Қалалық білім бөлімі



бет3/4
Дата11.09.2020
өлшемі78,5 Kb.
#77791
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама1

Қорытынды.
Шығармашылық дарындылықтың белгілері әр түрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез-келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек.

Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса да бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім мапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с., өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды компьютерлік технологиялар арқылы оқыту  оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру мен қатар оларды өз бетімен ізденуге де  ұмтылдырады.

Біздің осы атқарылып жатқан  жұмыстарымыз  арқылы  оқушылардың өз білімдерін ұштауға, қабілеттерін шыңдауға қосқан үлесіміз  деп білемін. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет