Алеуметтик педагогика indd


Құрдастар тобының әлеуметтендіру факторы



Pdf көрінісі
бет69/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

2.6 Құрдастар тобының әлеуметтендіру факторы 
ретіндегі ықпалы
2.6.1 Құрдастар тобы және оларға сипаттама
2.6.2 Құрдастар тобының түрлері және олардың әлеумет-
тену процесіне ықпалы
2.6.3 Әлеуметтендіру процесіндегі құрдастар тобының ат-
қаратын негізгі қызметтері
Құрдастармен қарым-қатынасқа деген мұқтаждық балада ерте 
балалық жастан байқалады және оның өскен сайын қажеттілігі арта 
түседі. Мектепке дейінгі жастағы баланың өз құрдастарымен қарым-
қатынасы орнамаған жағдайда оның бойынша коммуникативтік 
қабілетінде артта қалушылық байқала бастайды.
Балабақшаның ересек топтарындағы балалардың өзінде күрделі 
қарым-қатынас жүйесі орнайды. Жаңа оқу жылының бірінші жар-
тысында балалардың жаңа әрекет түрлері болып табылатын оқу 
және жаңа әлеуметтік құбылыстармен қарым-қатынасқа түсу секілді
қарым-қатынастың сипаты пайда болады. Бұл жағдайлар балада 
бір уақыт аралығында жаңа ұжым жағдайында жаңа әлеуметтік 
құбылыстарды меңгеруге біртіндеп бейімделуді талап етеді. Бұл 
кезеңде бала үшін жаңа әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас түрінің 
жаңа талаптары мен ережелерін түсініп, игеруі маңызды. Соны-
мен қатар, бала ол қарым-қатынастардың бұрынғы қатынастардан 
өзгешелігін, оны қоршаған ересектердің өзгешелігін және олар тара-
пынан біршама күш жұмсай отырып, тапсырмаларды орындау талап 
етілетінін мойындайды және оның қажеттігін, сонда ғана ол ортамен 
қарым-қатынас байланысын орнатудың дұрыс болатынын түсінеді.
Балалардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу себептері мына-
дай болуы мүмкін: бұрынғы қарым-қатынас түрінің жақындығы, 
тұрғылықты мекен жайына жақындығы, көрші сыныпта 
оқитындығы, яғни кеңістіктік жақындығы және әрекеттерінің неме-
се ойындарының ұқсастығы. Осы белгілеріне қарап бала өзіне жол-
дас табады және оған бауыр басады.
Ұжымдағы жеткіншектер мінез-құлқының ерекшелігі олар-
дың әртүрлі әрекет түрлерімен айналысуға деген шектен тыс 
қызығушылығы, құрдастарымен іскерлік және тұлғааралық қатынас 
қабілеттерін көрсетуге құмарлығы жиі байқалатын ұстамсыз 
мінезі мен әрекетінің көрінісі барысында байқалады. Жасөспірімдік 


190
жастағы балалардың эмоционалды-мағыналы доминантты қарым-
қатынасы өз әрекетінің субъектісі ретіндегі баланың өзі болып та-
былады. Бұл жасөспірімнің қарым-қатынасының мазмұны мен си-
паты жағынан оның өмірлік әрекетінің субъектісі ретіндегі өзін 
көрсетуімен, жасөспірімдік қалыптасуымен байланысты әртүрлі ка-
тегориялы құрдастарымен қарым-қатынасында туындаған пробле-
маларын шешуімен айқындалады. Жасөспірімдердің құрдастарымен 
қарым-қатынасы өмірлік әрекетіндегі маңызды мәселе ретінде рөл 
ойнайды.
Біріншіден,
құрдастармен қарым-қатынас – ол ақпарат алма-
судың маңызды және өзіндік ерекшелігі бар жолы. Өздерінің 
арасындағы осындай қарым-қатынас бойынша олар ата-анала-
ры немесе мектептегі мұғалімдері айта бермейтін ақпараттарды 
білетін болады. Мысалы, балалардың жыныстық ерекшеліктеріне 
қатысты ақпараттар мен жаңалықтарды олар құрдастарынан естіп 
біледі, сондықтан құрдастармен қарым-қатынастың болмауы оларда 
жыныстық психология немесе сексуалдық психологиядан хабарсыз 
немесе кешеуілдеп дамуға алып келуі мүмкін.
Екіншіден,
бұл тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелік 
сипаты бар түрі. Топтық ойындар мен бірге орындайтын іс-әрекеттер
балаларда әлеуметтік ықпалдың қажетті дағдыларын, ұжымдық 
тәртіпке бағыну мен мойынсынуға, сонымен қатар өз құқығын 
қорғауға және ортадағы жеке қызығушылығын мойындатуға 
қалыптастырады. Әртүрлі бастамалар мен статустарда принциптік 
тұрғыда қарым-қатынас орнатылған құрдастар қоғамынан тыс жер-
де баланы қолдау және көтермелеу маңызды. Өйткені бала өздігінен 
қарым-қатынастық қабілеттерді игере алмайды, оған үнемі сырттан 
көмек пен қолдау алғашқы кезде қажет болады. 
Үшіншіден,
бұл эмоционалдық байланыс орнатудың өзіндік 
ерекшелігі бар түрі. Баланың құрдастар тобында мойындалғанын 
немесе қабылданғанын саналы сезінуі оның ересектерге тәуел-
сіздігін (яғни, өз проблемаларын өздігінен шешуге қабілетті 
деңгейге жеткендігіне көз жеткізу) сезінуді ғана емес, сонымен 
бірге эмоционалдық тұрақтылық қалыптастырады. Өз құрдастары 
арасында құрмет пен абыройға ие болғандығын сезіну жеткіншек 
баланың өзін-өзі құрметтеуі үшін шешуші маңызға ие. 
Жеткіншектік және жасөспірімдік шақтағы жастардың қарым-
қатынас психологиясы бір-біріне қарама-қайшы келетін екі 
қажеттіліктің негізінде құрылады. Олар ерекшелену немесе жеке 


191
дербестікке жету және қандай да бір қоғамға кіру, топтың, қоғамның 
құрамында болу. Жеке дербестікке жету көп жағдайда ересек-
тер бақылауынан құтылу ниетінен туындайды. Сонымен қатар, ол 
құрдастарымен қарым-қатынасқа қатысты да туындайды. Жеке 
дербестік қажеттілігі тек әлеуметтік тұрғыда ғана емес, соны-
мен қатар кеңістіктік, территориялық тұрғыда, өзіндік тұлғалық 
дербестігі тұрғысында қажетсінеді.
Соған қарамастан, жалғыздық сезімі, ересектікке қалыптасудың 
жас ерекшелік қиындықтары олардың үнемі құрдастарымен қарым-
қатынаста болу қызығушылығын арттыра түседі.
Әлеуметтендіру процесінде құрдастар тобы мынадай қызметтерді 
жүзеге асырады: 
– ұйымдасқан қоғамды қалыптасқан нормадағы мәдениетке 
үйретеді;
– жас ерекшеліктеріне қарай жыныстық рөлдерді игеруді білуге 
және меңгеруге үйретеді (қабылданған мінез-құлық нормалары-
на сай әр тұлға өзіне қажеттісін алады және кері әрекеттер сынға 
ұшырайды);
– топ мүшелері этникалық, діни, аймақтық, әлеуметтік және 
кәсіби ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан мінез-құлық нормаларын 
үйренеді;
– тұлғалық дербестігін алу мен жас ерекшелік және әлеуметтік 
бастамаға қол жеткізуде топ мүшелері арасында өзара көмек жұмысы 
іске асырылады;
– топ мүшелерінің өзіндік санасының дамуы, өзін-өзі тану мен 
өзіндік әрекетін айқындау және өзіне сенімнің қалыптасуы үшін 
қажетті жағдайлар жасалады.
Бұл қызметтер бағыттылық мазмұны мен тиімділік деңгейіне 
байланысты әртүрлі жүзеге асырылады. Ол көп жағдайда топ 
мүшелерінің жас және дара ерекшеліктеріне, сондай-ақ жыныстық 
ерекшеліктеріне, топтағы адамдардың кәсіби құрамына, діни, 
этникалық және әлеуметтік мүмкіндіктеріне байланысты болады. 
Құрдастар тобын олардың автономды параметрлеріне қарай мы-
надай классификацияға бөлуге болады (Кон И. С., Мудрик А. В.):
Топтық әлеуметтік жүйедегі орны мен құқықтық мәртебесіне 
қарай:
– қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымдар ретінде қабылданған 
ресми топ. Сонымен қатар, еш жерде тіркелмеген өз бетінше 
ұйымдасқан бейресми топ;


192
– өз бетінше немесе ересек адамдарадың жетекшілігімен 
басқарылатын ұйымдасқан топ;
– ұйымдық құрылымы мен мүшелері бар интституттандырыл-
ған және стихиялы түрде құрылған топ.
Әлеуметтік-психологиялық статусына қарай олар мектеп сыныбы 
немесе достық компаниялар және т.б. болып бөлінеді.
Топ мүшелерінің санына қарай олар: үлкен (кейбір спорттық 
командалардың жанкүйерлері мен фанаттары және т.б.) және кездес-
кен кезде ғана көзқарастарын айтып, ой бөлісетін аз адамдар тобы 
болу мүмкін.
Жастар тобының құрамы бойынша: жасы бірдей адамдар 
тобы, жынысына қарай: ерлер мен қыздар тобы және әлеуметтік 
құрылымына қарай құрылған топтар.
Қарым-қатынас жасау уақытының ұзақтығына қарай: тұрақты, 
уақытша, кездейсоқ құрылған топ, бір рет кездесетін топ.
Әлеуметтік кеңістігінің орналасуына қарай: мектепішілік, мек-
тептен тыс (әлеуметтік-педагогикалық мекемелер шеңберінде 
қызмет ететін), аулалық, көше бойынша ұйымдастырылған топ.
Өзінің құрылу мақсаты мен функциясына байланысты: көп-
функциялы және монофункциялы, полифункциялы;
Лидерлік типіне қарай: демократиялық және авторитарлық;
Құндылық бағдарына қарай: әлеуметтік-жағымды, асоциалдық 
(маңызды әлеуметтік проблемалар басты орында тұрады) және 
антисоциалдық болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет