Қалалық білім бөліміне «Казрис» негізгі мектебінен



бет6/6
Дата31.01.2022
өлшемі16,65 Kb.
#130266
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
00094b7a-96d24edd

Наурыз, сәуір, мамыр: «Тәуекел топ» балаларымен коррекциялық жұмыс, жеке және сұраныс бойынша жұмыс, диагностика нәтижелері бойынша жұмыс, 5-сынып оқушыларымен бейімделуге байланысты жұмыстар, 8-9 сынып оқушыларымен стрессті жеңуге байланысты тренингтік жұмыстар.

«Казрис» негізгі мектебі бойынша психологиялық қызмет іс-әрекетінің жылдық жұмыстарының негізінде – оқу жылының басында облыс әкімінің №878 қаулысы бойынша мектеп директорының №174 бұйрығы шықты. Аталған бұйрық бойынша 2015-2016 оқу жылына арналған жылдық іс-шара жоспары жасалып бекітілді. Іс-шара жоспарындағылар жоғарыда келтірілген мәлімет бойынша әр айға және әр аптада атқарылатын жұмыстарға бөлінді. Оқу жылының басында мектепішілік тізімге алу жұмыстары жүргізілді. Мұнда оқушылардың отбасы әлеуметтік – психологиялық ахуалы мен әлеуметтік сапасына мән берілді.Әрімен қарай оқушылардың педагогикалық –психологиялық жеке карталары толтырылды.

Қазан айында оқушылардың ұжымдық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу мақсатында 5-9 сыныптар аралығында «Социометрия» әдістемесі жүргізілді. 5 сынып оқушыларының мектептегі мазасыздық деңгейімен орта буынға бейімделуіне арналған сауалнамалар алынды.

Қараша айында 2-3 сынып оқушыларының таным процестері диагностикаланды. 5-7 сыныптардан «Тәуекел» топтағы оқушыларды анықтау мақсатында проективті тесттер алынды.

Желтоқсан айында 5-9 сынып оқушыларының мінез-құлық типін анықтау мақсатында «Темперамент типі» әдісі жүргізілді. 9 сынып оқушыларының кәсіби ой-ниеті мен мамандыққа деген көзқарасын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды.

Қаңтар айында бастауыш сынып оқушыларының танымдық когнетивтік процестерін анықтау үшін 3 сынып оқушыларына Бурдонның «зейінді зерттеу» тесті алынды. Сонымен қатар 4 сынып оқушыларына А.Зак ұсынған «Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау» әдістемесі жүргізілді.

Ақпан айында 9 сынып оқушыларының ОЖСБ-ға дайындығын бақылау сауалнамасы алынды. Сонымен қатар мектеп-лицей ұстаздарына арналған «Шмишек» тесті жүргізілді. 8-9 сынып оқушыларының мамандық класификациясын анықтау мақсатында «Голланд» тесті жүргізілді.

Наурыз айында 8-9 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған сауалнама алынды. 5-9 сыныптар аралығында «Оқушылардың мектепке, пәнге, мұғалімге деген қарым-қатынасын анықтау» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін бақылау үшін 9 сынып оқушыларына мінездеме толтырылды.

Сәуір айында 5-8 сынып оқушыларына – мектептегі эмоционалды және эстетикалық қабылдауы мен жаңа оқу жылына ұсыныстарын зерттеу мақсатында сауалнама алынды.

Мамыр айында жалпылама түрде жыл бойы атқарылған жұмыстарға қорытындылау жүргізілді. «Тәуекел топты» анықтау мақсатында 5-7 сыныптар аралығында кешенді психологиялық тесттер алынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет