Алеуметтик педагогика indd


Отбасы - әлеуметтендiру процесiнің жетекші



Pdf көрінісі
бет44/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

2.2 Отбасы - әлеуметтендiру процесiнің жетекші 
институты
2.2.1 Отбасы және оның баланы әлеуметтендіру институты 
ретіндегі қоғамдық мәні
2.2.2 Отбасының әлеуметтендірушілік белгiлерi мен 
әлеуметтендірушілік ықпалы
2.2.3 Отбасы типтері және ондағы әрекеттер сферасы
2.2.4 Отбасының әлеуметтендірушілік қызметі
2.2.5 Толық емес отбасылардағы тәрбие мен әлдеуметтендіру 
үрдісінің жүргізілу мүмкіндіктері
1. Әрбiр адамның жетiлiп дамуында отбасы маңызды рөл 
ойнайды. Сондықтан қоғамның қай кезеңiнде болмасын отба-
сы тәрбиесiн ұйымдастыру мәселелерi ең өзекті мәселе ретiнде 
көптеген ойшылдар мен ғалымдарды ойландырып келген. Бүгiнге 
дейiн Шығыстың Ұлы ойшылдары әл-Фараби, Ж. Баласағұни, 
М. Қашғари, М. Хайдари және т.б. классик педагогтар Я. А. Комен-
ский, К. Д. Ушинский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистер-
вег және т.б., қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, 
А. Құнанбаев, кеңес педагогтары А. С. Макаренко, В. А. Сухом-
линский, Н. Д. Крупская және т.б., қазақ зиялылары М. Әуезов, 
М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Көбеев және т.б. отбасы тәрбиесi 
мәселелерiн жан-жақты қарастырып, зерттеген. Бүгiнгi таңда отба-
сы тәрбиесi проблемаларының ғылыми негiздерi Ресей ғалымдары 
Ю. Азаров, А. Пинт, И. Гребенников, Л. Белова және т.б. тарапы-
нан зерттелдi. Ал Қазақстанда Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Ж. Әбиев, 
Р. Төлеубекова, Г. Байдельдинова, Б. Айтмамбетова, С. Қоңыр-
баева және т.б. ғалымдар тарапынан кеңiнен зерттелiп келедi. 
Отбасындағы тәрбие көптеген ғылым саласында (социология, педа-
гогика, психология, экономика, демография, құқықтану және т.б.) 
кеңiнен зерттелiп, бүгiнгi қоғам талаптарына сай отбасы тәрбиесiн 
ұйымдастыру мәселелерi көпшiлiктiң қызығушылығын арттырып 
отыр. 
Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы 
әлеуметтік бөлігі болып табылады. 
Олардың қажеттілігі мынадай жағдайлармен сипатталады:
1. Отбасы тәрбиесі өзінің сипаты жағынан эмоционалды, өйт-
кені байланыстырушы ата-ананың балаларына деген махаббаты 


120
қалыптасуында ата-аналық отбасы шешуші мәнге ие. Әсіресе, 
жасөспірімдік жаста ата-аналардың көңілі баланың мектебіне, 
құрбы-құрдастарына және де басқа құбылыстарға бөлінуіне байла-
нысты оның жеке басына көңіл бөлуі азаяды. 
Тәрбие институттары - нақтылы әлеуметтік-кәсіби құрылымға не-
месе нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін мақсатты 
да жоспарлы ұйымдастыру мақсатында қоғам мен мемлекет тарапы-
нан арнайы ұйымдастырылған ұйым. Мұндай ұйымдардың басым 
бөлігі өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында құрылады. Олар: 
қоғамдық-мемлекеттік, мемлекеттік, діни және әртүрлі типтегі 
жекеменшік оқу-тәрбие мекемелері (мектепке дейінгі білім беру 
мекемелері, жалпы білім беретін орта және профильдік мектеп-
тер, лицейлер мен гимназиялар, колледждер мен курстар, жоғары 
оқу орындары және т.б.); балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық-
саяси және клубтық ұйымдары (тұрақты, маусымды және уақытша); 
өскелең ұрпақтың әлеуметтік-мәдени және басқа да сауықтыру 
жұмыстарының басқа да типтерімен шұғылданатын ұйымдар, ба-
лаларды, жасөспірімдер мен жастарды қамқорлыққа алудың жеке 
даралық және топтық ұйымдары, бойында әлеуметтік ауытқуы 
бар балалармен жұмыс істейтін және оның алдын алу жұмыстарын 
ұйымдастыру, балалар мінез-құлқындағы ауытқуларды профилакти-
ка жасау мен қайта тәрбиелеу және реабилитациялау мекемелері. 
Ересектерге арналған тәрбие институттарына шартты түрде пар-
тияларды, кәсіподақты, тұрғылықты мекенжайына байланысты
қызығушылықтарына, мамандықтары бойынша біріккен әртүрлі 
бірлестіктерді, 
әлеуметтік-мәдени, 
әлеуметтік-педагогикалық, 
мәдени-спорттық кешендер, клубтық бірлестіктер мен әлеуметтік 
қамқорлық және реабилитациялық мекемелер және т.б. жатқызуға 
болады. 
Қоғамның даму жағдайына, тұрғындардың әлеуметтік-
экономикалық және мәдени сұраныстарының артуына байланысты 
тәрбие институттарының қызметі күрделене түсті және әлеуметтік 
тәрбие процесіндегі рөлдері мен күйі өзгерді. 
2. Бала, әсіресе, жас кезінде басқа әрекеттерден гөрі отбасындағы 
мен. балалары тарапынан да сондай сезімдердің болуы байланысты-
рады әрекеттерге көбірек бейімделіп, өмірлік тәжірибе жинақтайды.
3. Отбасы кіші микроорта ретінде баланы біртіндеп қоғамдық 
ортаға бейімдеу қызметін атқаруға мүмкіндігі жоғары және баланың 
өмірлік тәжірибесі мен дүниетанымын кезеңді жүзеге асыруда. 


121
Отбасындағы адамдардың бiр-бiрiмен өзара қарым-қатынасының 
сипатына қарай М. Галагузова оларды авторитарлы, демократиялық 
және эгалитарлық деп бөлдi. Авторитарлық отбасы өзiнiң қарым-
қатынастағы қаталдығымен сипатталады. Мұндай отбасыла-
рында әйел ерiне бағынышты немесе ерi әйелiнен аса алмай-
ды және балалары ата-аналарының дегенiнен шыға алмайды. 
Демократиялық отбасыларындағы қарым-қатынас толық өзара 
түсiнiстiк пен сыйластыққа негiзделедi. Ал эгалитарлық отба-
сылары ондағы ересектердiң тең құқылығымен ерекшеленедi. 
Мұндай отбасыларындағы адамдар үшiн отбасы проблемаларына 
қарағанда жеке басының проблемалары бiрiншi орында тұрады. 
Мысалы, жұмыстағы жетiстiктер және т.б. Мұндай отбасыларын-
да үйiшiлiк жұмыстар тең бөлiнген, барлығы ұжым болып жабыла 
кiрiсiп атқарады және шешiм қабылдайды. Бос уақытты да бiрге 
өткiзуге тырысады. Мұндай отбасыларындағы қарым-қатынастың
кемшiлiгi отбасы проблемаларын шешуде кейбiрiнiң жеке мүддесi 
немесе қызығушылығы ескерiлмесе, кикiлжiң тууы мүмкiн.
Отбасының атқарар қызметiне де ғалымдар көзқарасы әртүрлi. 
Г. М. Свердлов пен В. А. Рясенцев отбасының негiзгi қызметi ұрпақ 
жалғастырудан, тәрбие беруден, шаруашылық жүргiзуден және өзара 
көмек көрсетуден тұрады деп түсiндiредi. С. Д. Лаптенок: «тұрмыс-
тық-шаруашылық, ұрпақ жалғастырушылық, тәрбие берушiлiк, отба-
сы мүшелерiнiң бос уақытын ұйымдастырушылық», 
– десе, Н. Г. Юр-
кевич: «рухани қарым-қатынас, сексуалдық қызмет, баланың туылуы, 
тәрбиедегi ынтымақтастық, бос уақытты ұйымдастырушылық, отба-
сы шаруашылығын жүргiзуге қажеттi құрал-жабдықтарды жинақтау, 
бос уақытты ұйымдастыру, өзара моральдық және материалдық 
көмек беру» деп түсiндiредi. Қазақстандық әлеуметтанушылар 
М. Тәжин мен Б. Аяғанов өз зерттеулерiнде: «Қазiргi қоғамдағы 
отбасының негiзгi қызметi: дүниеге адам әкелу; әлеуметтендiру, 
яғни балаларды осы қоғамда өмiр сүруге әзiрлеу; экономикалық 
яғни балалардың есею генiне дейiн көмек беру; сексуалдық қызмет, 
яғни қоғамда жыныстық қатынастарды реттеу» деп көрсетедi. Ресей 
ғалымы И. В. Гребенников отбасының бес қызметiн ұсынады. Олар: 
ұрпақ жалғастырушылық қызмет; экономикалық қызмет; тәрбиелiк 
қызмет; қарым-қатынастық қызмет; бос уақытты ұйымдастыру және 
дем алу.
Жоғарыдағы отбасы түрлерi мен олардың негiзгi қызметтерiне


122
талдай жасай келе, тәрбиелеу, әлеуметтендiру және тұлғаның ру-
хани жетiлуiн қамтамасыз ету отбасының негiзгi қызметi болып 
табылатындығына көзiмiз жетедi.
Отбасының қызметтерiнiң толық классификациясын ғалым-
педагог М. С. Мацковский ұсынған. Ол отбасындағы әрекет 
қызметтерiнiң он маңызды сферасын бөлiп көрсете отырып
әрқайсысына тән отбасының қоғамдық және жеке-даралық 
қызметтерiне сипаттама бередi. Оны төмендегi кестеден көруге бо-
лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет