Байланысты: Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен
Сұрақтың № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20. Дұрыс жауап a, b, b, c, b, a, c, b, b, c, a, c, b, b, a, b, c, a, a, b.
3. «Тактикалық дайындық» тарауы бойынша бақылау сұрақтары
1. Жаяу әскердің ұрыс машинасымен (ЖҰМ-2) қаруланған жаяу әскер бөлімшесінің құрамында қанша адам бар? A) 10 адам; B) 9 адам; C) 8 адам; D) 12 адам; E) 7 адам.
2. Жалпыәскери ұрыстардың түрлері? A) қорғаныс және шабуылдау; B) соққы және маневр; C) қорғаныс және марш; D) набуыл және маневр; E) қорғаныс, шабуылдау және барлау.
3. Қорғаныс дегеніміз не? A) қарсылыасты маңызды бағыттарда (шектер мен объектілерде) ұстап қалуға бағытталған, әскерлердің іс-қимылы; B) Қарсыластың үстем күшіне тойтарыс беруге, оны барынша шығынға ұшыратуға, жергілікті жердің маңызды ауданын (объектілерін) ұстап тұруға және сол арқылы шабуылға көшу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған ұрыстың бір түрі ; C) Қарсыластың жауынгерлік ретінің тереңдігіне сенімді түрде енумен бірге шоғырланған оттық соққылар жасаумен бірге күш пен құралдарда үстемдік жасау арқылы қарсыластың қарсылығын тікелей еңсеру ; D) марштан бөлімшелердің ұрысқа түсу мақсатында жылдам орналасуы мен әскерлердің жылдам және жасырын қозғалысынан тұратын, ұрыс алды маневрі болып табылады; E) Біршама маңызды және жоғары қысымды ұрыстар мен соққылардың жиынтығынан тұратын, әскерлердің топтарымен бір шұғыл тапсырманы орындау мақсатындағы операциялардың құрамдас бөлігі.
4. Шабуыл дегеніміз не? A) қарсыласты маңызды бағыттарда (шектер мен объектілерде) ұстап қалуға бағытталған, әскерлердің іс-қимылы; B) Қарсыласты талқандау (жою) және жергілікті жердің маңызды аудандарына (шептеріне және объектілеріне) ие болу мақсатында жүргізілетін ұрыстың түрі; C) Қарсыластың жауынгерлік ретінің тереңдігіне сенімді түрде енумен бірге шоғырланған оттық соққылар жасаумен бірге күш пен құралдарда үстемдік жасау арқылы қарсыластың қарсылығын тікелей еңсеру ; D) марштан бөлімшелердің ұрысқа түсу мақсатында жылдам орналасуы мен әскерлердің жылдам және жасырын қозғалысынан тұратын, ұрыс алды маневрі болып табылады; E) Біршама маңызды және жоғары қысымды ұрыстар мен соққылардың жиынтығынан тұратын, әскерлердің топтарымен бір шұғыл тапсырманы орындау мақсатындағы операциялардың құрамдас бөлігі.
5. Атака дегеніміз не?
A) қарсыласты жою мақсатында қолда бар барлық құралдармен зақымдауды қарсыластың жауынгерлік ретінің тереңдігіне сенімді түрдегі жылжуы; B) Қарсыласты талқандау (жою) және жергілікті жердің маңызды аудандарына (шептеріне және объектілеріне) ие болу мақсатында жүргізілетін ұрыстың түрі; C) бір түпкі оймен жүргізілетін мақсаттары, міндеттері, соққылардың, ұрыстардың және маневрлардың орны мен уақыттары бойынша өзара байланысқан және келісілген жиынтық; D) Әртүрлі әскерлер тегінен тұратын құрамалар мен бөлімдердерден тұратын Қарулы Күштердің қандайда бір түрі ; E) әскерлердің тактикалық іс-қимылдарының негізгі түрі, ол қарсыласты жою (талқандау), оның соққыларына тойтарыс беру және қысқа уақыт ішінде шектелген ауданда басқа да тактикалық міндеттерді орындау мақсатында құрамалардың, бөлімшелердің нысанасы, орны мен уақыты бойынша келісілген соққы беруі, оқ атуы, маневр жасауы.
6. Қамту дегеніміз не? A) қарсыластың тыл жағынан соққы беру үшін шығу мақсатында жүзеге асырылатын маневр; B) қарсыластың соққысынан шығу мақсатында жүзеге асырылатын маневр; C) қарсылас қапталынан соққы беру үшін шығу мақсатында жүзеге асырылатын маневр; D) қарсыластың қоршауынан шығу мақсатында жасалатын маневр; E) Ары қарай шабуылдау үшін қарсыластың тыл жағына шығу мақсатында жасалатын маневр.
7. Бақылау үшін тағайындалған секторлар әдетте қашықтық бойынша бөлінеді? A) үш белдемге; B) екі белдемге; C) бес белдемге; D) төрт белдемге; E) бір белдемге.
8. Бір адамдық жатып ату үшін арналған окоп тізерлеп ату үшін қандай тереңдікте қазылады? A) 30 см; B) 60 см; C) 35 см; D) 50 см; E) 100 см.
9. Тізбектегі сарбаздар арасындағы аралық? A) 5-7 метр (7-11 адым); B) 6-8 метр (8-12 адым); C) 9-10 метр (14-15 адым); D) 3-4 метр (4-6 адым); E) 5-6 метр (5-8 адым).
10. Қорғаныста мотоатқыштар бөлімшесіне маңдайшеп бойынша бекініс тағайындалады? A) 100 метр; B) 300 метр C) 150 метр; D) 50 метр; E) 200 метр.
11. Мотоатқыштар бөлімшесі маңдайшеп бойынша шабуылдайды? A) 70 метр; B) 75 метр C) 50 метр; D) 125 метр; E) 200 метр.
12. Бөлімшенің жорықтық реті болуы мүмкін ? A) үш лек бойынша; B) бір лек бойынша; C) бір лек бойынша және екі лек бойынша; D) екі лек бойынша; E) екі қатарда.
13. ЖҰМ-2 жаяу әскердің ұрыс машинасында жабдықталған радиостанция қандай аралықта тұрақты байланысты қамтамсыз етеді? A) 20 км; B) 10 км; C) 40 км; D) 50 км; E) 100 км.
14. Шолғыншылар алдыға немесе жанға қарай қандай аралыққа жіберілуі мүмкін? A) 100 м; B) 300 м; C) 400 м; D) 500 м; E) көзге көрініп тұратын жерге дейін.
15. Аялдаулар арасындағы жүгірулердің ұзындығы жергілікті жерге және қарсыластың оқ атуына тәуелді. Орташа осы ұзындық қанша болады? A) 20-30 адым; B) 10-20 адым C) 40-60 адым D) 5-10 адым E) 50-60 адым.
16. Жағдайға, жергілікті жердің бедеріне және қарсыластың оқатуына тәуелді түрде еңбектеу жүргізіледі? A) тіземен және оң жағымен; B) екі аяқпен екі қолды жартылай бүгіп немесе оң жақ қапталмен; C) ішпен немесе екі аяқпен екі қолды жартылай бүгіп және шынтақпен; D) ішпен еңбектеп; E) екі аяқпен екі қолды жартылай бүгіп .
17. Ядролық жарылыстың жарығын байқағанда? A) басыңды жарылыс жаққа қарай бұрып, бетті жерге қаратып қолдарды дененің астына тығып жылдам жату керек және көздерді жұму қажет; B) аяғыңды жарылыс жаққа қарай бұрып, қолдарды дененің астына тығып жылдам жату керек және көздерді жұму қажет; C) аяғыңды жарылыс жаққа қарай бұрып, бетті жерге қаратып қолдарды дененің астына тығып жылдам жату керек және көздерді жұму қажет; D) аяғыңды жарылыс жаққа қарай бұрып, бетті жерге қаратып жылдам жату керек ; E) аяғыңды жарылыс жаққа қарай бұрып, бетті жерге қаратып қолдарды дененің астына тығып жылдам жату керек .
18. Жаяу әскердің ұрыс машинасына (ЖҰМ) сарбаздарды отырғызу жүргізіледі? A) қапталдағы есік арқылы; B) қапталдағы люктар арқылы; C) артқы есіктер арқылы; D) артқы және қапталдағы люктар арқылы; E) қапталдағы есіктер және жоғарғы люктар арқылы.
19. Миналық-жарылғыш бөгеттерден өтуде жасалған жолдан оқшашаршы өтеді? A) бірінші болып; B) соңғы; C) төртінші болып; D) бөлімше командирінен кейін; E) бөлімше командирінің алдында.
20. Қарсыластың жаяу әскері окопқа 30-40 метр қашықтыққа жақындағанда сарбаз? A) оған граната лақтырады; B) граната лақтырады және оқ атып кзін жояды; C) граната лақтырады және жекпе-жек ұрысқа дайындалады; D) жекпе-жек ұрысқа дайындалады; E) шегінуді ойластырады.
«Тактикалық дайындық» тарауы бойынша бақылау сұрақтарының дұрыс жауаптары