1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Т. Әтемова
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА
Оқулық
Алматы, 2012
2
ӘОЖ 37.0(075.8)
ББЖ 74.6я73
Ә 78
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған
Пікір жазғандар:
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
А. Жолдасбеков;
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
А. А. Бейсенбаева;
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
А. А. Усманов.
Әтемова Қ. Т.
Әлеуметтік педагогика . :
Оқулық. – Алматы: 2012, – 272 бет.
ISBN
978-601-217-321-5
Оқулық әлеуметтiк педагогика теориясы мен практикасы мәселелерiне арналып,
«Педагогика және психология» мамандықтарындағы студенттерге арналады. Кітап
мазмұнында баяндалған материалдар оқу жоспарына сәйкес типтiк бағдарлама
мазмұнын толық қамтиды.
Оқулық жоғары оқу орындарының студенттерi мен оқытушыларына және
ӘӨЖ
37.0(075.8)
КБЖ 7
4.6я73
© Қ. Т. Әтемова, 2012
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2012
Ә
ISBN
978-601-217-321-5
әлеуметтiк қызметкерлерге арналады.
78
3
Алғы сӨз
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы оқу
бiлiм беру процесi жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз
етудi қажет етедi. Сонымен қатар, бүгінгі болашақ мамандар-
ды даярлаудың басты мақсаты – жаһандану жағдайында әрбір
азаматтың ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп өсуімен қоса
әлемдік мәдениетті қатар меңгеруін, сол арқылы бәсекеге қабілетті
маман болып қалыптасуын көздейді. Бұл студенттің білім
кеңістігінде өздігінен іздену мен әрекет ету дағдыларын меңгеруге
оқытушы бағыты арқылы, дербес еңбегінің нәтижесінде бағдар
алуын қажет етеді және жастардың заман талабына сай бiлiм
алуының негiзгi көзi ретiнде қарастырылып, олардың тұлғалық
және кәсiби дамуының негiзгi құралына айналмақ.
«Әлеуметтік педагогика» пәні бойынша дайындалған бұл
оқулықтың негiзгi мақсаты – студент жастардың тұлғалық
және кәсiби қалыптасуында ықпал ететін әлеуметтік ортаның
жағымды
және
жағымсыз
тұстарын
теориялық
және
практикалық тұрғыдан танып біліп, тәрбие үрдісінде алдын
алу жолдарын меңгеруді көздейді. Әлеуметтік педагогикалық
білімдер жүйесін түсіндіруде оқулықтың мазмұны философия,
психология, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану және басқа да
көптеген ғылымдар бiлiмдерiн пайдаланады.
«Әлеуметтік педагогика» пәнi бойынша дайындалған бұл
оқулықта педагогикалық мамандықтағы студенттердiң оқу
процесiн кредиттiк жүйе бойынша ұйымдастыру ерекшелiктерi
ескерiлген. Оқулықтың құрылымдық мазмұны: оқу пәнi
бойынша дәрістерде қарастырылатын жалпы ақпараттарды
мамандықтың мемлекеттік білім беру стандарты мазмұнында
қарастырылған мәселелер мен осы пәнді оқытуда негізге алы-
натын типтік оқу бағдарламасы мазмұнында қарастырылған
4
тақырыптарды қамтып өтуді мақсат еткен. Оқулықтың
құрылымы оқу пәнiнiң мазмұнында кездесетiн ұғымдардың
мәнін ашып сипаттап, оқу дәрiсiнің салыстырмалы талданған
мазмұнын, студенттердiң өздiк жұмыстары мен білімін тек-
серу сұрақтарын және әлеуметтік педагогикалық ғылыми
білімдерді оқып білуде ұсынылатын әдебиеттер тiзiмiн қамтиды.
Оқулықта «Әлеуметтік педагогика» пәнiнен құрастырылған
материалдар пән бойынша алынған тақырыптарды толық баян-
дауды басты мақсат етіп алған жоқ. Өйткенi кредиттiк жүйенiң
негiзгi ерекшелiгi оқу материалының негiзгi бөлiгiн студенттiң
өздiгiнен оқып меңгеруiнде. Осы тұрғыдан алып қарағанда, оқулық
мазмұны оқу пәнi бойынша ұсынылған тақырыптар бойынша негiзгi
түсiнiктердi берумен қатар студенттің өздігінен тақырып аясындағы
ақпараттарды, осы саладағы ғалымдардың әртүрлі көзқарастарын
саралап, топтап, жүйелеп ізденуіне бағыттап отыруды көздейдi.
5
Достарыңызбен бөлісу: |