Алаштың асыл арысы Әлихан Бөкейхан
Бөкейханов Әлихан Нұрмухамедұлы (1866 - 1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлтазаттық қозғалыстың теориялық негізін салушы, қазақтың тұңғыш «Алаш» саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы қызметін атқарушы болған тұлға.
Балалық шағына тоқталар болсақ, Әлихан Нұрмухамедұлы Бөкейханов 1866 жылы наурыздың 5 күні бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7 – ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы «Қаратал» кеншарына қарасты. Әлкеңнің әулеті жайында әңгіме айтқанда сонау Шыңғысханнан бастау алатын төре әулетінің 23- ші ұрпағы екенін өзі әр уақытта мақтан ететін көрінеді. Бұл дерек дүниежүзілік Шыңғыстану зерттеушілерінің ғылыми еңбектерінде дәлелденген. Әлихан Нұрмухамедұлының алты жасқа дейін тілі шықпаған, сөйлемеген. Әкесі Нұрмухамед хан Бөкейдің ұрпағы болса, шешесі Бегімхан тобықты Мамай батырдың ұрпағы. Ата-анасы ақсүйек тұқымдарынан тараса да, елге өте қайырымды жандар болған. Қолдарынан келгенше ауыл-аймаққа көмек қолын созып, қайырымдылық танытқан. Қолы ашық, жүрегі жомарт жандарды жұрты құрметтеп, сыйлаған. Соған орай, ел Нурмухамедті «Мұқан төре» десе шешесін «Бегімжан ханым» деп атап кеткен. Екеуі де көзі ашық, көкрегі ояу, сауатты адамдар болған екен. Айтқанынан қайтапайтын қайсар, анау-мынауға көнбейтін аусар,қисық, күшті палуан деседі. Соған қарамастан әдептен озбай үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен. [1.31]
Әлихан бақсы балгерлер мен құмалақшыларға жасынан сенбепті. Әкесі Нұрмухамед баласын Зариев деген моллаға одан тоғыз жасында «орысша үйренсін, оқысын» деп Қарақаралыдағы Қали Бекмековтың отбасына алып барады. Бала Әлихан бұл оқуды қанағат тұтпай қаладағы орысша – қазақша үш жылдық мектеп-интернатқа, одан кейін төрт жылдық кәсіптік училищеге өз бетімен әкесімен келіспей оқуға түседі. Бұл әкеретін әкесі бір келгенде біліп қарсылық жасамай, батасын беріпті. Училищені бітіргенде, етікішілік кәсібін меңгерді деген куәлік алады. Әлихан Нұрмұхамедұлының келешек өмір көз қарасының қалыптасуына, болашақ мемлекет қайраткері, ірі ғалым болуына тікелей әсер еткен Дала генерал-губернаторы Герасим Алексеевич Калпаковский болды. Ол бір келгенде алдында тұрған интернат балаларына амандасқаннан кейін «Мен Омбы шаһарынан 760 шақырып жер жүріп келдім, кім менің арбамның доңгелегі қанша айналғанын есептеп береді, дегенде сапта тұрған балалардың ішінен суырып алға шығып, белдігін шешіп алып арбаның дөңгелегін өлшеп саусағымен топырақты шимайлап, есептеп жіберіп, шешуін тез тауып, «Мәртебелі мырза», арбаның дөңгелегі сонша рет айналған» деп жастардың ісінен бірінші болып дұрыс жауабын берген. Баланың шешесіне, оның өткірлігіне риза болғап генеарал-губернатор училище директорына мына баланы Омбыға оқуға дайындаңыз, деп бұйрық береді. Дарынды, қабілетті, күшті, табиғатынан зерек жас өспірім баланы тани білген Герасим Алексеевич Әлиханды Омбының техникалық – училищесіне түсуіне көмек жасап, адамгершіліктің зор ілтипатын байқатады. 1886 жылы осы Дала генеаралының көмегімен 16 жасар жас бала жігін Омбыдағы теміржолшы қызметкерлерін дайындайтын осы техникалық училищесіне оқуға түседі. Осы училищеде оқып жүрген кезінің өзінде әр түрлі мәдени үйірмелерге қатысып, өзінің туған халқының ерекше мәдени әдет-ғұрыптары мен рухани байлығын, салт-дәстүрін тұрмыс жағдайларымен шұғылданып оны өзге ұлт жастарына таныстырып, насихаттауға тырысады. Соған орай 18-ден астам материалды қазақша, орысша жарыққа шығарды. Жас Әлиханды қызықтырған мәселелердің бірі – тарихи құбылыстар мен оның болу себептерітін.
Оқуды жақсы оқып, өзінің алғырлығы жағынан және қоғамның тыныс - тіршілігіне белсене қатысуы арқылы мұғалімдер ұжымының көзіне түседі. Аттестаттың бағасына қарағанда 15 пәннің 4-і ғана төрт (сызу,сурет салу, столяр, слесарь) жұмыстары, қалған пәндердің барлығы бес. 1890 жылы оқу аяқталып, бітіуге таяп қалғанда Әлихан Санкт-Петербургтағы Императорлық орман шаруашылық интситутында оқығысы келетіндігін училище директорына білдіреді. Училище директоры Н.Е.Доброхотов Қарқаралы уезінің төрағасына «Сізден қатты өтініп сұрайтыным сұлтан Әлихан Нұрмұхамедовке қырғыз қоғамы атынан 200 сом степендия беруіңзді өтімен, себебі жоғарыда аталған тәрбиеленушінің тым өте жақсы жетістігі мен мінез-құлқы оның жоғары дәрежедегі оқу орнына түсуін қажет етеді». Хат жазып, жол қаражатын алып беруге көмектеседі. Сонымен орман шаруашылық интстиутының директоры профессор И.Н Бородинның атына Дала генерал-губернаторының жолдама, мінездеме хатымен Әлихан ресей империясының орталығы Санкт-Петербургке келіп Орман шаруашылығының итститутының I-курс экономика факультеті бойынша студенті болып қабылданады. Осы экономика факультетінде оқып жүріп, саяси, қаржы, әдебиет және тағы басқа үйірмелерге белсене қатысып, марксизмнің экономикалық, материалистік тезистерін әр уақытта жақтап шығып отырған. Осы уақытта Ресейдің алдыңғы қатарлы көптеген болашақ саяси қайраткерлермен танысып, студенттердің революциялық ереуілдеріне, демонстрациясына қатысып, патша охранасының алғашқы қара тізімдеріне де іліккен. Алыстан қазақтың кең даласынан жас жігіт өзін білімді, ақын ойлы, көп білетін, эрудициясы күшті, марксизмнің идеясын терең игерген жас жігіт екендігін танытады. Оқуды бітіргеннен кейін орманшы – экономист мамандығын алып, 1894 жылы Омбы қаласына келіп, 14 жылдай ең нәтижелі еңбек жасайды. Келген бетте орман училищесінде екі жылдай математикадан сабақ беріп, Омбыдан шығып тұратын «Киргизкая степная газета», «Дала уалаяты» «Акмолинским областыным ведомостям» газеттері. Семейден шығатын «Семиполотинские областные ведомости, Семиполотинский листок». Иркуттік «Сибирская жизнь». Ташкенттік «Туркестанские ведомости» сияқты газеттеріне байланысты болады. [2.3]
Қоғамдық-саяси әрекеттері
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген орташылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизимнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, меңгерген, күрес тартыстан біршама тәжірбиесі бар саяси күрескер болатын.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық –демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарақарлыда патша өкіметінің отаршылыдқ саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905 жылы Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан бірінші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол бірінші Мемелекеттік дума жұмысына қатыса аламады. Өйткені, Әлихан Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде дала өлкесі генеарл губернатордың негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз үш ай Павлодар абақтысынада отырды. Ал абақтыдан шығып, Санкт-Петербургқа жеткенде, Дума пташаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Әлихан Бөкейханов солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қояды.[3.30]
Әр заманның өзінің көкейкесті мәселелері болған, Әлихан Нұрмұхамедұлы мен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе – ұлттық теңдік, саяси бостандық еді. Әлихан Бөкейхан жалғыз емес, бірақ елден ерекше асқақ тұлға. Бүгінгі тәуелсіздік солардың қол жеткізе алмаған арманы, аңсап өткен масаты еді. Бүгінде осы Елімізде Ұлы Тәуелсіз туы мәңгі желбіреуде.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
«Тіл және Рух» журналы №10, 2012ж
Әзиев Ә. «Алаш туралы құнды еңбек», Орталық Қазақстан, 2001ж
Бектуров Ж. «Ақиқат осы еді», Алматы, 1993ж
Достарыңызбен бөлісу: |