Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет114/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС

1. Елдің халқын, шаруашылық объектілері мен аумағын ядролық, химиялық, бактериология-


лық қарудың әсерінен, сондай-ақ төтенше апат жағдайларынан қорғау мақсатында бейбіт
және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік шаралар деп нені айтады?
А) Әскери қорғаныс; Б) Мемлекеттік қорғаныс; В) Жалпы қорғаныс;
Г) Азаматтық қорғаныс; Д) Дүниежүзілік қорғаныс.
2. Оқу орнының азаматтық қорғанысының бастығы болып кім табылады?
А) АӘД пәнінің оқытушысы; Б) Оқу бөлімінің меңгерушісі;
В) Оқу тобының бөлімше командирі; Г) Директор; Д) Тәлімгер (сынып жетекшісі).
3. Оқу орнының азаматтық қорғанысының штаб бастығы болып кім тағайындалады?
А) АӘД пәнінің оқытушысы; Б) Оқу бөлімінің меңгерушісі;
В) Оқу тобының бөлімше командирі; Г) Директор; Д) Тәлімгер (сынып жетекшісі).
4. Жарылғыш әрекетті жаппай жою қаруы?
А) Ядролық қару; Б) Өртегіш қару; В) Химиялық қару; Г) Биологиялық қару;
Д) Суық қару.
5. Аталған жарылыстардың қайсысы ядролық жарылысқа жатпайды?
А) Ауадағы ядр.жарылыс; Б) Ғарыштағы ядр.жарылыс; В) Биіктегі ядр.жарылыс
Г) Жер бетіндегі ядр.жарылыс; Д) Су астындағы ядр.жарылыс.
6. Ядролық жарылыстың негізгі жою факторы?
А) Жарық сәлелену; Б) Өткір радиация; В) Соққы толқын; Г) Радиоактивтік
зақымдану; Д) Электромагниттік импульс.
7. Ядролық жарылыстың жер (су) бетіндегі проекциясы қалай аталады?
А) Ядролық жарылыстың шеті; Б) Ядролық жарылыстың іші; В) Ядролық жарылыс-
тың эпицентрі; Г) Ядролық жарылыстың сырты; Д) Ядролық жарылыстың аймағы.
8. Жарық сәлеленудің әсерінен тері қабаттарынын күю ауырлығы неше дәрежеге бөлінеді?
А) 5; Б) 3; В) 2; Г) 6; Д) 4.
9. Жүйке-жансыздыратын әрекетті УЗ тобына қайсы улағыш зат жатады?
А) Зарин; Б) Иприт; В) Фосген; Г) Хлорциан; Д) CS.
10. Тітіркендіргіш әрекетті УЗ тобына қайсы улағыш зат жатады?
А) Синил қышқылы; Б) VX; В) Люизит; Г) CS; Д) BZ.
11. Психохимиялық әрекетті УЗ тобына қайсы улағыш зат жатады?
А) Заман; Б) BZ; В) Дифосген; Г) CR; Д) Иприт.
12. Жалпы улы әрекетті УЗ тобына қайсы улағыш зат жатады?
А) Дифосген; Б) Заман; В) Синил қышқылы; Г) Фосген; Д) Люизит.
13. Тері іріңдеткіш әрекетті УЗ тобына қайсы улағыш зат жатады?
А) CR; Б) Дифосген; В) Хлорциан; Г) Иприт; Д) Зарин.
14. Тұншықтырғыш әрекетті УЗ тобына қайсы улағыш зат жатады?
А) Иприт; Б) Зарин; В) Хлорциан; Г) Заман; Д) Фосген.
15. Улағыш зат әсерінің шекарасы ішінде адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларының
жаппай шығыны болған аумақ қалай аталады?
А) Химиялық зақымдану ошағы; Б) Химиялық зақымдалған аймақ; В) Химиялық
улану аймағы; Г) Ядролық зақымдану ошағы; Д) Жаппай шығын аумағы.
16. Оба, тырысқақ, сіреспе секілді ауруларға ұшырататын өсімдік текті бір клеткалы
микроорганизмдер:
А) Риккетсиялар; Б) Бопалар; В) Токсиндер; Г) Вирустар; Д) Бактериялар.
17. Адамдарды шешек, қызба дерттеріне шалдықтыратын өте ұсақ микроорганизмдерді
қалай атайды?
А) Риккетсиялар; Б) Бопалар; В) Токсиндер; Г) Вирустар; Д) Бактериялар.
18. Адам организмін бөрітпе сүзекке, қызбаға ұшырататын бактериялар мен вирустар
арасындағы аралық жағдайдағы биологиялық зат:
А) Риккетсиялар; Б) Бопалар; В) Токсиндер; Г) Вирустар; Д) Бактериялар.
19. Жеке қорғаныш құралдарына нелер жатады?
А) Радиацияға қарсы тасалар; Б) Паналар; В) Жеке дәрі қобдишасы және пана;
Г) Тыныс органдарын қорғау, теріні қорғау құралдары және жеке медициналық
қорғаныш құралдары; Д) Л-1 жеңіл костюмі және радиацияға қарсы таса.
20. Тыныс органдарын, көз бен бет терісін улағыш, радиоактивтік заттар мен биологиялық
құралдардан қорғауға арналған құрал?
А) Тұмылдырық; Б) Сүзгіш противогаз; В) Жеке дәрі қобдишасы;
Г) Жалпыәскерлік қорғаныш толымы; Д) Мақталы-дәкелі таңғыш.
21. Улағыш, күшті әсер ететін улы заттардың (КӘУЗ) активтендірілген көмірге жағылатын
химиялық активті заттармен өзара әрекеті есебінен сіңірілуі процесі қалай аталады?
А) Химиялық реакция; Б) Катализ; В) Хемосорбция; Г) Адсорбция; Д) Сүзгілеу.
22. Жаппай жоятын қару әрекетінің ауыр зардаптарын болғызбау мақсатында өзіне-өзі және
өзара көмектесуге, сондай-ақ инфекциялық аурулардың алдын алу және бетін қайтаруға
арналған құрал қалай аталады?
А) Тұмылдырық; Б) Пневмокостюм; В) Жеке дәрі қобдишасы;
Г) Химияға қарсы жеке пакет; Д) Мақта-дәке таңғышы.
23. Терінің ашық жерлері мен киімге тиген тамшылы-сұйық улағыш заттарды
зиянсыздандыруға арналған құрал қалай аталады?
А) Тұмылдырық; Б) Пневмокостюм; В) Жеке дәрі қобдишасы;
Г) Мақта-дәке таңғышы; Д) Химияға қарсы жеке пакет.
24. Адамдарды радиоактивттік заттардың тыныс органдарына, тері мен киімге түсуінен,
жарықтық сәулеленуден, өткір радиациядан және соққы толқыннан қорғайды:
А) Пана; Б) Қорғаныш толым; В) Радиацияға қарсы таса; Г) Қарапайым тасалар;
Д) Сүзгіш противогаз.
25. Газсыздандыру, дезактивация және дезинфекция жұмыстарын атқару кезінде тері қабатын,
киімді улағыш заттардан, биологиялық құралдар мен радиоактивтік шаңнан бірнеше
дүркін қорғауға арналған құрал?
А) Пневмокостюм; Б) Л – 1 жеңіл қорғаныш костюмі; В) Жаздық костюм;
Г) Ашық оттан қорғайтын костюм; Д) Жалпыәскерлік қорғаныш толымы.
26. Доза қуаты 0,5-тен 200 р\с-қа өзгерген кезде 2-ден 50 р-ге дейінгі диапазонда
гамма-сәулеленудің жеке дозаларын өлшеуге арналған құрал (аспап):
А) ДП-22В; Б) ДП-5В; В) АИ-2; Г) ХБӘА; Д) ИПП-8.
27. Ауада, жергілікті жерде және объект бетінде улағыш заттарды тауып анықтауға арналған
құрал (аспап):
А) ДП-22В; Б) ДП-5В; В) АИ-2; Г)ХБӘА; Д) ИПП-8.

28. Зарин, заман қандай әрекетті улағыш заттарға жатады?


А) Жүйке-жансыздыратын; Б) Психохимиялық; В) Тері-іріңдік;
Г) Тұншықтыратын; Д) Тітіркендіргіш.
29. Фосген, дифосген қандай әрекетті улағыш заттарға жатады?
А) Жүйке-жансыздыратын; Б) Психохимиялық; В) Тері-іріңдік;
Г) Тұншықтыратын; Д) Тітіркендіргіш.
30. BZ (би-зет) қандай әрекетті улағыш заттарға жатады?
А) Жүйке-жансыздыратын; Б) Психохимиялық; В) Тері-іріңдік;
Г) Тұншықтыратын; Д) Тітіркендіргіш.
31. Иприт, люизит қандай әрекетті улағыш заттарға жатады?
А) Жүйке-жансыздыратын; Б) Психохимиялық; В) Тері-іріңдік;
Г) Тұншықтыратын; Д) Тітіркендіргіш.
32. Бензин мен қойылтпа ұнтақ қосылысынан жасалған өртегіш зат:
А) Ақ фосфор; Б) Напалм; В) Пирогель; Г) Термиттік құралдар; Д) Илемді фосфор.
33. Ядролық жарылыс кезінде бірнеше секунд бойына әрекет ететін, көрінетін ультракүлгін
және инфрақызыл сәулелену:
А) Соққы толқын; Б) Өткір радиация; В) Жарық сәулелену;
Г) Радиоактивтік зақымдану; Д) Электромагниттік импульс.
34. Ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма-сәулелер мен нейтрондардың ағыны:
А) Соққы толқын; Б) Өткір радиация; В) Жарық сәулелену;
Г) Радиоактивтік зақымдану; Д) Электромагниттік импульс.
35. Адамдар үшін қауіптілік дәрежесі бойынша радиоактивтік із неше аймаққа бөлінеді?
А) 4; Б) 6; В) 2; Г) 3; Д) 5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет