174
ата-аналарға белгілі бір білімдер мен
қабілеттіліктер қажет бола-
ды. Осы тұста Н. И. Пирогов өзінің таңдамалы шығармаларында:
«Баланы дұрыс түсініп, қарым-қатынас жасау үшін оны біздің
өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың ойлау өрісіне енуіміз
қажет», – деп ата-аналарға балаларды түсіну үшін олардың ойы-
мен ойлап, солардың көзімен көре білудің қажеттілігін түсіндіреді.
Осы тұста А. О. Пинт: «Ата-аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін
оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйек өзгерістерді байқап білуге
қабілетті болуы керек. Педагогтар секілді кез келген ата-анаға да
педагогикалық такт өте қажет. Олар
балаларын суықтап қалудан
немесе әртүрлі ауруға шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де,
өздері тарапынан орын алатын дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы
олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді», –
дей келіп, бала тәрбиесінде ата-аналардың бойында педагогикалық
байқағыштық, педагогикалық елестету, педагогикалық такт және
ұйымдастырушылық қабілеттіліктердің болуын ұсынады, ал
О. Р. Кунц: «Жақсы адам, тек оны
дұрыс тәрбиелегенде ғана
қалыптасады», – деп дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналардың қоғамдық
мекемелермен байланысын ұдайы орнатып отыруы тиімді болаты-
нын ескертеді.
Бұл мәселелерді тиімді шешу үшін ата-аналардың педагогикалық
сауаттылығын көтерудің ошағы мектеп болып отыр. Сондықтан ең
алдымен ата-аналармен жұмыс жүргізіп, олар білуге тиісті білімдерді
өмір талабына сай насихаттап отыру сынып жетекшілерінен терең
білімділікті қажет етеді.
Тұжырым:
1. Отбасы баланы әлеуметтендірудің шешуші факторы
ретінде бірқатар қызметтерді жүзеге асырады, ол қоғамдық
құбылыс ретінде өзгеріп отырады.
2. Әрбір ұлттың өзіндік менталитетіне байланысты тәрбие
дәстүрлері мен функциялары ерекшелікпен іске асырылады.
3. Отбасы қызметтерін тиімді ұйымдастыру ондағы бала
әлеуметтенуіне оң ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: