155
ұғымды береді. Жаңа санадағы осы балалардың денесінен бөлінген
күш пен шашылған сәуле (аура) осындай көк түсті. Сондықтан «ин-
диго балалар» деп аталады. Бұл балалар көпшілігі ақыл-ой, дарын
мен талант иелері. Көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек,
қазір 12-14 жасқа дейінгі балалардың 90%-ы Индиго тобына жата-
тын балалар. Қазіргі психология үшін әдеттен тыс құбылыс сана-
лып келген бұл балалар бір атаумен аталғанымен, іс-әрекеттері мен
мінез-құлқының сипаттамалары алуан түрлі. Олар мынадай:
– өзінің басқалардан ерекше екендігіне күмәнданбайды;
– таңдауын айтуға ұялмайды және өз әрекетін түсіндіріп жатпай-
ды;
– әдеттегі көпке ортақ талаптарды орындағысы келмейді, шыда-
мы жетпейді (кезекте тұру, т.б.);
– оның шығармашылығына қатты қысым жасай бастасаңыз
әрекетінен жаңылыса бастайды;
– өзінің басқаша мүмкіндігінің бар екендігін біледі және соған
сенеді;
– 3-4 жастағы балаға компьютермен жұмыс істеу сәті түссе, оны
меңгеріп кетеді;
– үлкендер тарапынан жиі көңіл бөлінбесе тұйықталып қалады;
– тәртіп бұзғандығы үшін айыптаулар мен ескертпелерге көңіл
аудармайды.
Индиго балалардың – гуманистер, концептуалистер, суретшілер,
барлық жағынан ерекше өмір сүрушілер деп аталатын төрт түрі
белгілі. Міне, осындай балалармен жүргізілетін жұмыстар да,
әдіс-тәсілдер де бүгінде ерекше, әрі жаңаша болуға тиіс. Олай бол-
са, мұғалімдер осындай балалармен тәрбие жұмысын жүргізуге
қаншалықты дайын? Ата-аналар туралы тіпті айтудың қажеті жоқ.
Енді осындай ерекше балалармен жұмыс істеу мен тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру, ата-аналарға қандай да бір кеңес беру
оңай емес.
Достарыңызбен бөлісу: