2-схема.
Әлеуметтiк педагог қызметiнiң құрылымы
Ма
қ
са
т
Субъект
қ
ызмет
құ
рал
Объект
Кез келген іс-әрекет субъектіден басталып, объектіге қарай бағыт
алады.
Әлеуметтік педагогтың өз қызметін атқару барысында білуі тиіс
бірқатар міндеттері айқындалған. Олар:
– отбасы тәрбиесінің бүгінгі күнгі мәселелері мен қиындықта-
рын, отбасы өмірінің психологиясы мен этикасын, бүгінгі отбасы
дамуының тенденцияларын білуі тиіс;
75
– балалардың, жасөспірімдер мен жастар тұлғасының даму
заңдылықтарын, олардың сұраныстары мен қызығушылықтарын,
мотивтері мен оларды қанағаттандыру деңгейлерін білуі тиіс;
– балаларды қорғаудың әлеуметтік-құқықтық және мемлекеттің
әлеуметтік саясатының негізін, мүгедек балаларды қорғау, кәмелетке
толмағандар құқығын қорғау, балалық пен аналық құқықтарды
реттейтін құқықтық актілерді білуі тиіс;
– отбасыларына көмек көрсету мәселелері бойынша қоғамдық
мекемелер мен мемлекеттік институттар жүйесінің функцияларын
білуі тиіс;
– әлеуметтік ортада, мектепте, отбасында, тұрғылықты мекен-
жайда, бірлестіктерде, топтарда және т.б. жерлердегі жұмыстың
ерекшелігін білуі тиіс;
– жұмыс ұйымдастырылатын ортаның экологиялық, демо-
графиялық, әлеуметтік-педагогикалық ерекшелігін білуі тиіс;
– тұлғаны және ол өмір сүретін микроортаны диагностикалау-
дың әдісі мен әдістемесін білуі тиіс;
– отбасыларымен, әртүрлі топтар мен әртүрлі категориядағы
адамдармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдісі мен
әдістемесін білуі тиіс;
– отбасындағы бос уақытты ұйымдастырудың, қарым-қаты-
настың, отбасындағы балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің
бос уақыттарын ұйымдастырудың принциптерін білуі тиіс;
– еңбек заңдарының негіздерін білуі тиіс.
Сонымен қатар, әлеуметтік-педагогикалық қызметте маманның
меңгеруі тиіс және бойынан табылуы тиіс қабілеттіліктеріне де
бірқатар талаптар қойылады. Олар төмендегідей:
– балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын анықтау жә-
не олардың ақыл-ойының, дене және таланты жағынан дамуына
жағдай туғыза білуі тиіс;
– әртүрлі әлеуметтік мәдени жағдайда білім беру процесін
ұйымдастыру;
– отбасылық-тұрмыстық жағдайда тәрбиеге оң ықпал жасау, от-
басыларына кәсіби көмек беру;
– әлеуметтік қауіпті отбасыларымен, ондағы педагогикалық
қараусыз қалған жасөспірімдермен байланыс орната отырып, өзара
түсіністік табу, оларға көмек пен қолдау көрсету;
– балалардағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуын диаг-
76
ностикалау және байқалған девиантты мінез-құлықты коррекциялау
және үйрету;
– клиенттерді түсіністікпен тыңдай білу және өткір тақы-
рыптардағы талқылауларды позитивті эмоционалды көңіл-күймен
түсіндіру;
– табысты кәсіби қызметке мүмкіндік туғызатын қарым-қаты-
насты қалыптастыру және дамыту;
– балалар мен жастардың өз проблемалары бойынша мәселеле-
рін өз күштерімен шешуге күш салуына белсенділіктерін қалып-
тастыру;
– отбасының беріктігін сақтауда және оларға бала тәрбиесінде
нақтылы педагогикалық көмек көрсетуде әлеуметтік институттар-
дың мүмкіндіктерін пайдалану;
– әлеуметтік институттар арасында байланыстар орнату;
– кәсіби қызметте әлеуметтік зерттеулер әдістерін пайдалану.
Жоғарыдағы қабілеттерді меңгерген әлеуметтік педагог өз
кезегінде ізгілікті, әлеуметтік-педагог қызметіндегі ең приоритетті
міндеттердің бірі болып табылатын коммуникативтік және
ұйымдастырушылық қабілеттерді меңгерген, мәдениеттіліктің жо-
ғары сатысын игерген, кикілжіңді жағдаяттарды шешуде сенімділік
туғызушы қарым-қатынастың педагогикалық тактісін меңгерген
болуы тиіс.
Әлеуметтік педагог қызметінің сапасына берілетін баға
жұмыстың нәтижесі арқылы анықталады. Әлеуметтік педагог
қызметін талдау барысында мәселенің бастапқы деңгейінің күйі,
бұрын қол жеткен нәтижелер, әлеуметтік-педагогикалық қызмет
барысының ерекшелігі, оның жаңалығы, қызмет объектісінің
ерекшелігі ескеріледі. Әлеуметтік педагог қызметінің нәтижесін
зерделеудің негізгі әдістері мыналар болып табылады:
– әлеуметтік педагогтың практикалық қызметін тікелей
бақылауға алу: қарым-қатынасқа түсу формасы, қарым-қатынасқа
түсудегі мінезі, көрсетілген көмектің нәтижесіне деген клиенттің
қанағаттанушылық көзқарасы, қызметтің әртүрлі типтеріне қатысу
деңгейі, микроортадағы атмосфера;
– клиентпен және оны қоршаған ортамен, мекеме мен ұйым
қызметкерлерімен, әртүрлі әлеуметтік қызмет көрсету мамандары
мен жасаған сұхбаты;
– әлеуметтік экпресс-сауалнамалар;
77
– әлеуметтік педагогтің қызметтік құжаттары, мекеме мен
ұйымдағы статистикалық есептерге талдау.
Мәліметтерді жинақтау әлеуметтік педагог қызметіне тұжырым
жасаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Әлеуметтік педагог қызметінің тиімділігінің негізгі критерийлері
мыналар:
– тұлға проблемасының жағдайына талдау және оның шешімін
табуының нәтижесі;
– клиентті әртүрлі әлеуметтік қызметтер мен белсенді әрекеттер-
ге қатыстыру динамикасы;
– әлеуметтік әрекетке тұрғындардың қатынасу динамикасы;
– базалық әлеуметтік құндылықтарға балалардың, жасөспі-
рімдердің, жастардың, ересек ұрпақтардың қатынасының динамика-
сы;
– әлеуметтік ортада жағдайдың жақсаруы бойынша ұйым-
дастырылған әрекеттерге ересек тұрғындардың қатыстырылу нә-
тижесі;
– әлеуметтік ортадағы микроклиматқа, әлеуметтік-психология-
лық жағдайға берілген баға;
– әлеуметтік педагогтың маман ретінде кәсіби өсу деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |