Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін


Дәріс№8 Тәуліктік наряд.Оның құқықтары мен міндеттері



бет20/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Дәріс№8 Тәуліктік наряд.Оның құқықтары мен міндеттері.
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және қарулануы. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің және оған бағыныштылардың міндеттері. Тәуліктік кезекші қызмет атқаруға арналған орынның жабдықталуы.Тәуліктік наряд - әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй-жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ осы жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған.
Тәуліктік нарядтың құрамы:

  • бөлім бойынша кезекші;

  • бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;

  • қарауыл;

  • кезекші бөлімше;

  • парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер;

  • кезекші фельдшер және медициналық пункт бойынша тәуліктік кезекшілер;

  • бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері;

  • асхана бойынша кезекші және оның жұмысшылары;

  • бөлім штабы бойынша кезекші;

  • кезекші белгі беруші-барабаншы;

  • шабармандар;

  • өрт наряды.

Бөлім бойынша бұйрықпен күнделікті тағайындалатындар: бөлім бойынша кезекші; бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі; қарауылдың бастығы; парк бойынша кезекші; кезекші бөлімше; тәуліктік наряд пен жұмыстарға нарядқа бөлінетін бөлімшелер.
Ротаның тәуліктік нарядына:

  • рота бойынша кезекші; (сержанттар)

  • рота бойынша тәуліктік кезекшілер (жауынгерлер) тағайындалады.

Рота бойынша кезекшінің міндеттері:
Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде тұрған қару-жарақтың, оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет