а. тері астылық,
б. кілегей астылық,
в. шонданай – тік ішектік,
г. жамбас –тік ішектік,
д. тік ішек артылық.
«СҮТ БЕЗІ АУРУЛАРЫ»
1.Босанғаннан кейінгі маститтің серозды қабыну сатысын емдеу:
а. бездерді жоғары орналастырып таңғыш салу,
б. жартылай спиртті компресс,
в. сүтті сауу,
г. дезинфекциялаушы ертінділермен емізікшені майлау,
д. барлығы дұрыс.
2.Жедел маститте инфекцияның ену жолы /дұрыс жауабын көрсетіңіз/.
а. емізікше жарықтарынан, лимфа тамырлары арқылы,
б. сүт жолы арқылы,
в. сүт безі терісіндегі іріңді процессте /фурункул, абсцесс/,
г. қан тамыры арқылы, іріңді ошақтан метостаз,
д. лимфагенді жолдар.
3.Зоргиус және Бартельса лимфа түйіндері қайда орналасқан.
а. қолтық асты ойықта,
б. артқы-қолтық асты коллекторында,
в. ІІ,ІІІ қабырға аралық алдыңғы-қолтық асты сызығында,
г. ретростернальды кеңістікте,
д. бұғана асты кеңістігінде.
4.Аталған лимфа түйіндерінің қайсысы сүт безіне регионарлы емес?
қолтық асты,
парастернальды,
бұғана асты,
транспекторальды,
қарама қарсы жақтағы лимфа түйіндері.
Дұрысы: а/ 1,3,5; б/ 3,1; в/ 1,2,3,4; г/ 1,2,4; д/ барлығы да дұрыс емес.
5.Лактостаз кезінде көрсетілетін емдер:
сүт безіне массаж жасау,
сүтті сауу,
антибиотиктерді қолдану,
лактогенді функцияны тоқтату,
емшекпен тамақтандыруды жалғастыру.
Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 2,3,5; в/ 1,2,5 г/ 2,4,5; д/ барлығы дұрыс.
6.Жедел іріңді интрамаммарлы маститті емдеудің дұрыс вариантын анықтаңыз:
а. іріңдікті ұзына бойы радиальды тілікпен ашу,
б. интрамаммарлы қыртыс бойынша ашу,
Достарыңызбен бөлісу: |