Алдар көсе туралы қызықты мәліметтер



Дата12.09.2020
өлшемі33,5 Kb.
#63712

Алдар көсе туралы қызықты мәліметтер

1. Барша түркі халықтарына танымал Алдар Көсе – халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкерлердің бірі. Алдар көсе халықты рухани тұрғыдан аздырмайды, ол туралы әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық мәні зор. Алдар Көсе өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы сараң байларды, жалқауларды, ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын береді.

2. Қырғыз халық поэзиясында кездесетін Алдар көсе бейнесі зерттелмеген тақырып. Алдар көсенің шыққан тегі туралы жазылған “Проделки Алдаркосе” атты аңызда Алдардың бала күнгі есімі Шағатай екені айтылған. Ол алдамшы және сақал-мұртсыз болғандықтан жұрт кейін Алдар көсе деп кеткен.

3. Алдар Алданұлы деген адам тарихта болған. Ол 1750 жылы Бөкей ордасында байланыс бөлімін басқарған. Қырымбек Көшербаев Батыс Қазақстан облысын басқара отырып, Ресейдің мұрағаттарындағы облыс тарихына қатысты барлық құжаттарды қайта жазып шықты. Ол бұған барлық жас ғалымдарды, студенттерді, магистранттарды, докторанттарды тартқан болатын. Сол жиналған материалдардан, Алдардың шынымен де өмір сүргенін және мансабын почта қызметін жетілдіруге бағыттап, халыққа қызмет көрсеткенін аңғаруға болады. Осылайша, ұлын жақсы көрген халық балаларына Алдардың атын қойған.

4. Алдардың есімін аңызға айналдырған адамдар. Қарапайым халық оны әділдігі үшін бағалады, одан әлсіздерге деген мейірімділікті көрді. Оны жақсы көріп, мадақтады.

5. Ғалымдардың пікірінше, Алдар көсе алдымен қазақ жерінде, қазақтар арасында пайда болып, сонан соң басқа түркі тілдес халықтарға тараған. Осындай циклдар түрікмен мен қырғыздарда да бар. Бірақ, Алдар туралы ертегілер циклінің көлемі қазақ халқының Алдар Көсе туралы айтылған ертегілеріндей көлемді емес. Десе де, ертегі кейіпкері болған Алдар Көсе типі мен оның есімімен байланысты ертегілер мен анекдоттар алғаш рет қазақтар арасында қалыптасқанын дәлелдейтін фактілер көп.

6. Бірақ, Алдар көсенің өмір сүрген уақыты жөнінде ауызша да, жазбаша да дерек жоқ. Тек қана өмір сүрген ортасы мен дәуірін жорамалдайтын жанама мәліметтер ұшырасады. Мәселен, Өзбек ауыз әдебиетінде “Алдар куса хикояси” атты кітап, 1911-1912 жылдары монография үлгісімен Бұқара баспасында жарық көрді. Осы кітапта Алдар көсенің қай рудан шыққандығы жайлы дерек бар.

7. Тағы бір аңыздарда Алдар Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген делінген. Ол деректерге сүйенсек, Алдардың шын есімі Зали болған. Бала кезінде айлакерлігімен жұртты таңғалдырған Зари атақшы Жиренше шешенмен кездескен. Ол Жиренше шешенді де сөзден тайдырып, танымал болды. Аты даңққа айналып, бүкіл әлемге тараған Алдардың жасы 30-ға келсе де сақал-мұрты өспеген деседі. Осылайша, ол халық арасында көсе атанып кеткен екен.



8. Алайда аңыз-әңгімелер ғылыми дәйек бола алмайды. Сол себепті бұл жөнінде нақты, дәлелді дерек көздерінің болмауына байланысты Алдар көсені тарихи тұлға деп дөп басып айту, әлі ерте.

Stan.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет