық өндіріс.

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерден немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта істі қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады (ҚР АІЖК, 139- бап). Бұл актінің мәнісі оның атауында – сот бұйрығы, яғни субъектілерге құқық нормаларымен қарастырылған белгілі бір мінезқұлықты белгілеп беретін мемлекеттік-билік ету органының құқыққолдану актісі.

Сот бұйрығы сот шешімімен ұқсас болғанымен сот шешімінің түрі болып табылмайды. Сот бұйрығы судьямен жалпы ереже бойынша емес, азаматтық іс жүргізудің қарапайым ережелері бойынша беріледі. Сот бұйрығы сот шешімі сияқты атқарушылық құжат күшінеие болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі (ҚР АІЖК 139-бабының 3-тармағы).

Қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңдарына қарапайымдандырылған өндірісі енгізу өте орынды және тәжірибелі дәлелденген. АІЖК-де бекітілген азаматтық істің сипаты мен күрделілігіне, дәлелдемелердің мазмұнына, сапасына байланыссыз барлық сатыны өту процедурасы қарапайымдандыруды, процессуалдық форманы жеңілдетуді талап етті. Қарапайымдандырылған процедураны енгізу соттың азаматтық істердің біразын тез қарастыруын мақсат етіп, бұзылған құқықтар мен қорғалатын заңды мүдделердің тиімді қорғалуын қамтамасыз етеді.

Өндіріс арыз беруші деп аталатын несие берушінің, яғни мүдделі тұлғаның бастамасымен қозғалады. Арыз берушінің талабы бағытталған субъект - борышкер деп аталады.

ҚР АІЖК 140-бабына сәйкес сот бұйрығы шығарылады:

1. егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;

2. егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;

3. егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;

4. егер әкеліктің белгілеуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттілігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

5. егер азаматтардан және заңды тұлғалардың салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегін өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

6. егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімдеген болса;

7. егер жауапкер немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;

Арыз жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 141- бабы).

Сотқа сот бұйрығы үшін жүгіну талап өндірісі бойынша дауланатын соманың 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуді қарастырады. Сот бұйрығын шығартуға сотқа жолданудың заңда бекітілген барлық талаптарын сақтаған жағдайда сот арызды қабылдайды. Бұйрықтық өндіріс судьяның арнайы ұйғарым қабылдауымен қозғалады.

Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайта қарау негіздері ҚР АІЖК 143-бабында қарастырылған.

Мәлім етілген талаптың мәнісі бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап 5 күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады (ҚР АІЖК 145-бап).

Сот бұйрығы сот талқысын өткізбей-ақ, жауапкерді, арыз берушіні шақырмай-ақ, олардың түсініктерін тыңдамай-ақ беріледі. Егер белгіленген мерзім ішінде жауапкерден қарсылық түспесе, судья өндіріп алушыға соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді. [11]

Өндіріп алушының өтініші бойынша сот бұйрығы сотпен тікелей орындалу үшін жіберілуі мүмкін. Сот бұйрығының көшірмесі сот өндірісінде қалады.

Бұйрықтық сот өндірісі әрқашанда сот бұйрығын шығаруымен аяқталып қана қоймайды. Судья сот бұйрығын шығара алмайды, егер борышкер оған қойылған талаптармен келіспесе немесе егер берілген құжаттардың негізінде құқық туралы дауды шешуге мүмкін болмаса. Сот бұйрығыун беруден бас тарту соттың ұйғарымымен рәсімделеді. Бұндай ұйғарымға жеке шағым жасалуы мүмкін. Сот бұйрығын беруге қарсылық білдіру арыз берушіге сондай талаппен талап өндірісі тәртібінде талап қоюға кедергі келтірмейді.

2 СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ ӨНДІРІСІ

2.1 Сот актілерін орындау сатысының мәнісі, жалпы ережелері

Атқарушылық іс жүргізу бойынша туындайтын қатынастардың табиғаты туралы жєне атқару өндірісінің Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде алатын орны туралы сұрақтар заң ғылымында даулы болып табылады. Қазіргі ғылымда көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша атқару өндірісі азаматтық процесстің соңғы сатысы болып табылады. Кейбір авторлардың пайымдауы бойынша, сот төрелегін және атқарушылық өндірісті жүзеге асыру бойынша бір текті емес қатынастар қалыптасатындығына қарамастан, бұл дәстүрлі бағыт болып есептеледі. Көрсетілген пікір, ең алдымен, азаматтық іс жүргізу құқығының пәнінің анықтамасына, сондай-ақ азаматтық істерді қарастырудың ақырғы мақсаты заңды күшіне енгеннен кейін жалпыға міндетті болатын заңды және негізді сот шешімін шығаруға негізделеді. Осы белгісіне байланысты соттың және атқару органдарының тарапынан сот шешімін орындау бойынша мєжбүрлі әрекет ету азаматтық процесстің жалғасы болып табылады. [12]

Енді бір топ авторлардың пайымдауынша атқарушылық іс жүргізу өндірісі – бұл дербес құқық саласы. Бұл көзқарастың сот шешімін орындау бойынша нормаларының тиімділігін қамтамасыз ету бойынша маңызы зор.

Сот қаулылырын және басқа актілерді орындау – бұл атқару өндірісінің субъектілерінің – приставтар мен орындаушылардың құқыққолдану қызметі. Соттық қызметпен салыстырғанда сот орындаушысы құқық туралы дауды шешпейді, сот процесінде, нотариаттық өндірісте, келісім комиссиясында еңбек дауларын қарастыру процессінде анықталған талаптарды орындайды.

30 маусым 1998 жылы қабылданған ”Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі берілген жұмыстың мәтіні бойынша – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) атқарушылық өндірістің құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілейді, сонымен қатар сот орындаушыларының құқықтық мәртебесін анықтайды.

Азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулыларды міндетті түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын орындау болып табылады (1-бап).

Атқарушылық өндіріс мынадай сатылардан тұрады:

1. атқарушылық өндірісті қозғау;

2. сот орындаушысының мәжбүрлеп орындауға дайындалуы;

3. борышкерге мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану;

4. сот орындаушысының әрекетін шағымдау.

Атқарушылық өндірістің субъектілері – бұл заң мен қарастырылған актілерді мәжбүрлеп орындау процессіне қатысушы азаматтар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар[13].

Заң әдебиетінде атқару өндірісінің субъектілерін төмендегідей топтарға жіктейді:

1. билік ету қызметтерін орындаушы, яғни атқару органдары - сот орындаушысы және приставы;

2. атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тұлғалар;

3. атқарушылық іс жүргізуге көмектесуші тұлғалар.

Бірінші топқа сот орындаушылары, сот приставтары жатады.

Екінші топқа тараптар мен олардың өкілдері кіреді. Бұл жерде заң шығарушының прокурор мен мемлекеттік басқару органдарын атқару өндірісіне қатысушылардың құрамына қоспауымен келіспейміз.

Үшінші топқа кіретін субъектілер атқару өндірісіне заңды мүдделі емес және оған өздерінің ерекше міндеттерін орындауға қатыстырылады. Олар – тілмаштар, айғақтар, мүлікті сақтаушы, маман және т.б.

Сот және басқа органдардың актілері сот орындаушыларымен орындалады. Атқарушылық өндіріс туралы заңның 4-бабының 1-пунктіне сәйкес атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдырдың аумақтық органдары мен бөлімдерінің сот орындаушыларына жүктеледі.

Сот орындаушысы – мемлекеттік қызметте тұратын және сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам (81-бап)[14].

Қазіргі кезде сот орындаушысы болып тағайындалу үшін жиырма жасқа толған, сотталмаған, жоғарғы немесе орта заң білімі бар, Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиетімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек (83-баптың 1-бөлімі).

Сот орындаушысы Атқарушылық туралы заңның 86-бабына сәйкес құқылы:


  • орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға,

  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға,

  • қажетті ақпараттарды, түсініктемелерді, анықтамаларды алуға;

  • орындауға байланысты азаматтарды және лауазымды тұлғаларды шақыртуға,

  • орындау мерзімін кейінге қалдыру, мерзімін ұзарту, орындау тәсілі мен тәртібін өзгертуге;

  • борышкерлердің банктердегі ақшасы мен бағалы қағаздарына тыйым салуға;

  • кез-келген меншік нысанындағы ұйымдарда атқару құжаттарының орындалуын тексеруге;

  • үй-жайлар мен қоймаларға кіруге, борышкерлердің мүлкіне тыйым салуға, алуға және сатуға және атқару құжатын орындаумен байланысты өзге де әрекеттер жасауға құқылы;

  • қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге;

  • тиым салынған мүлікті алуға, сақтау үшін беруге және сатуға;

  • егер атқару құжатын орындау барысында осындай қажеттілік туындаса, басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы;

  • атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз қажетті ақпарат, түсініктемелер мен анықтамалар алуға құқылы. Бұл орайда органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеуді қажет ететін жағдайда үш күннен қалдырмай сот орындаушысына беруге міндетті.

Сот орындаушысы міндетті:

- соттың талапты қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымын орындауға,

- тараптарға немесе олардың өкілдеріне атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер алуға, көшірмелер түсіруге мүмкіндіктер беруге,

- атқарушылық іс жүргізу жөніндегі арыздар мен тараптардың өтініштерін қарауға жєне солар бойынша қаулы шығаруға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзімдері мен тәртіптерін түсіндіруге, егер оның өзі атқарушылық іс жүргізудің аяқталуына тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, істі қараудан бас тартуға[15].

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 4-бабы бойынша, заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.

Сот приставтарының құқықтық жағдайлары, міндеттері, қызметін ұйымдастыру және тағайындау тәртібі Сот приставтары туралы заңмен реттеледі. Сот приставы – мемлекеттік қызметкер болып табылатын және үзіне жүктелген міндеті ретінде соттардың қызметінің тәртібін қамтамасыз ететін лауазымды тұлға (1-бап).

Сот приставының міндетіне кіреді:

- сот мәжілісі кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету,

- бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның орындалуын бақылау,

- сот ғимаратын, судьяларды және процесстің басқа да қатысушыларын күзету,

- сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлі орындауға көмек көрсету.

Сот приставтары Қазақстан Республикасының барлық соттарында әрекет етеді. Сот приставтарына қойылатын талаптар аталмыш заңның 6-бабында қарастырылады: сот приставы болып 21 жасқа толған, орташа арнаулы білімі бар, денсаулық жағдайы, іскерлік жєне жеке мінездемелері бойынша міндеттерді орындай алатын, арнайы тексеруден өткен, Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады. Ал бұрын сотталған, мемлекеттік қызметтен және құқыққорғау органдарынан шығарылған тұлға сот приставы лауазымына тағайындалмайды[16].

Сот приставтары арнайы дайындықтан өтіп, оған тебельді қаруды алып жүруге рұқсат етіледі.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 5-бабына сәйкес мыналар атқару құжаттары болып табылады:

1) сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары,

2) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес берілетін сот бұйрықтары;

3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдік соттардың және төрелік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;

4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары;

5) Қазаќстан Республикасыныњ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы соттардың қаулылары;

6) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге органдардың қаулылары;

Атқарушлық құжаттарды соттармен берудің тәртібі және мазмұны АІЖК 149 жєне 236-баптарымен реттеледі. Соттармен атқару парағы мен сот бұйрығы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін беріледі. Ал апелляциялық және қадағалау сотының қаулысы заңды күшіне қабылданған сәттен бастап күшіне енеді (АІЖК 368, 381, 400 - баптары).

Егер де сот шешімі дереу заңды күшіне енуге жататын болса, онда атқару парағы шешім шығарылған сәттен беріледі.

АІЖК 236-бабының 4-бөліміне сәйкес атқару парағында жєне сот бұйрығында мыналар көрсетіледі:

1. соттың атауы,

2. іс нөмірі және шешімді шығару датасы,

3. шешімнің қарар бөлімі,

4. шешімнің заңды күшіне ену уақыты,

5. атқару құжатын беру датасы,

6. өндіріп алушы мен борышкердің атауы,мекен-жайлары және реквизиттері.

Әрбір сот шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер атқару әртүрлі орында жүзеге асырылатын болса немесе шешім бірнеше талапкердің пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың сұрауы бойынша бірнеше атқару құжатын жазады (АІЖК 236-бабы).

Атқару құжаты заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сот орындаушысы бір күн ішінде қайтару туралы қаулы шығарып, оны берген органға жібереді, бұл жөнінде өндіріп алушыға хабарлайды.

Атқару құжаттары мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзімдерде:

1) сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары – 3 жыл ішінде;

2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары – егер заңмен өзге мерзімдер белгіленбесе, 1 жыл ішінде;

3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары – 1 жыл ішінде;

4) прокурордың қаулылары – 3-ай ішінде берілуі мүмкін.

Аталған мерзімдер:

1) мүлікті өндіріп алу бөлігінде сот актілері негізінде берілген атқару парақтарын орындау кезінде сот актісі заңды күшіне енген не сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту немесе оған мәулет беру кезінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейінгі күннен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағдайларда – қаулы шығарылған кейінгі күннен бастап;

2) әкімшілік құқыќ бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезінде – қаулы шығарылған күннен бастап;

3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы қаулыларын орындау кезінде - мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабылдағаннан кейінгі күннен бастап;

4) қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша – олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі.

Атқару құжаты келіп түскен соң сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 10-бабына сєйкес үш тәуліктен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарады. Сот орындаушысы сонымен бір мезгілде атқару құжаттарын амтамасыз ету жөнінде шараларды қолданады. Бұл орайда сот орындаушысы борышкердің дєлелді жазбаша µөініші бойынша, дереу орындалуға тиіс атқару құжаттарын қоспағанда, атқару құжатын ерікті орындау үшін атқарушылық іс қозғалған күннен бастап бес күн мерзім белгілейді.

Атқарушылық әрекеттер жасалатын уақыт 25-баппен анықталады: атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерінде 6.00 сағаттан 22.00 сағатқа дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттерді осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгілейді. Сондай-ақ тараптар өздеріне қолайлы уақытын ұсынуға құқылы. Демалыс жєне мереке күндерінде, сондай-ақ түнгі уақытта атқарушылық әрекеттерде кейінге қалдыруға болмайтын айрықша жағдайларда: азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтірілгенде, борышкердің кінәсінен орындауға мүмкін болмағанда жол беріледі.

Борышкердің мүлікті жойып жіберуі немесе құртуы мүмкін жағдайлары орын алғанда, сондай-ақ өндіріп алушының өтініші бойынша, сот орындаушысы атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдана алады[17].

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңының 14-бабына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға кедергі келтіретін жағдаяттар болған ретте сот орындаушысы оларды өз бастамасы бойынша немесе тараптардың біреуінің өтініші бойынша он күнге дейінгі мерзімде кейінге қалдыра алады, бұл жөнінде тиісті қаулы шығарады, оны аға сот орындаушысы бекітеді.

Атқару өндірісін тоқтата тұрудың екі түрін ажыратады: міндетті жєне факультативті. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 15-бабы бойынша сот орындаушысы атқару өндірісін тоқтата тұруға міндетті:

1. борышкер қайтыс болған, қайтыс болды деп немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайда,

2. егер борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылуы, банкроттығы туралы іс қозғалғанда,

3. борышкердің немесе өндіріп алушы әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі деп танылуы,

4. борышкер атқару құжатын сот тәртібімен даулаған,

5. әкімшілік жаза қолданған органдардың әрекеттеріне сотқа шағым беру,

6. сот немесе атқару құжатын бергенде негізге алынған шешімнің орындалуын тоқтата тұру құқығы заңмен берілген лауазымды адам қаулы шығарған,

7. сотқа атқару құжаты бойынша өндіріп алынатын мүлікті хатталудан шығару туралы талап қойылған,

8. борышкер немесе өндіріп алушы борышкер мүлкін бағалау нәтижелеріне дау шығарған жағдайда.

Атқарушылық іс жүргізу сол сияқты:

1. сот орындаушысы, өндіріп алушы немесе борышкер сот актісін орындау мерзімін ұзарту, орындау әдісін өзгерту туралы өтініш жасаған,

2. борышкер ұзақ уақыт бойы қызмет бабындағы іссапарда болған,

3. борышкер емдеу мекемесінде болған,

4. сот орындаушысының іс-қимылына өндіріп алушы, борышкер сотқа шағым берген,

5. борышкерге іздеу салынған,

6. өндіріп алушы өтініш жасаған,

7. борышкер не өндіріп алушы елді мекен шегінен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тыс жерде жүрген жағдайларда да тоқтатыла тұруы мүмкін.

Атқару өндірісін тоқтату дербес институт ретінде Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 20-бабымен реттеледі. Онда тоқтатудың негіздері мен салдары қарастырылады. Атқарушылық өндіріс мынадай жағдайларда тоқтатылады, егер:

- өндіріп алушы бас тартса,

- өндіріп алушы мен борышкер бітім келісімін жасаса және оны сот бекітсе,

- шешімімен белгіленген талаптар немесе міндеттер өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін өлген адамның құқықтық мұрагеріне көше алмаса,

- атқару құжатын орындауға беру мерзімі бітсе,

- тиісті органның атқару құжатын бергенде негізге алынған шешімінің күші жойылса,

- өндіріп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса,

- атқару құжатының өндіріп алу немесе өзге де талабы толық көлемінде орындалса,

- заттарды өндіріп алушыға беру туралы атқару құжатын орындау кезінде өндіріп алушы борышкерден алып алып қойылған заттарды алудан бас тартса.

Атқарушылық өндірісті тоқтатқан жағдайда бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады және атқару құжаты тиісті белгі соғылып, сотқа немесе құжатты берген басқа органға жіберіледі.

Атқару өндірісінің тоқтатылу салдары болып табылады:

- атқару өндірісінің атқарушылық әрекеттер жасалмай тоқтатылуы,

- соттың атқарушылық өндірісті тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген соң сот орындаушысымен тағайындалған барлық шараларды доғару,

- атқару құжатын берген сотқа немесе басқа органға атқарушылық өндірісті тоқтату туралы сот ұйғарымын және тиісті белгі қоя отырып атқару құжатын бірге қайтару.

Атқарушылық өндірісті аяқтау мынадай жағдайларда мүмкін:

- атқару құжатын өндіріп алушыға қайтарғанда,

- атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғанда,

- соттың немесе басқа органның талабы бойынша атқару құжаты орындалмай қайтарылған жағдайларда.

Өндіріп алу жүргізілмеген немесе толық көлемде жүргізілмеген атқару құжаты сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:

- өндіріп алушының арызы бойынша,

- егер борышкердің өндіріп алынуы мүмкін мүлкі, ақша сомасы, бағалы қағаздары немесе табыстары жоқ болса,

- егер өндіріп алушы шешімінің орындалуы кезінде борышкердің сатылмаған мүлкін алудан бас тартса,

- егер борышкер өндіріп алушы көрсеткен мекен-жайда тұрмайтын немесе жұмыс істемейтін болса не сол жерде оның мүлкі жоқ болса,

- егер сот борышкерге қатысты іздеу жарияласа, өндіріп алушыға қайтарылады.

Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша қаражаты болмаған жағдайда ол борышкерге тиесілі басқа мүліктен атқару құжатын орындау үшін қажетті мөлшер мен көлемде, орындау жөніндегі шығыстар ескеріле отырып алынады. Атқару құжатында аталған белгілі бір затты өндіріп алушыға берген кезде сот орындаушысы бұл заттарды борышкерден алып қояды да, өндіріп алушыға оларды беру актісін жасай отырып береді[18].

Заңды тұлғалар мен жеке кєсіпкерлер мүлкінен өндіріп алу Заңның 36-бабында қарастырылған ерекшеліктерге ие. Борышкерде берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасы болмаған ретте (бұл туралы борышкердің есеп айырысу шотына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банктің тиісті ақпараты болса), егер заңда бұл мүлікке қатысты шектеулер белгіленбесе және заңды тұлға құрылтайшыларының мүлікті жауапкершілігі көделсе, оған тиесілі кез келген басқа мүлікткен, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыларының мүлкінен өндіріліп алынуы мүмкін. Ал егер мүлкі жеткіліксіз болатыны анықталса, ал азаматтық заңдарда борышкерді банкрот деп тануға жол берілсе, сот орындаушысы өндіріп алушыға бұл туралы хабарлауға міндетті.

Кепілге салынған мүліктен өндіріп алудың ерекшелігі Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 37-бабымен анықталады. Борышкерге қойылған кепілмен қамтамасыз етілмеген барлық талаптарды толық қанағаттандыру үшін оның қалған мүлкі жеткіліксіз болғанда өндіріп алу кепіл ұстаушының азаматтық заңдарда белгіленген құқықтары сақтала отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызының міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүліктен жүргізілуі тиіс.

Азаматтарға қатысты атқару құжаттарын орындау кезінде заңдарда өндіріп алуға тыйым салынған мүліктен өндіріп алуға болмайды.

Борышкедің мүлкіне тыйым салу. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 40-бабына сәйкес борышкердің мүлкіне тыйым салу мүлікті хаттаудан және осы мүлікке билік етуге тыйым салудан, сондай-ақ банк және өзге де несие мекемелеріндегі борышкердің ақша сомаларын пайдалануға және оларға билік етуге тыйым салынғанын хабарлаудан тұрады, бұл жөнінде борышкердің мүлкіне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.

Тиым салынған мүлікті сату. Борышкердің мүлкінен өндіріп алу кезінде тиым салынған мүлікті сату мынадай кезекпен жүзеге асырылады:

1) бірінші кезекте борышкердің өндіріске тікелей қатыспайтын мүлкі: бағалы қағаздар, валюта құндылықтары, бағалы металдар, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, жеңіл автокөлік және басқалар сатылады;

2) екінші кезекте – дайын өнім (тауарлар), сондай-ақ өндіріске тікелей қатысуға арналмаған өзге де материалдық құндылықтар;

3) үшінші кезекте – жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ шикізат пен материалдар, станоктар, құрал жабдықтар, өндіріске тікелей қатысуға арналған басқа да негізгі құрал-жабдықтар;

4) төртінші кезекте – жалға беру (мүлікті жалдау), заем, прокат шарты немесе өзге де шарттар бойынша басқа адамдарға берілген мүлік (Заңның 48-бабы).

Тыйым салынған мүлікті сатуды заң бойынша айналымнан алып тасталған мүлікті қоспағанда, тыйым салу негіздері мен мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы сауда және өзге де мамандандырылған ұйымдар арқылы сауда-саттықта және аукциондарда жүргізеді. Оның тәртібі «Борышкерлердің сот орындаушылары тыйым салған мүліктерін сату жөнінде аукциондар ұйымдастырудың және өткізудің Ережелерімен» анықталады.

Егер мүлік екі ай ішінде сатылмаса, өндіріп алушыға бұл мүлікті бағаланған сомасында өзінде қалдыру құқығы беріледі

Борышкердің жалақысынан және өзге де табыстарынан өндіріп алу. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңға сәйкес мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде, Қазаќстан Республикасыныњ заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, өндіріп алатын соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзге де табыс түрлерінен өндіріліп алынады.

Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алынған кезде сот орындаушысы заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берілген сома толық өндіріп алынғанға дейін ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиіс екендігі көрсетіледі және оны орындау үшін борышкер еңбек қатынастарында тұрған немесе сыйақы алатын жұмыс берушіге жібереді.

Сот орындаушысы борышқердің жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақытылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндіріп алушыға уақытында жіберілуіне ұдайы бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға міндетті[19].

Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында тұрған жұмыс беруші бұл жөнінде сот орындаушысына хабарлама жіберіп, атқару құжатын қоса жолдауға міндетті. Тұрғылықты жері өзгерген жағдайда борышкер сот орындаушысына өзінің жеке мекен-жайын хабарлауға міндетті.
2.2 Орындау өндірісіне қатысушылар мен олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері

Атқару өндірісіне қатысушы тұлғалар: тараптар - өндіріп алушы және борышкер, олардың өкілдері. Бұлардың белгілері мынадай: заңды мүддесі болады және өз мүддесін қорғау мақсатында өз атынан қатыса алады.

өндіріп алушы - Өз пайдасына немесе мүдделеріне атқару құжаты берілген жеке немесе заңды тұлға.

Борышкер - атқару құжатында көзделген талаптарда орындауға міндетті жеке немесе заңды тұлға.

Атқарушылық іс жүргізуге бірнеше өндіріп алушы немесе борышкер қатыса алады. Басқа тарапқа қатысты олардың әрқайсысы атқарушылық іс жүргізуге дербес қатысады немесе қатысушылардың біріне атқарушылық әрекеттерге қатысуды тапсыра алады, бұған атқару құжаты бойынша борышкерге оның өзі ғана жасай алатын міндеттер (жеке міндеттер) жүктелген жағдайлар қосылмайды[20].

Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдардың атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, көшірмелерін алуға, қосымша материалдар беруге, өтініш білдіруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесінде ауызша және жазбаша түсініктер беруге атқарушылық іс жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен пікірлерін айтуға, атқарушылық іс жүргізуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдер мен өтініштеріне қарсылық білдіруге, бас тартуын мәлімдеуге, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне немесе шешімдеріне шағым жасауға құқылы (28-бап).

Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдар өзіне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу заңдардың талаптарын орындауға міндетті.

Атқарушылық өндіріске көмек көрсетуші тұлғалар ешқандай заңды мүддесінсіз қатыса алады. Бұл топқа тілмаш, айғақ адамдар, мамандар, мүлікті сақтаушылар кіреді.

Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы адамдар атқарушылық әрекеттер жасау кезінде өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша тілмашты шақыруы мүмкін. Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті, іске мүдделі емес, атқару әрекеттерін жүргізу үшін қажетті дәрежеде тіл меңгерген кез-келген адам тілмаш бола алады. Егер де заңда қарастырылған негіздерде қарсылық білдірілсе, тілмаш процесстен шығарылады.

Тілмаштың өз еңбегі үшін сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.

Атқарушылық әрекеттер кемінде екі айғақ адамның қатысуымен жасалуы мүмкін. Айғақ адамдардың атқару өндірісіне қатысуы заңның 30-бабымен реттеледі.

Мынадай жағдайларда:

1) өндіріп алушының немесе борышкердің талабы бойынша;

2) үйге орналастыру және үйден шығару туралы шешімдерді, борышкердің мүлкін пайдалануға тыйым салуға, алып қоюға және берге, оның тұрғын үйін, үй-жайлары мен қоймаларын ашуға, тексеру жүргізуге байланысты әрекеттерді орындау кезінде, сондай-ақ заңдарда көзделген өзге де жағдайларда айғақ адамдардың қатысуы міндетті. Өзге жағдайларда айғақ адамдар сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы мүмкін.

Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті, атқарушылық әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес кез-келген азаматтар айғақ адамдар ретінде шақырылуы мүмкін.

Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған, арнаулы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін сот орындаушысы атқарушылық іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша маманды шақыртуы мүмкін. Қажет болған жағдайда бірнеше маман тағайындалуы мүмкін. Сот орындаушысы бұл жөнінде қаулы шығарады[21].

Қорытынды беру үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес кез-келген адам маман ретінде тағайындалуы мүмкін (31-бап). Мамандар іс жүргізуге тікелей немесе жанама мүдделі болатын болса, онда оған қарсылық білдірілуі мүмкін.

Мамандардың атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты жүргізілетін жұмысты орындағаны үшін сыйақы алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және мамандар тартуға жұмсалған басқа да шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады.

Прокурордың, мемлекеттік басқару органдарының жєне қоғамдық бірлестіктердің атқарушылық өндіріске қатысуы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңмен қарастырылмаған. Бірақ бұл прокурор сот орындаушысының әрекетінің заңдылығына қадағалау жасамайды дегенді білдірмейді. Аталмыш заң прокурордың сот орындаушысының әрекетіне наразылық білдіруін жоққа шығармайды. Бірақ заң прокурордың атқару құжатын өндіруге беру құқығын қарастырмайды. Алайда, прокурор не мемлекеттік басқару органдары АІЖК бойынша талапкер ретінде азаматтық істі қозғай алады. Сонымен бірге, бала мүдделері қорғалатын істер бойынша сот актілерін орындау кезінде қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қатысуы өте маңызды.
2.3 Азаматтық процесстің атқару өндірісіндегі маңызды тұлға - сот орындаушысы: мемлекеттік және жеке

Сот орындаушысы - мемлекеттік қызметте тұратын, және сот актілерін басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам[22]. Сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау жөніндегі сот орындаушысының қоятын талаптары барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті. Сот орындаушысының жарияланған конкурстың нәтижесі бойынша аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Сот орындаушысының сан құрамы судьялардың сан құрамына сәйкес болуы керек.

Сот орындаушысына қойылатын талаптар:

Сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттерді лауазымдылық өкілеттіліктерді орындамауы ҚР-ның заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Сот орындаушысының құқықтары:

1) Орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға құқылы.

2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы.

3) Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, ҚР-ның заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз қажет ақпарат, түсініктемелер мен анықтамалар алуға құқылы. Бұл орайда органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеуді талап ететін жағдайда 3 күннен кешіктірмей сот орындаушысына беруге міндетті.

4) Атқарушылық әрекеттер жасағанда негізге алынған атқару құжаттары түсініксіз болған жағдайда түсінік алу үшін сотқа немесе атқару құжатын берген басқа да органдарға жүгінуге құқылы.

5) Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде пайда болған мәселелер бойынша оның ішінде орындау мерзімін кейінге қалтыру мерзімен ұзарту туралы, сондай-ақ борышкерлерді іздестіру мәселелері бойынша сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы.

6) Іс жүргізіліп жатқан атқару құжаттары бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға құқылы.

7) Нақты атқарушылық әрекеттер жасау мәселелері бойынша тапсырмалар беруге құқылы.

8) Борышкерлер сондай-ақ, өздерінде борышкерге тиесілі мүліктің бар екенін растайтын деректер болған жағдайда, басқа адамдар орналасқан немесе оларға тиесілі үй жайлар мен қоймаларға кіруге, қажет болған жағдайда үй-жайлар мен қоймаларды мәжбүрлеп ашып қарауға, айғақ адамдардың қатысуымен тексеруге құқылы.

9) Атқару құжатын орындаумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларының және басқа да лауазымды тұлғалардың қабылдануына кедергісіз кіруге құқылы.

10) Борышкердің банктегі ақшасы мен бағалы қағаздарына атқарушылық іс жүргізу және «сот орындаушысының мәртебесі» туралы заңында көзделген ережелерді сақтай отырып, уақытша тиым салуды қолдануға құқылы.

11) Мүлікке оның кімге тиесілі екенін анықтағанға дейін «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы заңында көзделген ережелерді сақтай отырып, уақытша тиым салуды қолдануға құқылы.

12) Тиым салынған мүлікті алуға, сақтау үшін беруге және сатуға құқылы.

13) Алынған мүлікті сақтау үшін ұйымдардың үй-жайын сол мүлікті тасу үшін өндіріп алушы мен борышкердің көлігін заңда белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы.

14) Қажет болған жағдайда атқару құжатының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету үшін ІІО-ның қызметкерлерін немесе бөлімшелеріне жүгінуге құқылы.

15) Қылмыстық қудалау органдарына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. [23].

Сот орындаушысының міндеттері:

1) Соттың талапты қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерін, ұйғарымдарын орындауға міндетті.

2) Тараптарға немесе олардың өкілдеріне атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, көшірмелер түсіруге мүмкіндік беруге міндетті.

3) Атқарушылық іс жүргізу туралы арыздар мен тараптардың өтініштерін қарауға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзімдері мен тәртіптерін түсіндіруге міндетті.



4) «Атқарушылық іс жүргізу» туралы заңы бойынша сот орындаушысының атқарушылық өндірістің әділеттілігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, істі қараудан бас тартуға міндетті.

Еліміздің сот жүйесі туралы жаңа Конституциялық заңында заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі тармақтарының функциялары айқын жазылып қоймай, құқық қорғау жүйесін реформалаудың мәселелерді де шешімін тапқан. ҚР Конституциясының 75-бабына және «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының сот жүйесін сот билігін жүзеге асыру бойынша өзара белгіленген заңдармен өзара қарым-қатынаста байланысты республиканың Жоғарғы Сот пен жергілікті соттар құрайды. Қандай да бір атаулармен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңмен республикада алқабилер институты белгіленді. Бастапқы кезеңде жасалғаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы түріндегі жаза көзделген аса ауыр қылмыстар туралы істер алқабилерінің қарауында болады33. Одан әрі алқабилерінің соттылығына қылмыстық әрекеттердің басқа да санатары жөніндегі істерді жатқызу жоспарлануда. Мұндай институтты отандық сот-құқықтық жүйесін реформалау кезеңдерінің бірі ретінде енгізу қажеттігі күмән тудырмайды, сот қорғаушылары қылмыстық сот ісін жүргізуде бәсекелестік негіздерді ынталандыруға, судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың кәсіптік дағдыларын арттыруға ықпал етіп, ақырында сот төрелігінің сапасын жақсартуға және сот билігінің беделін арттыруға әкеледі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ жаңа сот төрелігін тұжырымды түрде құруға бағытталған бір топ қабылданған заң актілері сот жүйесін жетілдіруге елеулі әсер етті. Қылмыстық сот ісін жүргізуде соттың орны мен ролі өзгерді[24]. Сот алғаш рет заңнамалық деңгейде айыптауды дәлелдеу міндеттерінен босатылды. Айыптаушы, жазалаушы соттан адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын органға айнала бастады. Қазақстан Республикасының соттары біртұтас жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының сот жүйесін құрайтын соттар бір-бірінен өз құрылымы мен құзыретінің көлемі бойынша ажыратылады. Сот билігін жүзеге асыру бойынша бірдей құрылымы мен құзыреті бар соттар сот жүйесінің буындарын құрайды. Әдетте, әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте (ауданда, қалада, облыста) тиісті буындар құрылады. Негізгі және орта буындағы соттар жергілікті соттар немесе жалпы заң құзырындағы соттар деп аталады. Әрбір буын құзыретінің көлемі мен мазмұны әр түрлі[25]. Бүгінгі қызметті фрагментарлық зерделеу Қазақстанның кейбір жерлерінде, қазақтар тұратын елді мекендерде би немесе ақсақал соттары болғанын көрсетеді. Соттың құзыреті тиісті буындағы соттар үшін бірыңғай сот саясаты айқындайтын міндеттер мен фукнцияларға байланысты олардың қызметінің мәселелерін шешуде заңдармен белгіленген өкілеттіктер жиынтығын білдіреді. Айталық, сот жүйесінің әрбір буыны заңмен оның қарауына жатқызылған істерді ғана қарауға құқылы. Соттылық – сол немесе өзге сот қарауы мұмкін істер белгілерінің жиынтығы. Қылмыстық және азаматтық істердің соттылығы әрбір буынның соттарына қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңдарымен айқындалған. Мысалы, облыстық соттың қарауына ауырлататын мән-жайларда қасақана кісі өлтірген туралы, мемлекеттік опасыздық, терроризм, жаппай тәртіпсіздік және толық тізбесі ҚР ҚІЖК-нің 291-бабының 2-бөлігінде белгіленген басқа да қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында: «Өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды» делінген. Осы конституциялық ережеге сәйкес төмен тұрған соттың қарауындағы істі жоғары тұрған соттың өзіне іс жүргізуге қабылдау, сондай-ақ істі соттылықты өзгертуге әкеп соқтыратын сол деңгейдегі басқа сотқа беру сотта ісі қаралып жатқан адамның келісімімен ғана мүмкін болады. Іс жүргізу заңдарында сондай-ақ соттардың шешімдердің, үкімдердің және аппеляциялық әрі қадағалау тәртібіндегі өзге де сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру жөніндегі құзыреті айқындалған. Сондықтан, соттарды буындарға бөлумен қатар, оларды белгілі бір сот функцияларын орындауға байланысты сот сатыларына бөлу заңнамалық деңгейде көзделді. Әрбір сот ісі бір-бірінен көлемімен және істерді сотта қарау бойынша өкілеттіктерінің сипатымен, құзыретімен ажыратылатын бірнеше соттарда (немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінде) заңнамада көзделген кезекпен қаралуы мүмкін. Сот сатылары мынадай түрде құрылған: әрбір кейінгі саты іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен төменгі тұрған соттың үкімдерін, қаулылары, ұйғарымдары мен шешімдерін қарауға құқылы, яғни сот қадағалау функциясын, бірақ істерді қарау және шешу бойынша тек төмен сатыдағы соттың қызметіне байланысты жүзеге асыруға құқылы. Соттардың заң күшіне енбеген сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігіне шағымдар мен наразылықтарды тексеруге өкілеттік берілген соттар аппеляциялық сатыдағы соттар деп аталады. Заңды күшіне енбеген сот актілеріне аппеляциялық тәртіппен шағым беру құқығы сотталғанға, ақталғанға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерше және олардың өкілдеріне жатады. Прокурор әрбір заңсыз және негізсіш сот актісіне наразылық білдіруге құқылы.

Жеке сот орындаушылардың пайда болуы және олардың қызметінің тиімділігі.

Жалпы, тарих қойнауына үңілсек, жеке сот орындаушылар ең алғаш рет Францияда енгізілген. Балтық елдерінде бұл жүйе өте жақсы жолға қойылған. Эстония мен Латвия елдерінде де жеке сот орындаушысы ерте пайда болған. [25].

Көптеген дамушы мемлекеттер үлгіні Франциядан алған. Балтық елдеріндегі заң Қазақстанда жеке сот орындаушылар интситутын құруда біршама жақын болды. Үлкен бастаманы сол елдің білікті мамандары да қоштады. Болгария секілді бірнеше мемлекеттердің заңдарын да қарай отырып, келген мамандармен бірлесе отандық жеке сот орындаушылары туралы заң жобасы осылайша дүниеге келген.

Жеке сот орындаушылар институты сот орындаудың деңгейін, сот орындаушысы мамандығының беделін қосымша бюджеттік шығындарсыз едәуір көтеруге септігін тигізеді.

Себебі, жеке сот орындаушылар институты Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының құқықтық өрісіне сай. Бұл іске мұрындық болып отырған алып Франция елі. Өйткені атқару өндірісі саласындағы тәжірибесі отандық ғалымдардың назарына бірден ілікті. Жалпы жеке сот орындаудың француздық моделі әлемнің көптеген елдерінде және кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте пайдаланылады. ТМД елдері ішінен Қазақстан елі бірінші болып, бұл бағыттағы көшті бастап та жіберді.

Ендігі жерде жеке сот орындаушылар мемлекеттік сот орындаушылармен баламалы түрде қатар жұмыс істейді. Әр тұрғын қай сот орындаушыны таңдаймын десе де құқылы. Міне осыдан кейін жеке сот орындаушылар мен мемлекеттік сот орындаушылар арасында үлкен бәсекелестік туындап, жұмыс сапасы арта түседі.

Жеке сот орындаушылар институтын енгізудің маңызы.

Жеке сот орындаушылар институтын құруды Мемлекет басшысы 2005 жылы өткен судьялардың IV съезінде тапсырған болатын[26].

Қазіргі уақытта жеке сот орындаушылар институты әлемнің 65 мемлекеті атап айтсақ, Франция, Бельгия, Нидерланд, Италия, Греция секілді елдерде қалыптасқан.

Еліміздің төрінен орын алған жаңа заң жеке сот орындаушылардың құқықтық мәртебесін, қоғамдағы рөлін айғақтайды. Жалпы, Заң жеке сот орындаушылардың өкілеттілігін нығайтуға, жан-жақты қолдануға бағыттап отырады. Заңда жеке сот орындаушының уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде өкілеттілігін жүргізеді.

Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасы Ата заңымыз – Конституцияға негізделген, басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады және еліміз ратификациялаған халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Заңның 2-бабында Атқарушылық iс жүргiзудің құқықтық негіздері мемлекеттік және жеке сот орындаушысына ортақ міндеттелген. Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдары мен қаулыларының, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдері мен қаулыларының уақтылы орындалуы болып табылады. 3-баптың атқарушылық iс жүргiзу тарауында сот орындаушының негізгі принциптері нақты көрсетілгендей, сот орындаушысы заңдылықты сақтауға, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмауына, сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына байланысты сотқа шағымдануға азаматтардың еркіндік принциптері бойынша жүзеге асырылады.

Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқығы жоқ. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Яғни, әрбір жеке сот орындаушылар заң аясында қызмет атқарады. Әрбір тұрғын үлкен сеніммен жеке сот орындаушылардың көмегіне жүгінуге әбден болады.

Атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушы өзінің өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жүгіне алады.

Сондай-ақ, ішкі істер органдарының қызметкерлері атқарушылық әрекеттер жүргізілетін орындарға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тартылуы мүмкін.

Жеке сот орындаушысы меншікті санциялауға, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға, борышкердің ел аумағынан шығуын уақытша шектеуге құқылы.

Заңның 27-бабында көзделгендей сот орындаушысынан жалтарған азаматтарды соттың ұйғарымымен егер, сот қанағаттандырып жатса, күштеп келтірілуі мүмкін. Жеке сот орындаушысының келуден жалтарып жүрген адамды күштеп келтіру туралы қаулысын сот санкциялауға тиіс. Борышкер атқарушылық құжаттағы талаптарды дәлелсіз себептермен белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердің ел территориясынан шығуын уақытша шектеу туралы сот қаулысымен тыйым салуға құқылы[27].

Борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы сот орындаушысының шығарған қаулысы Азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен соттың санкциялауына жатады. Аталған қаулының көшірмесі борышкерді назарға алу үшін, көші-қон процестерін басқару жөніндегі уәкілетті органға және шекара қызметі органдарына орындау үшін жіберіледі. Борышкер ерікті түрде сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға тиіс. Борышкердің жүрген жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжаттың орындалуы бойынша сотқа жүгінуге міндетті. Борышкерге iздеу салуды соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүзеге асырады. Борышкердiң келiсiмiне қарамастан бухгалтерлiк (кассалық) құжаттары бойынша көрсетiлген ақша сомаларынан өндiрiп алу көзделеді. Борышкерде ақшалай сома болмаған жағдайда, сот орындаушысы оған тиесiлi басқа мүлiкті алуға құқылы. Борышкер өндірілуге тиіс мөлшерді белгіленген күн мерзімінде қайтаруға қол хат беруі арқылы мүлігін сақтап қала алады. Борышкер төлеуге тиіс соманы мерзімінде орындаса, сот орындаушысындағы мүлікті қайтарып ала алады.

Жеке сот орындаушылардың мемлекеттік сот орындаушылардан айырмашылығы.

Жеке сот орындаушылар белгілі бір дербес мемлекет тәрізді. Яғни жеке сот орындаушы ешкімге тәуелді болмай, жеке табысы арқылы өзін-өзі қаржыландырады. Ал жеке сот орындаушысының құзыреті, заңды пайдалануына келсек, мемлекеттік сот орындаушысымен тепе-тең[28].

Мемлекеттік сот орындаушысы жалақысын бюджеттен алса, ал, жеке сот орындаушылары өздерінің атқарған жұмыстарына байланысты қаржыландырылады. Жеке сот орындаушы қызметіне ақы төлеуді борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізеді. Жеке сот орындаушысының қызметі үшін ақы төлеу сомасы өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он пайызын алады.

Ал, мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. Жаңа заң әділетке мойынсұнғысы келмейтін азаматтарды мәжбүрлеу арқылы сот актілерін орындауына ықпал етеді. Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде қылмыстық әрекеттерге жол бермеуі, ел азаматтарының құқықтары мен мүдделері аяқ асты болмауы заңмен толық қорғалған.

Мемлекеттік сот орындаушысы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға құқылы. Ал, жеке сот орындаушына бұндай міндетті атқаруға тыйым салынған. Жеке сот орындаушысына борышкерлердiң банктердегi ақшалары мен бағалы қағаздарына заңда көзделген тәртiппен тыйым салуға құқық берілген. Кез-келген құзырлы органға сұрату салуға құқылы. Сот орындаушысының кез-келген меншік нысанына еркін кіруіне заң кепілдік береді. Қызметтік куәлігін көрсеткен кезде мемлекеттік мекемеге, азаматтар үй-жайына немесе аумағына кіргізуден бас тартса, сот орындаушысы бұл туралы акт жасайды. Ел заңына сәйкес кінәлі тұлғалар сот шешімі негізінде жауапқа тартылады. Жеке сот орындаушысы өз қызметін әділ әрі тәуелсіз жүргізу үшін Ата заң – Конституцияны, атқарушылық іс жүргізуді реттейтін басқа да заңдарды, сондай-ақ халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке сот орындаушысы лауазымына жасы жиырма беске толған, жоғары заңгерлік бiлiмi бар азаматтар тартылады. Судья, прокурор қызметін атқарып кеткен азаматтар да жеке сот орындаушысы болуға толық құқы бар. Жеке сот орындаушысы лауазымына келгісі келетін азаматтар кемінде бір жыл мерзімде үздіксіз тағылымдамадан өтіп, біліктілік емтиханын тапсыруы тиіс. Жеке сот орындаушылары Біліктілік комиссиясында емтихан тапсырады. Жеке сот орындаушысында жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері өндіріп алатын сомадан аз болса, ол сақтандыру шартын жасасуға міндетті. Жеке сот орындаушысы валюталық шот ашуға, кеңсе қызметкерлерін жалдауға және жұмыстан босатуға, түскен кірістерге билік етуге, сотта өз атынан сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да әрекеттер жасауға құқылы.

Жеке сот орындаушыларға қойылатын талаптар және оларға жалақы төлеу.

Сот орындаушысының жоғары заң білімі, еңбек өтілі, тағылымдамадан өтуі, арнайы лицензиясының болуы міндетті. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының жобасында жеке және мемлекеттік орындаудың қатар қызмет атқаруы көзделген. Дегенмен, тек қана мемлекеттік сот орындаушылар мемлекет пайдасына өндіріп алу, сонымен қатар, мемлекеттен өндіріп алу туралы атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату құқығына ие бола алады[29].

Мәжбүрлеп орындатудың жеке жүйесінің бірқатар басымдықтары бар. Сот орындаушысын тиімді жұмыс істеуге ынталандыру, себебі олардың марапатталуы тікелей жұмыстарының нәтижелеріне байланысты.

Мемлекетке жеке сот орындаушыларының қызметінен олардың төлейтін салықтары арқылы табыс түседі.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 116 бабы 1 бөліміне сәйкес «Жеке сот орындаушысы өз қызметін өзі қаржыландырады». Соған байланысты жеке сот орындаушысы қызметінің ақысы туралы нақты айтуға болады. Ол өз кезегінде борышкерден өндірілген қаржының екі құрамдас төлемдері есебінен жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тарифтер бойынша орындалған қызметке байланысты төленетін сома; 2) Атқару құжаты толық немесе ішінара орындалған жағдайда сот өндірісіне төленетін сома. Жеке сот орындаушысының қызмет ақысының заң бойынша нақты ережемен анықталған. Жеке сот орындаушысына өз қызметіне бекітілген төлем көлемін өзгертуге тыйым салынады. Оның еңбек ақысы атқару өндірісі аяқталғаннан кейін мүліктің немесе өндірілген қаржының 10 % көлемінде немесе жеке тұлғалардың 10 айлық есептік көрсеткіштерінің, заңды тұлғалардың мүліктік емес сипаттағы орындау құжаттары бойынша 20 айлық есептік көрсеткіштерінің көлемінде айқындалады. Ол сома тек атқару құжатының толық немесе ішінара орындалған жағдайда төленеді. Қаржылық сипаттағы атқару құжаты ішінара орындалған жағдайда сот орындаушысы өндірілген сомаға пропорционалды көлемде ақы алатын болады. Ал борышкердің атқару құжатын өз еркімен орындауы жағдайында төлем көлемі азайтылады.

Барлық төлемдердің борышкер есебінен төленетіндігіне ерекше назар аудару қажет. Борышкер үшін сот шешімін өз еркімен орындаудың тиімді екені анық. Сонымен бір мезгілде атқару құжаттарының орындалу нәтижелеріне қарай өзіне ақы төленетіндіктен сот орындаушысы да сот шешімдерінің мүмкіндінше тез орындалуына қызығушылық танытатын болады.

Өндірушілер үшін жеңілдіктер атқарушылық әрекеттерін жүзеге асыруға қажетті аванстық сомалар түрінде қарастырылған.

Аталған жүйенің тағы бір артықшылығы - сот орындаушыларының өз қателіктері үшін жеке материалдық жауапкершіліктері болады. Мәселені өз бетінше шешу жеке сот орындаушысын өз біліктілігін арттыруға, қаражатын тиімді жұмыстарды ұйымдастыруға, уақытпен санасуына тәрбиелейді.

Әрбір сот орындаушысының материалдық ынталандырылуы, оның кәсіптік біліктілігінің міндетті түрдегі сақтандырылу жүйесі, сот орындаушыларының кәсіптік бірлестігі және құзыретті мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін қатаң бақылау олардың жұмыстарын ширата түседі және ең бастысы азаматтардың заңды құқықтарының қорғалуына түрткі болады.

3 ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ МӘСЕЛЕСІ.

Сот шешімдерінің орындалу мәселесіне Қазақстанда соңғы жылдары көп мән берілді, атқарушы қызмет туралы заңдардың жетілдірілуі, сот орындаушыларының материалдық-техникалық жағдайының жақсаруы – осының бәрі сот орындаушыларының жұмысын жеңілдетті және оң нәтижесін берді.

Алайда атқару қызметінің ойдағыдай өз қызметінің атқаруы проблемасы әлі де түпкілікті шешілген жоқ, өйткені сот шешімдерінің орындалуы бұл ықпалды және халықтың сеніміне ие бола алатын сот жүйесінің маңызды шарты.

Осыған орай сот шешімдерінің орындалмай қалған оқиғаларына жүргізілген талдау өндіріп алушылардың мүдделеріне кедергі болатын мәселелердің шеңберін анықтауға мүмкіндік туғызды.

Сот актілерін орындау бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру және оларды орындауға кедергі келтіргені және орындаудан жалтарғаны үшін жауаптылық белгілейтін заң нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот актілерін әдейі орындамағаны үшін жауаптылық туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысы бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК) 131, 449-баптарына, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - АІЖК) 21-бабына сәйкес, соттар мен судьялардың заңды күшіне енген үкімдері, шешімдері, қаулылары, ұйғарымдары, бұйрықтары, сондай-ақ заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен сот актілерін орындауға байланысты басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар мен азаматтар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындауға жатады.

Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау, сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау заңмен көзделген қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады[30].

Борышкердің сот актісін оның белгілі бір бөлігінде орындауға мүмкіндігінің болмауы не толық көлемінде орындай алмауы әдейі орындамау деп қарастырылмайды.

Қылмыстық процесті жүргізуші органдар азаматтық талапты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды көздейтін ҚІЖК-нің 170, 305-баптарының және АІЖК-нің 158, 159-баптарының талаптарын мүлтіксіз орындаулары қажет.

Соттар көрсетілген шараларды басты сот талқылауына әзірлік жүргізу барысында, сондай-ақ сот талқылауы, үкім шығару, азаматтық талапты қанағаттандыру жөнінде шешім немесе өзге де сот актісін шығару кезінде қолдануы мүмкін.

Соттар жауапкерлерден ақшалай немесе өзгедей өндіру туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін заңмен көзделген жағдайларда атқару парақтарын уақытында жазып, талапты қанағаттандыру үшін тыйым салынған мүліктің тізімдемесін қоса тіркеп, өндіріп алушылар мен борышкерлерді көрсетіп, мөрмен куәландырылған сот актісінің көшірмесін не оның үзіндісін борышкерлер мен олардың мүліктері тұрған жерлер бойынша сот әкімшілерінің облыстардағы аумақтық органдарына жіберуге тиіс.

Сот орындаушылары атқару құжаттарын алғаннан кейін сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған заңмен көзделген шараларды уақытында қабылдаулары қажет.

Банк шоттарын, олардағы ақша қаражатының, кредит және сақтандыру сомаларының, бағалы қағаздардың бар-жоғын тексеру, сондай-ақ борышкердің банкте тұрған осы және басқа мүлкіне тыйым салу қажет болған жағдайларда жоғарыда көрсетілген әрекеттерді санкциялау туралы дереу мәселе қою қажет.

Санкциялануға жататын атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыны сот орындаушысы сотқа ұсынады. Санкцияланатын әрекеттердің негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізудің материалдары осы қаулыға қоса беріледі. Сот орындаушысының қаулысы материалдар келіп түскен күні сотта қаралуға тиіс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда судья дәлелді ұйғарым шығарады, оған белгіленген тәртіппен шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін. (АІЖК-нің 240-7-бабының 4-бөлігі).

Борышкердің жүрген жері белгісіз болған жағдайда сот орындаушысы ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныммен атқару құжатының орындалу орны бойынша сотқа жүгінуге міндетті.

Іздеу салуды жариялау қажеттілігінің негіздемесіне сот орындаушысы сотқа, атап айтқанда, атқару құжатының көшірмесін, атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының көшірмесін, борышкердің атқару құжаттарында көрсетілген мекенжайда тұрмайтындығы туралы актіні, мекенжай бюросының анықтамасын ұсынуға тиіс.

Борышкерге іздеу салу жөніндегі шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар болып табылады және борышкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынуға тиіс. Борышкерге іздеу салу туралы қаулыны шығарған кезде соттар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3-тармағына сәйкес ішкі істер немесе қаржы полициясы органының тиісті өтініші негізінде ондай шығыстардың мөлшерін айқындап, оларды жергілікті бюджетке өндіріп алу туралы көрсетуге міндетті.

Борышкер сот актісінің уақытында орындалуына кедергі келтіретін әрекеттер (сот орындаушысына келуден жалтару, жұмыс орны мен тұратын жерінің өзгергені туралы хабарламау, сот орындаушысының талаптарын орындамау, сот орындаушысының заңды қызметіне кедергі келтіру және т.б.) жасаған жағдайда атқарушылық іс жүргізу органдары кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі мәселені талқылауға тиіс.

Борышкер сот актілерін орындаудан бас тартқан жағдайда, өндіріп алушы тиісті органдардың алдына кінәлі адамдарды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тарту жөнінде мәселе қоюға құқылы.

Кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы хабарламада сот орындаушысы борышкердің немесе өзге де адамдардың сот актісін әдейі орындамай, сот орындаушысының талаптарына қандай қарсы шаралар қолданғандары туралы көрсетуге тиіс.

Хабарламаға:

- атқару парағының көшірмесі;

- атқарушылық іс қозғалғаны туралы қаулы;

- сот актісін әдейі орындамауды не орындауға кедергі жасауды растайтын құжаттар қоса тіркелуі қажет[30].

Қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық-іс жүргізу заңына сәйкес басқа да қажетті құжаттарды сұрата алады.

Қылмыстық істер бойынша барлық іс жүргізу әрекеттерін процестің сотқа дейінгі кезеңінде ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық қудалау органы, ал жеке айыптау істері бойынша - соттар жалпы негіздерде жүргізеді.

Сот орындаушысының хабарламасын қарамай қайтарып жіберуге, сот орындаушысына іс қозғау және айыптауды дәлелдеу туралы мәселені шешу үшін қажетті дәлелдемелерді жинау жөнінде оларға тән емес функцияларды жүктеуге жол беруге болмайды.

Қылмыстық ізге түсу органы ҚІЖК-нің 183-185-баптарына сәйкес, сот орындаушысының хабарламасын немесе өндіріп алушының арызын қарап, қылмыстық іс қозғау немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға немесе хабарламаны (арызды) тиісті органға беруге міндетті.

Өздерінің қызметтік мүдделеріне қайшы келіп, борышкердің заңды күшіне енген сот актісін орындаудан жалтаруына көмектескен сот орындаушылары заңмен белгіленген тәртіппен жауапқа тартылуы мүмкін.

Сот орындаушылары қылмыстық жауапқа тарту туралы өздеріне белгілі болған фактілер туралы, олардың уақытында қаралмағаны және олар жіберген материалдар бойынша қылмыстық ізге түсу органдары жол берген басқа да заң бұзушылықтар туралы тиісті прокурорлардың назарына дер кезінде жеткізіп отырулары қажет.

Сот актілерін әдейі орындамағаны үшін қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімінің басын заңды күшіне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін әдейі орындалмағанын, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі келтірілгенін айғақтайтын іс-әрекеттердің нақтылы жасалған сәтінен бастап есептеген жөн. Осы орайда сот актісінің шығарылған және күшіне енген уақыты есепке алынбайды.

Егер өндіріп алушы атқару құжатын орындауға ұсыну үшін заңмен белгіленген мерзімді өткізіп алса және осы мерзім ұзартылмаса, тұлға сот актісінің әдейі орындалмағаны үшін жауапқа тартылуға тиіс емес.

Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер ғана емес, сонымен бірге құқыққа қарсы әрекет жасаған өзге де тұлғалар сот актілерінің орындалмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар субъектісі бола алады.

Үкімге, шешімге немесе өзге де сот актісіне байланысты атқарушылық іс жүргізу барысында белгілі бір әрекеттерді жасауға міндетті тұлғалар ғана сот актісін әдейі орындамағаны, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін[30].

Сот актісінің орындалуына кедергі келтіретін әрекеттер жасаған өзге тұлғаларға қатысты сот орындаушысының өміріне қол сұғылғаны, денсаулығына қауіп төндіргені, жала жапқаны, өлтіремін деп қорқытқаны, зиян келтіргені және басқа да әрекеттер жасағаны үшін жауаптылық көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) тиісті баптары бойынша қылмыстық қудалау жүзеге асырылуы мүмкін.

Заңды күшіне енген сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау анықталған жағдайда ғана ҚК-нің 362-бабы бойынша жауаптылықтың туындайтынына назар аударылсын. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 524-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау кезінде туындайды.

Сот актісін әдейі орындамау әрекет жасау немесе әрекетсіздік түрінде байқалуы мүмкін.

Борышкердің сот актісін орындау жөнінде шара қолданбауын, өндіріліп алынуы мүмкін жалақысы мен басқа да мүлкін жасырып қалуын, жұмыс орны туралы, заңды тұлғаны құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатыны жөнінде ақпарат бермеуін, міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауын, сондай-ақ ақша қаражаттары мен мүлікті басқа мақсатқа пайдалануға байланысты өзге де әрекеттерін сот актісін әдейі орындамау деп есептеген жөн.

Борышкердің міндеттемесін толығымен орындауға мүмкіндігі бола тұра, сот актісін орындаудан жалтару мақсатында шамалы соманы қасақана енгізуін әдейі орындамау деп қарастыру керек.

Әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатын сот актілерін орындамау деп борышкердің әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгісі жоқ iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) сот актісін, қаулыларын орындаудан жалтарудан көрінетін әрекетін немесе әрекетсіздігін түсінген жөн.

Сот орындаушыларының заңды талаптарын орындамау мақсатында қасақана жасалған әрекетті (әрекетсіздікті) сот актісінің орындалуына кедергі жасау деп түсіну қажет.

Сот орындаушысының борышкердің мүлкі тұрған тұрғын үйлер мен басқа да үй-жайларға, қоймаларға кіруін шектеу және сот орындаушысының өзінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасайтын басқа да белсенді әрекеттер жасау кедергі келтіру болып есептеледі.

Егер кінәлі адамға жасаған әрекеті үшін бір мезгілде қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік заң қолданылса, онда ол ҚІЖК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 125-бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту борышкерді атқару құжатында көрсетілген әрекеттерді орындау міндетінен босатпайды. ҚК-нің 136, 140-баптары бойынша қозғалған қылмыстық істер тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған жағдайда борыштың өтелген, сондай-ақ қалған сомасын көрсету қажет.

Соттар сот актілерін әдейі орындамағаны үшін үкім шығарған кезде сот актілерін әдейі орындамаудың салдарынан пайда болған мерзімді төлемдер бойынша борыштарды анықтап, ҚІЖК-нің 162-бабына сәйкес мәлімделген азаматтық талаптарды қылмыстық іспен бірге қараулары қажет.

Азаматтық талапкерлердің кінәлі адам сот актісін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару жөнінде жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арыздары қылмыстық істі қарау кезінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады[30].

Заңды күшіне енген сот актілерін әдейі орындамау, сондай-ақ олардың орындалуына кедергі жасау туралы істерді қарау кезінде соттар сот орындаушыларының, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органдарының жұмысындағы кемшіліктер мен олқылықтарға назар аударуға міндетті негіз болған жағдайда жеке қаулылар шығарады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Әрине бұл қаулы толығымен тәжірибе жүзінде іске асатын болса. Алайда тәжірибе көрсеткендей қаулы нормалары толыққанды жүзеге аспайтыны анық.

Қазір борышкерлердің сот орындаушыларының өз жұмысын атқарған кезде оларға қарсы күш қолданып, қорқытып, тұрғын үйге кіргізбеу, өндіріліп алынуға тиіс мүлікті жасыру оқиғалары кездеседі. «Атқару қызметі туралы» заңына сәйкес осындай келеңсіз орын алған жағдайда атқару сот приставтарының көмегімен асырылады. Бірақ, «Сот приставтары туралы» заңында сот приставтарының бөлімшелері сот орындаушыларының жанында емес, соттардың жанында құрылатынын атап өту керек. Іс жүзінде сот приставтары сот залдарында тәртіпті, сот ғимараттарын қорғайды, осыған байланысты сот орындаушыларына уақыты жетпейді[31].

Келесі проблеманы кадр, сот орындаушыларының квалификациясының жеткілікті деңгейде және материалдық ынталандыру жүйесінің жеткілікті дәрежеде жетілмеуінің мәселелері құрап отыр. Міндетті және уақтылы орындау профессионализм мен атқару әрекетінің сауатты жасалуын талап етеді. Практика жүзінде кадрлардың жетіспеуі және олардың үнемі жаңартылуы атқару системасына кері ықпалын тигізуде. Сот орындаушылары үлкен ауыртпалық жағдайында жұмыс істейді, бұл сот шешімдерінің уақтылы орындауына кері ықпалын тигізеді. Сот орындаушыларының көпшілігі керекті профессионалдық деңгейге жеткеннен кейін басқа жұмысқа ауысады. «Атқару қызметі туралы» жаңа Заңның қабылданған сәтінен бастап атқару санкциясы борышкерден толық мәжбүрлеп алынғаннан кейін түскен қаржы республикалық бюджетке аударылады(осы норманың қабылдануына дейін өндіртіп алуды жүргізген сот орындаушысы өндіртіп алынған соманың 5% сыйақы алуға құқығы бар еді және шешімнің тез және толық орындалуына мүдделі болды). Одан басқа «Атқару қызметі туралы» заңның 83 бабында сот орындаушысы қызметіне кандидатта заң білімінің болуы нақты түрде көрсетілмеген. Көрсетілген факт пен еңбек мотивациясының болмауы сот орындаушыларының саны мен сапасына кері әсерін тигізеді.

Жоғарыда аталған проблемадан басқа сот орындаушыларының қызметінде «Атқару қызметі туралы» заңының Қазақстан Республикасының басқа нормативтік – құқықтық актілерімен сәйкессіздіктері оның кейбір тұстарының практикада орындауға мүмкін еместігін туғызады. Заңшығарушылардың сот шешімдерінің орындалмауынан туындайтын жауапкершілік шараларының толық еместігіне назар аударған жөн[32]. Мысалы, сот орындаушысы, егер тұлға оның қызметіне кедергі келтірсе және сот шешімінің орындауынан жалтарса, «Атқару қызметі туралы» заңына сәйкес, онда оның сол тұлғаға қатысты құқық қорғау мен сот органдарына қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік туындауы үшін ұсыныс беруге құқылы. Алайда ондай табыс етулердің көпшілігі борышкердің сот шешімінің орындауынан жалтарғандығы туралы дәлелдемелердің жоқтығынан қанағаттандырылмайды. Анықтаушылар әрекет етуші қылмыстық-процессуалдық нормаларға сүйеніп, жалтарушы борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғамауын борышкердің қаржының жоқтығынан орындаудан бас тартуға ойы жоқ екенін немесе орындауға қандай да бір шаралардың қолданып жатқандығын алға тартады. Осындай ‘шараларға’ борышкердің жоғарғы инстанцияларға жіберген формалды сауалдары не борышкердің қарыз сомасына қатысты болмашы төлемі жатқызылады. Ал борышкердің сот орындаушысына өзінің мүлкі мен ақшасы, олардың орны, тіпті тіркелген мүлікті жасыру (мысалы, тіркелген машинаның болуы) заңнаманың бұзылуы деп есептелінбейді және осы әрекеті үшін жауапкершілік туындамайды. Банктік заңнамамен де сәйкессіздіктер бар. Мысалы: «Атқару қызметі туралы» заңының 35 бабына сәйкес атқарушы құжаттар бойынша өндіртіп алу бірінші кезекте борышкердің қаржысына, соның ішінде банк шоттарынан да өндіртіп алынады. Сот орындаушысы ең алдымен борышкерде банк шоттарының бар екендігін және ол шоттарда ақшаның болуын тексеру керек, онысы тек прокурордың санкциясымен мүмкін болады. Бекітілген тәртіп бойынша сұрау Ұлттық Банкке жіберіледі, ол өз кезегінде сәйкес сұрауларды екінші деңгейдегі банктерге жібереді. «Банк және банк қызметі» заңына сәйкес мұндай мәліметтерді беруге банктардың құқығы жоқ, сондықтан олар сот орындаушының сұрауына жауаптарды шешімді қабылдаған сотқа жібереді[33]. Осылайша барлық банктерден мәлімет жинау үрдісі бірнеше айға созылады. Егер борышкерде есеп айырысу шоты болса, сол шотқа арест тек прокурордың санкциясымен ғана салынады, ал инкассалық бұйрықты банктер атқарушы құжаттың оригиналымен бірге қабылдайды, одан кейін ол банк картотекасында бір жылға дейін болады, егер сол уақыт ішінде шотқа ақша түспесе, онда ол сот орындаушыға орындау үшін беріледі. Жоғарыда аталғандардың барлығын қорыта келе сот орындаушысына берілген мерзімдерді сақтауының мүмкін еместігі турулы ұйғарымға келеміз.

Атқару қызметінің келесі проблемасы – республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын ұйымдардан қаржыны өндіртіп алуда кездесетін қиыншылықтар. Осындай жағдайларда «Атқару қызметі туралы» заңының нормалары емес, басқа нормативтік – құқықтық актілердің нормалары әрекет етеді (ҚР АК, ҚР Үкіметінің 27.12.2004 №1405 бекіткен «ҚР үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін қолдану ережелері» және «Мемлекеттік ұйымдардың атқарушы құжаттарды орындау тәртібінің Инструкциясы»). Сот шешімдерінің мемлекеттік органдармен орындалуына нақты мерзімдер белгіленбеген. Бұл жағдайда да сот орындаушылары дәрменсіз. Өндіртіп алушылар атқаруды бірнеше жылдар бойы ала алмайды, өйткені ондай мақсаттарға бюджетте ақша жоқ. Мемлекеттік чиновниктердің сот шешімін міндетті және уақтылы орындай алмауы түсінбеушілікті туғызады. Себебі жоғарыда аталған актілерге сәйкес ҚР үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың территориалдық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау күтпеген шығындарға жатқызылады. Осы шығындардың күтпегендігінің өзі оларды төлеудің механизмінің болуын қажет етеді. Осы мәселе тез әрі толық шешілуін талап етеді, тіпті керек болса арнайы атқарушы құжаттар бойынша төлем жүргізу фондының құрылу жолымен шешілуі мүмкін[34].

«Атқару қызметі туралы» заңында көрсетілген орындау процедурасының өзінде сәйкессіздіктер бар. Осы күнге дейін арест салынған мүлік реализациясының кейбір тұстары дау туғызады. 49 бабқа сәйкес мүлік реализациясының нысанын таңдау (сауда ұйымдары немесе аукцион) сот орындаушысының құзырында, әрине мүлік түрін және борышкер мен өндіртіп алушының пікірлерін ескере отырып. Алайда осы жағдайда борышкерден объективті және нақты пікір алу қиын. Елімізде борышкерлер қаржы мен мүлкі туралы бірегей мәлімет банкінің жоқтығы да өз септігін тигізуде. Яғни, сот орындаушысы сот шешімін бір әкімшілік – аумақтық бірлікте орындаса, борышкер мүлкінің басқа қалада не облыста болуын білу мүмкін емес. Борышкердің жұмыс орны мен кіріс деңгейі туралы мәлімет жоқ.

Сот шығындарын аванстау жүйесі толық ойластырылмаған. Компетентті органдардың көпшілігі (соттық экспертиза орталықтары, жылжымайтын мүлік орталықтары) өз сараптамаларын алдын-ала төлемсіз беруге келіспейді.

Борышкерді іздестіруді жариялау мәселесі де өз шешімін таппай отыр. Заңға сәйкес борышкерді өндіріп алушыға атқару құжатын орындаусыз, борышкердің тұрғылықты орнын анықтағанға дейін, қайтаруға негіз болады. Бірақ борышкер жасырынып қалып, ал сот орындаушысы қолында оның мүлкі туралы барлық керекті мәліметтер бола тұра, бұл жағдайда заңға сәйкес ешқандай шара қолдана алмайды. Борышкерді іздеу туралы түскен соттардың анықтамалары ішкі істер органдарымен не орындалмайды, не көп уақыт ішінде орындалады[34].

Борышкердің жалақысынан ақша сомалары өндіртіп алу нормасы Заңның ақтаңдағы болып табылады. «Атқару қызметі туралы» заңның 57 бабына сәйкес борышкердің жалақысынан немесе басқа табыс көздерінен сот шешімдерін орындау барысында периодикалық төлемдерді, 2 АЕК-тен аспайтын соманы өндіру кезінде егер борышкердің өндірілуге тиіс соманы толық беруге мүмкіншілігі болмаса өндіріледі. Яғни, егер өндіріліп алынуға тиіс сома үлкен емес, бірақ 2 АЕК-тен асса , борышкердің жалақысынан бұл соманы өндіртіп алуға мүмкіндік болса, сот орындаушысы бұл жағдайда істі жеңілдете алмай, борышкердің мүлкінен өндіртіп алудың ұзақ процедураларын жүргізуге міндетті.

Сонымен қатар өз міндетіне жүрдім-бардым қарайтын сот орындаушылары көбейген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Партиялық бақылау комиссиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі жиынында айтылды. Эксперттік комиссия төрағасы Сергей Жалыбиннің айтуынша, сот актілерін орындаушылар айыппұлдарды өндіруді кейінге қалдырып, оны статистикалық құжатқа тіркемей, өз істерінің жоғары дәрежеде екенін көрсетуге тырысқан. Төраға жиында сондай-ақ, қылмыстық атқару жүйесіндегі бірқатар заңбұзушылықтар жайлы да жайып салды. Саладағы кемшіліктерді жою үшін жұмысты жандандыру керек деді Сергей Жалыбин. Ал төраға баяндаған сараптама нәтижесі төмендегідей.

ҚР Әділет Министрлігі сот актілерін орындау Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті және ҚР Ішкі Істер Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарына жүргізілген

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында «Нұр Отан» ХДП ҚОФ жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан арнайы Эксперттік комиссия құрылып, аталған мекемелер бойынша сараптама жұмыстарын жүргізген болатын. Сараптама қорытындысы бойынша әр департаментке жеке-жеке тоқталсақ:

1. ҚР Әділет Министрлігі сот актілерін орындау Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті (ары қарай Департамент) бойынша:

Департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілген. Ол атқарылған жұмыстарды Департамент бастығының өзі айта жатар.

Департаментпен бұл бағыттарда бірқатар жұмыстар атқарылғанымен, құқық қорғау органдары мәліметтері бойынша заңбұзушылықтар орын алуда. Атап айтқанда,

Облыстық прокуратура органдарымен 2012-2013 жылдар аралығында Қостанай облысының сот актілерін орындау Департаментінде жүргізілген тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар:

2012 жылы прокурорлармен 512 тексерулер жүргізіліп, нәтижесімен сот орындаушыларының заңға қайшы қабылданған 221 қаулыларына наразылықтар енгізіліп, олар заңға сәйкестендірілген.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою және болдырмау жөнінде 306 ұсыныстар қаралып, заң бұзушылықтарға жол берген 209 лауазым иелері тәртіптік жауапкершіліктерге, 33 азамат әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған. Заңсыздықты тез арада жою туралы 281 ұйғарым шығарылып, олардың барлығы қарау нәтижесімен орындалған.

Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде 925, 1 млн. теңге өндіру туралы 5 736 сот актілері мен уәкілетті органдардың қаулылары орындалған, оның ішінде мемлекет пайдасына 723, 2 млн. теңге өндірілген.

Яғни, 2012 жылы сот орындаушылармен мемлекет мүддесіне нақты өндірілген 1,3 млрд. теңге қаржының, 723,2 млн. теңгесі немесе 55,4% прокурорлық ықпалдар негізінде орындалып отыр.

2012 жылдың қорытындысымен сот орындаушылар өндірісінде мемлекет пайдасына өндірілуге жататын жалпы 5,2 млрд. теңге қалдықта қалып отыр.

Облыстық прокуратура тарапынан сот орындаушылар өндірісіндегі мемлекет пайдасына қатысты ұзақ мерзімнен бері орындалмай жатқан атқару құжаттары бойынша борышкерлердің мүліктері мен қаржыларын анықтау мақсатында қарсы тексерулер ұйымдастырылған.

Мысалы, Қостанай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің өндірісінде 2009 жылдың сәуір айынан «Химволокно» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 7,4 млн. теңге өндіру туралы атқару құжаты бойынша сот орындаушымен шешім қабылданбай келген.

2009 жылы сот орындаушылармен жүргізілген атқарушылық іс-шараларының нәтижесінде борышкердің атына тіркелген мүліктер мен банк есеп шоттарында қаржылар анықталмаған.

Ал, облыс прокуратурасымен бұл атқару құжат бойынша борышкердің мүліктері мен қаржысын анықтау мақсатында мемлекеттік тіркеу органдары мен екінші сатылы банктерге сұрау хаттары жолданып, жүргізілген қарсы тексеру нәтижесінде борышкер «Химволокно» ЖШС-нің 2010-2012 жылдары аралығында, яғни атқару өндірісі қозғалғаннан кейін «Бта Банк» АҚ-да және «Цесна Банк» АҚ-да есеп шоттарын ашып, ол есеп шоттарда көрсетілген мерзімдер аралығында 128 млн. теңгеден астам қаржылар айналымда болғаны анықталған.

Яғни, борышкер сот шешімін орындаудан қасақана бас тартып, сот орындаушыға өздерінің табыс көздерін жасырып, жаңадан банк есеп шоттарын ашу арқылы кәсіпкерлік жұмыстарын ары қарай жалғастырып отырған. Ал сот орындаушылар өз тарапынан атқару өндірісі бойынша қайтадан тексеру амалдарын жүргізбеген.

Сонымен бірге, мемлекетке кіріс етілмеген айғақ заттарды анықтау мақсатында айғақ заттарды сақтау қоймаларында тексерулер жүргізіліп, екі қылмыстық іс бойынша айғақ заттардың сақтауда тұрған жерлерінде жоқ болып шыққаны анықталған.

Бірін атап өтсек, Қостанай қаласының Затобол аумақтық сот орындаушылар бөлімінде тексеру жүргізу барысында айғақ заттарды сақтау қоймасында сот актісі негізінде мемлекетке кіріс етілген 17 000 теңгенің және 25,65гр. алтын алқасы жоқ болып шыққаны анықталған.

Бұл дерек бойынша облыс прокуратурасымен қылмыстық іс қозғалды.

Прокуратура органдарымен осы мерзімде мемлекетке берешегі бар борышкерлерді сот шешімін орындамағаны үшін 21 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал аталған жұмыстар сот орындаушылармен атқарылуы тиіс болатын.

Сонымен қатар, прокуратура органдарымен әкімшілік айыппұлдарды өндіру жағдайына тексерулер жүргізілген.

Мысалы, 28.12.2012 жылы Қостанай қаласының Затобол аумақтық сот орындаушылар бөлімінде жылдың қорытындысына қарай сот орындаушылармен орындауға келіп түскен атқару құжаттарын тіркеу заңдылығына тексеру жүргізу барысында аталған бөлімнің хатшылық бөлмесінде Қостанай қаласының жол полициясымен мәжбүрлеп орындауға жолданған 14,2 млн. теңгеге қатысты 1 836 әкімшілік құқықбұзушылық туралы құжаттары 15 күннен бері қозғалыссыз жатқаны анықталған.

Яғни, сот орындаушылар заң талаптарын бұзып, 3 тәулікте орындауға келіп түскен атқару құжаттары бойынша шешім қабылдамай, өздерінің статистикалық мәліметтерін орындауға келіп түскен құжаттарды енгізбеу арқылы жоғарылатуды көздеген.

Дер кезінде қолданылған прокурорлық шарасы нәтижесінде мемлекеттік статистикалық есептің бұрмалануына жол берілмей отыр.

Жалпы, прокуратура тарапынан атқару құжаттарының орындалу заңдылығына 98 тексерулер жүргізіліп, нәтижесі бойынша 93 заң бұзушылықты тез арада жою жөнінде ұйғарымдар шығарылған, 69 сот орындаушының заңсыз қабылданған қаулылары прокурорлық наразылықтары негізінде бұзылған, енгізілген 68 ұсыныстың қарау нәтижесінде 43 сот орындаушы тәртіптік жауапкершіліктерге тартылса, 8 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қолданылған прокурорлық шаралардың нәтижесінде 437,6 млн. теңгеге қатысты 3 787 әкімшілік айыппұл өндіру туралы атқару құжаттары нақты орындалған.

Бұл өндірілген сомма сот орындаушымен әкімшілік айыппұлдан өндірілген жалпы қаржының 58,7 пайызын құрап отыр. (сот орындаушылармен 745,6 млн. теңге ғана өндірілген).

2013 жылдың 1 тоқсанында Департаменттің аумақтық сот орындаушылар бөлімшелерінің өндірісінде 95,8 млрд. теңге өндіру туралы 40 155 атқарушылық іс-жүргізу құжаттары болған.

Осы мерзім ішінде прокуратура органдарының ықпал ету актілерінің негізінде мемлекет пайдасына нақты 25, 9 млн.теңге өндірілген немесе сот орындаушылармен жүргізілген іс-шараларының нәтижесінде өндірілген 94,7 млн. теңгенің 27,3 пайызын құрайды.

Облыс прокуратурасымен Департаментте және аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінде жүргізілген тексеру нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған, олар бойынша тиісті шара көрілмегені анықталып, облыс прокурорының ұсынысы бойынша 16 аумақтық бөлімшелер бастықтары — аға сот орындаушылары тәртіптік жазаға тартылған.

Сонымен бірге облыс прокуратурасының бастауымен сот орындаушылардың өндірісіндегі мемлекет пайдасына қатысты ұзақ мерзімнен бері орындалмай жатқан атқару құжаттары бойынша борышкерлердің мүліктері мен қаржыларын анықтау мақсатында қарсы тексерулер ұйымдастырылған. Мысалы,

Қостанай аумақтық сот орындаушылар бөлімімен 24.08.2012 жылы борышкер «Юг Ойл LTD-II» ЖШС-нен мемлекет пайдасына 19,1 млн. теңге және 7,4 млн. теңге әкімшілік айыппұл өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу өндірістері қозғалған.

Сот орындаушымен атқарушылық іс шараларын жүргізу барысында борышкердің екінші деңгейлі банк мекемелеріндегі есеп шоттары толығымен тексерілмеген, тек 6 банктің жауаптары алынып, қалған 10 банктің жауаптары алынбаған.

Еңбекші аудандық прокуратурамен қарсы тексеру жүргізу барысында борышкер мекеменің «Альянс Банктегі» есеп шотында ақша айналымының болғандығы анықталған.

Дер кезінде қолданылған прокурорлық шаралар нәтижесінде 19.02.2013 жылы 900 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілген.

Осы мерзімде анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 69 ұсыныс қаралып, заң бұзушылықтарға жол берген 74 лауазым иелері тәртіптік және 7 әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңсыздықты тез арада жою туралы 75 ұйғарымдар шығарылып, олардың барлығы қарау нәтижесімен орындалған.

Сонымен қатар, Департаментте 2012 жылы және 2013 жылдың 1-ші тоқсанында Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау туралы» Заңының талаптарының сақталуына жүргізілген тексеруде заңбұзушылықтар анықталған.

Статистикалық есепті зерделеу кезінде бірде бір арыз бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданбағаны анықталды, алайда арыздардың және оған жауаптардың мазмұнына қарағанда бірқатар арыздар бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдер қабылданғаны анықталған.

Мысалы, Р.Булебаева 15.02.2013 жылы Департаментке Қостанай қаласы Зеленая аумақтық бөлімінің сот орындаушысы М.Шатырбаевтың іс әрекетіне жазған арызы қаралып, нәтижесінде сот орындаушымен атқарушылық іс жүргізу өндірісі бойынша әрекеттері заң аясында жүргізгені туралы 15.03.2013 жылы жауап берілген, яғни Р.Булебаеваның арызында көрсетілген уәждері өз дәлелін таппағандықтан қанағаттандырусыз қалдырылған.

Осындай мағыналас заң бұзушылықтар азаматтардың және заңды тұлғалардың 18 арыз-шағымдары бойынша орын алған.

Аталған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есеп бұрмаланған.

Сонымен қатар, әр түскен арыз бойынша есеп алу карточкасы арналуы тиіс, алайда бұл талап мүлдем назардан тыс қалған.

Бұдан бөлек, әр жылдың соңында қаралған азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері оған қатысты құжаттар іс қалыптастырылып, мұрағатқа тапсырылу керек болса, бұл талаптар сақталмай 2012 жылғы барлық өтініштер мен жауаптар тек істерге жинақталып, ұйымдастыру талдау және атқару өндірісін қамтамасыз ету бөлімінде сақталатыны анықталған.

Сондай-ақ, тексеру барысында кейбір арыздар бойынша бақылау істері арналатыны, ал кейбірлері бөлім орналасқан бөлмеде есепсіз еш бір іске тігілмей сақталатыны анықталған.

Заңның 9 бабының 1 тармағында, субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы қарауды қамтамасыз етеді деп көрсетілген.

Заңның бұл талабын бөлім мамандары сақтамай, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда, олардың құқықтарына нұқсан келтірген.

Департаментпен статистикалық есебінде 2012 жылы және 2013 жылдың 3 айында қаралған азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының қарау мерзімдері бұзылмаған деп көрсеткен.

Алайда, тексеру барысында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есебінің бұрмалауына жол берілгені анықталды.

Сондай-ақ, Департаменттің бөлім қызметкерлерімен заңмен белгіленген арыз шағымдарды қарау бойынша 30 күн мерзімдерін бұзу көптеген деректері анықталды.

Мысалы, 20.02.2013 жылы Департаментке әскери бөлімінің командирі Б.Оспанбековтың сот шешімінің орындалмай жатқаны жөнінде арызы келіп түсіп, оны қарау үшін бөлімінің маман А.Джабагиеваға тапсырылған. А.Джабагиевамен арыздың қарау нәтижесі бойынша 19.04.2013 жылы арыз иесіне 30 күн белгіленген мерзімді бұза отырып, жауап берілген.

Осы сияқты заң бұзушылықтар 47 азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары бойынша орын алғаны анықталған.

Сонымен қатар, осы тексеру барысында тіпті азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына жауап бермеу деректері де анықталған. Мысалы,

11.12.2012 жылы Департаментке сот шешімінің орындалмай жатқаны жөнінде «Kaspi Bank»-ның Қостанай қаласы филиалының бастығы М.Айтуаровтың арызы тіркеуге алынып, арызды қарау бөлім маманы М.Момынкуловаға тапсырылған.

Алайда, бұл заңды тұлғаның арызына бүгінгі күнге дейін, яғни 4 айдан астам уақыт арызына жауап берілмегені анықталды[36].

Осылайша сот шешімдерінің қанағаттанарлық дәрежеде орындалмауының себептері объективті (борышкерде мүлік не басқадай материалды құндылықтардың жоқтығы), заңдардың толымсыздығы және субъективті – сот орындаушысының өз жұмысына қарауынабайланысты екенін көруге болады. Түрлі атқарушы құжаттарды орындау мәселелері жедел шешілуді талап етеді.

Сот шешімдерінің қандай да болмасын объективті жағдайға байланысты орындалмауы сот және мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді.

ҚОРЫТЫНДЫ




  1. Сот актісі- бұл құқықтық қолдану актісі . Мұнда құқық туралы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процесуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.

ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар.

1) сот қаулысы;

2) сот шешімі;

3) сот ұйғарымы;

4) сот бұйрығы.

2. Сот қаулылырын және басқа актілерді орындау – бұл атқару өндірісінің субъектілерінің – приставтар мен орындаушылардың құқыққолдану қызметі. Соттық қызметпен салыстырғанда сот орындаушысы құқық туралы дауды шешпейді, сот процесінде, нотариаттық өндірісте, келісім комиссиясында еңбек дауларын қарастыру процессінде анықталған талаптарды орындайды.

3. Сот орындаушысына қойылатын талаптар:

Сот орындаушысы - мемлекеттік қызметте тұратын, және сот актілерін басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам. Сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау жөніндегі сот орындаушысының қоятын талаптары барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті. Сот орындаушысының жарияланған конкурстың нәтижесі бойынша аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Сот орындаушысының сан құрамы судьялардың сан құрамына сәйкес болуы керек.

Сот орындаушысына қойылатын талаптар:

Сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттерді лауазымдылық өкілеттіліктерді орындамауы ҚР-ның заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Сот орындаушысының құқықтары:

1) Орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға құқылы.

2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқылы.

3) Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, ҚР-ның заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз қажет ақпарат, түсініктемелер мен анықтамалар алуға құқылы. Бұл орайда органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеуді талап ететін жағдайда 3 күннен кешіктірмей сот орындаушысына беруге міндетті.

4) Атқарушылық әрекеттер жасағанда негізге алынған атқару құжаттары түсініксіз болған жағдайда түсінік алу үшін сотқа немесе атқару құжатын берген басқа да органдарға жүгінуге құқылы.

5) Атқарушылық әрекеттер жасау кезінде пайда болған мәселелер бойынша оның ішінде орындау мерзімін кейінге қалтыру мерзімен ұзарту туралы, сондай-ақ борышкерлерді іздестіру мәселелері бойынша сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы.

6) Іс жүргізіліп жатқан атқару құжаттары бойынша азаматтар мен лауазымды адамдарды шақыруға құқылы.

7) Нақты атқарушылық әрекеттер жасау мәселелері бойынша тапсырмалар беруге құқылы.

8) Борышкерлер сондай-ақ, өздерінде борышкерге тиесілі мүліктің бар екенін растайтын деректер болған жағдайда, басқа адамдар орналасқан немесе оларға тиесілі үй жайлар мен қоймаларға кіруге, қажет болған жағдайда үй-жайлар мен қоймаларды мәжбүрлеп ашып қарауға, айғақ адамдардың қатысуымен тексеруге құқылы.

9) Атқару құжатын орындаумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларының және басқа да лауазымды тұлғалардың қабылдануына кедергісіз кіруге құқылы.

10) Борышкердің банктегі ақшасы мен бағалы қағаздарына атқарушылық іс жүргізу және «сот орындаушысының мәртебесі» туралы заңында көзделген ережелерді сақтай отырып, уақытша тиым салуды қолдануға құқылы.

11) Мүлікке оның кімге тиесілі екенін анықтағанға дейін «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы заңында көзделген ережелерді сақтай отырып, уақытша тиым салуды қолдануға құқылы.

12) Тиым салынған мүлікті алуға, сақтау үшін беруге және сатуға құқылы.

13) Алынған мүлікті сақтау үшін ұйымдардың үй-жайын сол мүлікті тасу үшін өндіріп алушы мен борышкердің көлігін заңда белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы.

14) Қажет болған жағдайда атқару құжатының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету үшін ІІО-ның қызметкерлерін немесе бөлімшелеріне жүгінуге құқылы.

15) Қылмыстық қудалау органдарына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

Сот орындаушысының міндеттері:

1) Соттың талапты қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерін, ұйғарымдарын орындауға міндетті.

2) Тараптарға немесе олардың өкілдеріне атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, көшірмелер түсіруге мүмкіндік беруге міндетті.

3) Атқарушылық іс жүргізу туралы арыздар мен тараптардың өтініштерін қарауға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзімдері мен тәртіптерін түсіндіруге міндетті.

4) «Атқарушылық іс жүргізу» туралы заңы бойынша сот орындаушысының атқарушылық өндірістің әділеттілігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар бар болса, істі қараудан бас тартуға міндетті.

4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік сот орындаушылармен қатар жеке сот орындаушылар өз қызметтерні атқарадаы. Жеке сот орындаушылар белгілі бір дербес мемлекет тәрізді. Яғни жеке сот орындаушы ешкімге тәуелді болмай, жеке табысы арқылы өзін-өзі қаржыландырады. Ал жеке сот орындаушысының құзыреті, заңды пайдалануына келсек, мемлекеттік сот орындаушысымен тепе-тең.

Мемлекеттік сот орындаушысы жалақысын бюджеттен алса, ал, жеке сот орындаушылары өздерінің атқарған жұмыстарына байланысты қаржыландырылады. Жеке сот орындаушы қызметіне ақы төлеуді борышкерден өндіріп алынған қаражат есебінен жүргізеді. Жеке сот орындаушысының қызметі үшін ақы төлеу сомасы өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он пайызын алады.

Ал, мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. Жаңа заң әділетке мойынсұнғысы келмейтін азаматтарды мәжбүрлеу арқылы сот актілерін орындауына ықпал етеді. Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде қылмыстық әрекеттерге жол бермеуі, ел азаматтарының құқықтары мен мүдделері аяқ асты болмауы заңмен толық қорғалған. Ендігі жерде жеке сот орындаушылар мемлекеттік сот орындаушылармен баламалы түрде қатар жұмыс істейді. Әр тұрғын қай сот орындаушыны таңдаймын десе де құқылы. Міне осыдан кейін жеке сот орындаушылар мен мемлекеттік сот орындаушылар арасында үлкен бәсекелестік туындап, жұмыс сапасы арта түседі.

5. Сот орындаушылары атқару өндірісі кезінде біршама қиындықтарға тап болады. Мысалы, сот орындаушысы, егер тұлға оның қызметіне кедергі келтірсе және сот шешімінің орындауынан жалтарса, «Атқару қызметі туралы» заңына сәйкес, онда оның сол тұлғаға қатысты құқық қорғау мен сот органдарына қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік туындауы үшін ұсыныс беруге құқылы. Алайда ондай табыс етулердің көпшілігі борышкердің сот шешімінің орындауынан жалтарғандығы туралы дәлелдемелердің жоқтығынан қанағаттандырылмайды. Анықтаушылар әрекет етуші қылмыстық-процессуалдық нормаларға сүйеніп, жалтарушы борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғамауын борышкердің қаржының жоқтығынан орындаудан бас тартуға ойы жоқ екенін немесе орындауға қандай да бір шаралардың қолданып жатқандығын алға тартады. Осындай ‘шараларға’ борышкердің жоғарғы инстанцияларға жіберген формалды сауалдары не борышкердің қарыз сомасына қатысты болмашы төлемі жатқызылады. Ал борышкердің сот орындаушысына өзінің мүлкі мен ақшасы, олардың орны, тіпті тіркелген мүлікті жасыру (мысалы, тіркелген машинаның болуы) заңнаманың бұзылуы деп есептелінбейді және осы әрекеті үшін жауапкершілік туындамайды. Банктік заңнамамен де сәйкессіздіктер бар. Мысалы: «Атқару қызметі туралы» заңының 35 бабына сәйкес атқарушы құжаттар бойынша өндіртіп алу бірінші кезекте борышкердің қаржысына, соның ішінде банк шоттарынан да өндіртіп алынады. Сот орындаушысы ең алдымен борышкерде банк шоттарының бар екендігін және ол шоттарда ақшаның болуын тексеру керек, онысы тек прокурордың санкциясымен мүмкін болады. Бекітілген тәртіп бойынша сұрау Ұлттық Банкке жіберіледі, ол өз кезегінде сәйкес сұрауларды екінші деңгейдегі банктерге жібереді. «Банк және банк қызметі» заңына сәйкес мұндай мәліметтерді беруге банктардың құқығы жоқ, сондықтан олар сот орындаушының сұрауына жауаптарды шешімді қабылдаған сотқа жібереді. Осылайша барлық банктерден мәлімет жинау үрдісі бірнеше айға созылады. Егер борышкерде есеп айырысу шоты болса, сол шотқа арест тек прокурордың санкциясымен ғана салынады, ал инкассалық бұйрықты банктер атқарушы құжаттың оригиналымен бірге қабылдайды, одан кейін ол банк картотекасында бір жылға дейін болады, егер сол уақыт ішінде шотқа ақша түспесе, онда ол сот орындаушыға орындау үшін беріледі. Жоғарыда аталғандардың барлығын қорыта келе сот орындаушысына берілген мерзімдерді сақтауының мүмкін еместігі турулы ұйғарымға келеміз.

Атқару қызметінің келесі проблемасы – республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын ұйымдардан қаржыны өндіртіп алуда кездесетін қиыншылықтар. Осындай жағдайларда «Атқару қызметі туралы» заңының нормалары емес, басқа нормативтік – құқықтық актілердің нормалары әрекет етеді (ҚР АК, ҚР Үкіметінің 27.12.2004 №1405 бекіткен «ҚР үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін қолдану ережелері» және «Мемлекеттік ұйымдардың атқарушы құжаттарды орындау тәртібінің Инструкциясы»). Сот шешімдерінің мемлекеттік органдармен орындалуына нақты мерзімдер белгіленбеген. Бұл жағдайда да сот орындаушылары дәрменсіз. Өндіртіп алушылар атқаруды бірнеше жылдар бойы ала алмайды, өйткені ондай мақсаттарға бюджетте ақша жоқ. Мемлекеттік чиновниктердің сот шешімін міндетті және уақтылы орындай алмауы түсінбеушілікті туғызады. Себебі жоғарыда аталған актілерге сәйкес ҚР үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың территориалдық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін орындау күтпеген шығындарға жатқызылады. Осы шығындардың күтпегендігінің өзі оларды төлеудің механизмінің болуын қажет етеді. Осы мәселе тез әрі толық шешілуін талап етеді, тіпті керек болса арнайы атқарушы құжаттар бойынша төлем жүргізу фондының құрылу жолымен шешілуі мүмкін.

«Атқару қызметі туралы» заңында көрсетілген орындау процедурасының өзінде сәйкессіздіктер бар. Осы күнге дейін арест салынған мүлік реализациясының кейбір тұстары дау туғызады. 49 бабқа сәйкес мүлік реализациясының нысанын таңдау (сауда ұйымдары немесе аукцион) сот орындаушысының құзырында, әрине мүлік түрін және борышкер мен өндіртіп алушының пікірлерін ескере отырып. Алайда осы жағдайда борышкерден объективті және нақты пікір алу қиын. Елімізде борышкерлер қаржы мен мүлкі туралы бірегей мәлімет банкінің жоқтығы да өз септігін тигізуде. Яғни, сот орындаушысы сот шешімін бір әкімшілік – аумақтық бірлікте орындаса, борышкер мүлкінің басқа қалада не облыста болуын білу мүмкін емес. Борышкердің жұмыс орны мен кіріс деңгейі туралы мәлімет жоқ.

Сот шығындарын аванстау жүйесі толық ойластырылмаған. Компетентті органдардың көпшілігі (соттық экспертиза орталықтары, жылжымайтын мүлік орталықтары) өз сараптамаларын алдын-ала төлемсіз беруге келіспейді.

Борышкерді іздестіруді жариялау мәселесі де өз шешімін таппай отыр. Заңға сәйкес борышкерді өндіріп алушыға атқару құжатын орындаусыз, борышкердің тұрғылықты орнын анықтағанға дейін, қайтаруға негіз болады. Бірақ борышкер жасырынып қалып, ал сот орындаушысы қолында оның мүлкі туралы барлық керекті мәліметтер бола тұра, бұл жағдайда заңға сәйкес ешқандай шара қолдана алмайды. Борышкрді іздеу туралы түскен соттардың анықтамалары ішкі істер органдарымен не орындалмайды, не көп уақыт ішінде орындалады.

Борышкердің жалақысынан ақша сомалары өндіртіп алу нормасы Заңның ақтаңдағы болып табылады. «Атқару қызметі туралы» заңның 57 бабына сәйкес борышкердің жалақысынан немесе басқа табыс көздерінен сот шешімдерін орындау барысында периодикалық төлемдерді, 2 АЕК-тен аспайтын соманы өндіру кезінде егер борышкердің өндірілуге тиіс соманы толық беруге мүмкіншілігі болмаса өндіріледі. Яғни, егер өндіріліп алынуға тиіс сома үлкен емес, бірақ 2 АЕК-тен асса , борышкердің жалақысынан бұл соманы өндіртіп алуға мүмкіндік болса, сот орындаушысы бұл жағдайда істі жеңілдете алмай, борышкердің мүлкінен өндіртіп алудың ұзақ процедураларын жүргізуге міндетті.

Осылайша сот шешімдерінің қанағаттанарлық дәрежеде орындалмауының себептері объективті (борышкерде мүлік не басқадай материалды құндылықтардың жоқтығы), заңдардың толымсыздығы және субъективті – сот орындаушысының өз жұмысына қарауынабайланысты екенін көруге болады. Түрлі атқарушы құжаттарды орындау мәселелері жедел шешілуді талап етеді

Атқару қызметінің сапасын көтеру үшін мынадай шаралар қолдану қажет:

1. Сот орындаушыларының мәртебесін көтеріп, оларға сот приставтарының кейбір өкілеттіктерін беру керек;

2. Заңнамаға сот шешімдерін орындаудан жалтаратын тұлғаларға қатысты қатаң санкцияларды көздейтін бірқатар нормаларды енгізу;

3. Заңнамада сот орындаушысы лауазымына кандидаттардың кәсіптік деңгейіне қойылатын талаптарды нақтылау қажет;

4. Сот орындаушыларының қызметін ашықтау жасау керек, заң тұрғысынан атқару құжатарымен жұмыс істеу тәртібін нақтылап, «Атқару қызметі туралы» заңның ішіндегі және басқа заңдармен келіспеушілікті жою.

5. Сот орындаушыларының материалдық ынталандырудың жүйесін өзгерту керек.

6. Заң тұрғысынан борышкерді сот орындаушысына оның барлық банк шоттары мен мүлкі туралы мәлімет беруге міндетті етіп, мәліметтерді жасырған жағдайда жауапкершіліктің туындауы қажет.

Осы және басқа да шаралардың іске асуы орындау сапасының көтерілуіне және әділ соттың өркендеуіне жағдай жасайды жасайды деген ойға тоқталуға болады. Сот шешімдерінің қандай да болмасын объективті жағдайға байланысты орындалмауы сот және мемлекеттің беделіне нұқсан келтіреді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. (7.10.1998 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен қоса). Алматы. 2013.

  2. ҚР-ң Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999, 13 шілде. Алматы. 2011.

  3. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1998жылғы. 17 желтоқсан. (соңғы өзгерістер 2011жыл). http://online.zakon.kz сайтынан алынған.

  4. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. В 2-х томах. – Алматы: КазГЮА, 2001.

  5. Егембердиев Е.О. Атқарушылық іс жүргізу (оқу құралы) / Астана - Фолиант. 2006. б.160.5.

  6. Шакарян М.С. Гражданское процессуальное право РФ. М., 1996.

  7. Гражданский процесс/Под ред. Осипова М., 1995.

  8. Гукасян Р.Е. Гражданский процесс. Учебник./Под.ред. К.С.Юдельсона. М., Юриздат,1972

  9. Бөкебаев Т. Атқарушылық құжаттар нақты әрі сапалы орындалуы тиіс // Құқықтық Қазақстан. 2005. 8 қаңтар. б. 1-2.

  10. Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 Нормативтік қаулысы

  11. Қаракулов Н. Сот – құқықтық жүйесін дамыту. Сот жүйесіне сенім // Заң және заман. 2013. №2. б. 71-72.

  12. Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: в двух томах. –Т.1.Общая часть: Учебник.- Алматы: КазГЮА, 2001.

  13. Сот жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңі (Астанада сот орындаушыларының I съезі болып өтті) // Заң газеті. 2007. 12 маусым. б. 1.

  14. Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстана: в двух томах. –Т.2.Особенная часть: Учебник.- Алматы: КазГЮА, 2001.

  15. Тұрғараев Б. Іс жүргізу кезеңдері. // Ақиқат. 2007. №2. б.30-33.

  16. Гражданское процессуальное право Казахстана: Курс лекций: Учеб. пособие / Авт. О. В. Арсентьев.- Челябинск: Рекпол, 2000.- 168 с.

  17. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Науч.-практич. пособие. – Алматы: Жеті Жарғы, 2002.

  18. Атаханова С.И. Билік бөлу қағидасының азаматтық сот ісін жүргізудегі алатын рөлі // Қайнар университетінің хабаршысы. 2009. № 4/2. б. 53-56.

  19. Тұрғараев Б. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық қатынастардың ұғымы мен мазмұны. // Тураби. 2006. №6. б.2-6.

  20. Богуславский М.М. Международное частное право. –М., 1989.

  21. Тұрғараев Б. Қазақстан Республикасындағы атқарушылық іс жүргізудегі реттеудің заңнамалық негіздері. // Тураби. 2006. №5. б.2-6.

  22. Боннер А.Т. Законность и справедливость в правоприменительной деятельности.- М., 1992.

  23. Гражданский кодекс РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Кн.1. / Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю. Г. Басин.- Алматы: Жеты Жарғы, 1997.

  24. Сизинцев С.С. Егер сот орындаушысы әрекетсіздік танытса // Қазақстандағы мамандар анықтамалылығы. 2011. №10. б. 32-35.

  25. Елемесова Г. Сотта мемлекеттік айыптаушы прокурорлық қолдау негізі // Заң және заман. 2013. №7. б. 43-45.

  26. Қазақстан Республикасының Заңы. Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы. / Алматы. – Жеті жарғы. 1998. б.76.

  27. Құсбеков Д. Білікті маман – жүйелі жұмыс кепілі. // Заң газеті. 2007. 24 мамыр. б.2.

  28. Балғарина Б. Үлкен істің бастауы: Сот шешімдерін орындау еуропалық стандартқа сай болуы тиіс // Егемен Қазақстан. 2008. 31 қазан. б.2.

  29. Ахметжанова Т. Сот актілері жеке тұлғаларға тыпсырылады // Заң газеті. 2010. 2 қараша. б. 2.

  30. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот актілерін әдейі орындамағаны үшін жауаптылық туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысы. http://online.zakon.kz сайтынан алынған.

  31. Әбішева Л. Әділ сот – ақиқаттың айнасы // Арқалық хабары. 2011. 23 ақпан. б. 6.

  32. Баймұханов Қ. Сот актілерінің орындалуының бірқатар себептері // Қостанай таңы. 2013. 6 ақпан. б. 6.

  33. Мажитов Р. Сот актілері толық орындалуда ма? // Заң және заман. 2010. №4. б. 27-28.

  34. Герд Велинг, Аленов М.А. Исполнение судебных актов: опыт Германии и Казахстана. // Мемлекеттік қызмет, басқару. 2013. №3. – б.152.

  35. Жақсыбай С. Сот орындаушысы: мәртебесін көтермей, істің оң сипат алмайтыны ақиқат. // Егемен Қазақстан. 2013. 25 мамыр. б.2.

  36. Өз ісіне салғырт қарайтын сот орындаушылар. / Қостанай облысы сот орындау Департаментінің ресми: http://disakostanay.kz сайтынан алынған






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет