Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет98/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

7-кесте
Балалар үйiндегi әлеуметтiк педагогикалық қызмет.
Әлеуметтiк 
педагогтың мiндеттерi
Әлеуметтiк 
педагогикалық қызмет 
функциялары
Әрекеттi 
ұйымдастырудың 
әдiстерi мен форма-
лары
1. Бала статусын 
анықтау
Диагностика
Әңгiме, сұхбат, анкета, 
тест, интервью, бала 
құжаттарына талдау
2. Тәрбиеленушi 
дамуының жеке 
бағадарламасын жасау
Алдын ала болжам 
жасау
ала туралы жиналған
мәлiметтердi талдау, 
балаға медициналық, 
психологиялық 
педагогикалық 
анықтама беру
3. Баланы интегра-
циялау, адаптациядан 
өткiзу 
Өңдеу
Бақылау, сұхбат, ойын, 
жаттығу, тренинг, 
мадақтау, жазалау, 
тәрбиеленушiге 
жеке кiтапша ар-
нау, әлеуметтiк 
қызмет көрсету 
мекемелерiмен 
байланыс
4. Заң және әкiмшiлiк 
органдары тарапынан 
бала қызығушылығын
қорғау
Делдалдық
Көз жеткiзу, сұхбат


264
Әлеуметтiк педагогтың қызметi баланың әлеуметтiк статусын 
анықтаудан басталады. Құжаттарды зерттеу, әңгiмелесу, тест жүргiзу 
жолымен әлеуметтiк педагог баланы танып бiледi, шешуге тиiс 
болған проблеманы бөлiп айқындайды. Әлеуметтiк педагог баланың
дене және психикалық саулығы туралы, оның интернаттық мекеме-
ге түскенге дейiнгi өмiрiнiң жағдайын, ата-аналары туралы мәлiмет 
жинайды. Оның сабақ үлгерiмiн қадағалайды және оның тәрбиесi 
мен дамуына және т.б. көмектеседi.
Баланың «әлеуметтiк науқастық диагнозы» қаншалықты дәл, 
нақты айқындалса, тәрбиеленушiге әлеуметтiк педагогтің көрсететiн 
көмегiнiң түрiн айқындау соншалықты жеңiл болады. Балалар 
үйiндегi тәрбиелеу жұмысы ұжымда жүзеге асырылады, сондықтан 
әлеуметтiк педагог ондағы әрбiр баланы зерттей отырып, бүкiл бала-
лар ұжымын тұтас зерттейдi. 
Әлеуметтiк педагогтың келесi мiндетi 
– бала дамуының жеке 
бағдарламасын жасау, яғни ол баланың қазiргi жағдайын ескере 
отырып, оның балалар үйiнен кетерде қандай дәрежеде болуы ке-
рек екендiгiн елестетуi керек. Ол үшiн әлеуметтiк педагог басқа 
тәрбиешiлермен ақылдаса отырып, балада бар барлық құжаттарды 
зерттейді, проблемаларды, одан шығудың жолдарын қарастырады. 
Балалар үйiндегi қиын тәрбиелiк процесс тәрбиешiлерден бүгiнгi 
және ертеңгi мiндеттердi айқындауды ғана емес, баланың және ол 
өмiр сүретiн балалар ұжымының даму тенденциясын ашып көрсетудi 
талап етедi. Бұл тұстағы ең маңызды мiндеттердiң бiрi 
– гумандық 
қарым-қатынасты қалыптастыру, басқа адамдарды сыйлау, өзгелер 
қайғысына ортақтаса бiлуге үйрету, сезiмталдыққа үйрету, тұлғаның 
бойындағы ұнамды қасиеттерге құрметпен қарауға үйрету және т.б. 
болып анықталады.
Балалар үйiне келiп түскен балалардың жаңа ортаға бейiмделуi 
әлеуметтiк педагогтың қызметiндегi маңызды мiндет болып та-
былады. Психологтармен бiрiге отырып, әлеуметтiк педагог 
бiтiрушiлермен мамандық таңдау проблемасы бойынша жұмыс 
жүргiзедi. Онда кәсiп туралы әңгiмелер, өндiрiс орындарына 
саяхаттар, кәсiби бiлiм беру жүйелерi туралы пiкiр алмасулар 
ұйымдастырады. Оларды қоғамдағы адамның әртүрлi әлеуметтiк 
рөлдерiн меңгеруге бейiмдейдi (қоғам мүшесi, отбасы мүшесi, 
тұтынушы, кәсiпкер және т.б. ретiнде), отбасы құрылымы мен 
қызметтерiмен таныстырады. Сондай-ақ, балалар үйiнен кеткен-


265
нен кейiнгi өмiрде кездесетiн қызметтермен, бiтiру емтихандары-
на қалай дайындалу керектiгi мен тапсыру, қоғамдық көлiктерде 
қалай жүру керек, коммуналдық төлемдер үшiн құжаттарды қалай 
толтырады және т.б. секiлдi тақырыптарда әңгiмелер жүргiзiледi. 
Бұл проблемаларды шешу үшiн әлеуметтiк педагог ойындарды
жаттығуларды, тренингтердi, мадақтау мен жазалау және әңгiмелесу 
әдiстерiн қолданады.
Балалар үйiнде орындайтын әлеуметтiк педагогтың тағы бiр 
маңызды мiндетi – әкiмшiлiк органдары тарапынан баланың 
қызығушылығы мен құқығын қорғау. Осы функцияны жүзеге асыра 
отырып, әлеуметтiк педагог тәрбиешiнiң тәрбие құқығын қорғайды. 
Сондай-ақ, әлеуметтiк педагог баланың тұрғын үй проблемасымен, 
алдағы уақыттағы баланың оқуын жалғастыруы мен жұмыспен
қамтамасыз етiлуi мәселелерiмен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет