Алаш зиялылары


IV.Дін ұстану туралы мәселе. IV.Дін ұстану туралы мәселе



бет10/10
Дата07.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#88527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
alash-ziyalylary

IV.Дін ұстану туралы мәселе.

IV.Дін ұстану туралы мәселе.

Шірекудің мемлекеттен бөлінуі. Заң алдында барлық дін тең, яғни ешқандай діни ілімнің басқа діндерден артықшылығы болмайды.

Қандай діни ілімнің болса да таралу бостандығы, діни наным таңдау бостандығы. Қырғызия үшін татарлардан бөлек жеке муфтиат құру.

Неке, ажырасу, туу мен өлуді тіркеу молдалардың (діни адамдар) қарауында қалады, ал қалыңмалға байланысты істер сот органдарында қаралады.

V.Соттар туралы.

V.Соттар туралы.

Заң алдында барлық азаматтар тең және заңның қорғауын бірдей пайдаланады. Сот — тергеу органдары қырғыз халқының тұрмыс- жағдайларына сәйкес құрылады. Сот ісі, сотта сөйлеу қалықтың көпшілігі сөйлейтін тілде жүргізілсін.

VI.Қорғаныс.

VI.Қорғаныс.

Тұрақты әскер халық милициясымен алмастырылуға тиіс. Әскери өнерді үйрету жергілікті жерлерде жүргізілуге тиіс. Қырғыздар әскери қызметті - атты милиция қатарында атқаруға міндетті.

VII.Салықтар.

VII.Салықтар.

Салықтар саласында үдемелі табыс

салығы салынады.

VIII. Жұмысшы мәселесі.

VIII. Жұмысшы мәселесі.

«Алаш» партиясы жұмысшы мәселесінде социал

демократтардың (меньшевиктердің)

бағдарламасын қолдайды.

IX.Халық ағарту.

Ана тілінде жаппай, тегін оқыту. Қырғызияда қырғыз тілінде оқытатын орта және жоғарғы оқу орындарын ашу, ағарту саласы автономиялы болуға тиіс; оқушылар өзі қалаған мамандығы бойынша білім алады. Кітапханалар, оқу үйлері ашылуға тиіс.

Х.Жер мәселесі.

Х.Жер мәселесі.

Жерге алғашқы кезекте байырғы халық

орналастырылуға және алдағы уақытта қырғыздар біржола

орналастырылып болғанша, қырғыз өлкесіне сырттан

әкеліп қоныстандыру тоқтатылуға тиіс.

Қоныстандырылмай бос жатқан және босап қалған

учаскелер байырғы халыққа берілсін. Жерді пайдалану

нормасын жер алқаптарының сапасын және ауыл

шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті жер

комитеттері белгілейді, ал жерге орналастырылғаннан кейін

алған артық жер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының

(земстволар) қорына түседі. Халықтың көбею шамасына (өсуіне)

қарай аталған жер қорынан жерсіз немесе жері аз батырақтарға

жер беріледі.

Қорытынды

Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы

кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын

құруға әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге

жетекшілік жасайтын ұлттық-либералдық типтегі ұйым

құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның

серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді. «Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет