Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет107/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Дәріс№62 Улану
Улы жыландар және жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем
Жылан шаққан кезде адам ағзасы улануы мүмкін. Бұл кезде уланудың төмендегідей белгілері білінеді: шакканнан қалатын екі ірі нүкте түріндегі жаралар, қатты ауыру, шаққан жерден тез таралатын ісіну және қызару, лимфатикалық тамырлар мен түйіндердің асқынуы, шаққан жердегі тері асты қан құйылуы, кіші дәреттегі кан (гематургия), тынышсыздық, ауыздың құрғауы, шөлдеу, іш өту, суық тер басу, тартылу, сөздің бұзылуы (тілі күрметілуі), жұтынудың киындауы, қозғалыстын (тартылу) сал болып қалуы (кобра шақканда).
Аяқ-колды шақкан кездегі шұғыл көмек — удың сіңірілуінің алдын алу үшін шақкан жерден жоғары тұсты қатты байлау (2 сағ-тан артык емес), уды алып тастау үшін шаққан жерге қан соратын банка қою, көмек көрсетушінің ауыз куысында зақым болмаса, жарадан уды сорып алып тастау.
Сондай-ақ кыздырылған темірмен, сілтімен, азот кьшщы-лымен күйдіруге болады; мүмкін болса, дереу тері астына поливалентті сарысу (сарысудьщ 1 бөлігін стерильді судың 10 бөлігіне еріту керек) енгізу керек. Бұдан баска шаққан жер айналасындағы тері астына марганец қышкылды калийдің 2% ерітіндісш шашу (күніне 2—3 мл-ден 2—3 рет) шаққан жердің айналасына 10—20 мл сарысу түйреу жүргізіледі, кою төтті су, мол сусын ішкізу, тері астына — физиологиялық ерітінді, глюкозаның 5% -дық ерітіндісін (вена ішіне де) жіберуге болады.
Дәріс№63 Клиникалық өлім
Жүрек жұмысы мен тыныс алудың тоқтауын анықтау әдістері
Кенеттен жүректің токтауы электр тогы немесе найзағаймен зақымданғанда, ауыр жаракат, улану, суға кету, жедел кан кету, наркотикалық заттардын уытты әсері, миокард инфаркт нәтижесінде болуы мүмкін, сондықтан тыныс алу мен қан айналымға жасанды қолдау көрсету іс-шараларын жүргізу қажет Тыныс алудың тоқтау себептері әр түрлі: тыныс алу жолдарының бітелуі (, кұсу, шырыш, су), шырышты көмей ісініп аскынуы (мысалы, дифтерия кезінде).
Зардап шегушіні тірілтуге кіріспес бұрьн, ең алдымен, клиникалық өлімнің туындауын анықтау керек. Оның белгілері: есті жоғалту, ұйқы артериясында тамыр соғуының болмауы, тыныс алудың жоқтығы, қарашықтың үлкеюі және оның жарыққа әсерсіз калуы. Диагноз мейлінше өте қысқа уақыт ішінде қойылуы тиіс.
Тыныс алу мен қан айналымға жасанды колдау көрсету жөніндегі іс-шаралар жүрек пен тыныс алу тоқтағаннан кейінгі алғашкы 5 мин ішінде басталуы тиіс. Оны кенеттен клиникалық өлімді бастан кешірген зардап шегушілер мен аурулардың барлығына жасау керек. Жазылмайтын аурудың соңғы деңгейіндегі ауруларда, сондай-ақ сіресу, яғни нағыз биологиялық өлімнін толық сипаты білінген кезде реанимациялық іс-шаралар жүргізуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет