Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет29/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Бөлімшелерді және атысты басқару. Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына командир жауап береді. Ұрыстағы командирдің маңызды міндеті – атысты басқару. Атысты басқаруға мыналар жатады: нысана барлау; оның маңыздылығын бақылап, зақымдау кезектілігін анықтау; нысананы мүмкіндігінше тиімді қирата алатын қаруды таңдау; атыспен маневрлеу; оқ – дәрінің жұмсалуына бақылау.
Бөлімшені басқару - бөлімше қимылын ұйымдастыру және ұрыс барысында оған тұрақты жетекшілік жасау. Бөлімше командирі ұрысты жергілікті жерде ұйымдастырады. Ол жауынгерлік міндет алғаннан кейін, қалыптасқан жағдайда оны бағалайды және түсіндіреді, шешім қабылдайды, ауызша әскери бұйрық береді және өзара қимылды ұйымдастырады. Содан кейін ұрысқа жеке құрамды, қару – жарақты, ұрыс машинасын дайындауға жетекшілік етеді.
Ұрыста бөлімше командирі өз бөлімшесімен көршілер қимылы, қарсылас, жергілікті жер жақсы байқалатын жерде тұрады.
Атысты басқарудың тәсілдері. Командир жауынгерлер мен бөлімшелер қимылын белгілер мен пәрмендер бере отырып басқарады. Пәрмендер дауыстап, радио немесе телефон арқылы беріледі. Сигнал беру үшін шартты белгілер қолданылады. Мысалы: «Шабуыл белгісі – 333», «Әуе қарсыласы белгісі – 555». Сондай – ақ, ракеталар, әр түрлі дыбыс құралдары, жалаушалар және қол шаммен беріледі.
Түндегі ұрыс. Түндегі ұрыс бөлімше үшін негізінен күндізгідей жүргізіледі. Түнде ұрысты табысты жүргізу, жауынгерден, жоғары машықты, біліктілікті, батылдықты және моральдық – психологиялық дайындықты талап етеді.Жауынгер түнде жауынгерлік міндетті шешуге тыңғылықты дайындалуы керек, ол жергілікті жерде тез бағдарлай білуге машықтанып, түнгі көру аспаптары мен компастарын қолдана алуы тиіс, жеке қарудан дәлдеп атуды жүргізіп, жергілікті жер кенеттен ракета, жарықтандырғыш авиабомба және прожектор сәулелері арқылы жарықтанған кезде дұрыс қимылдауы керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті туралы айтыңдар.

  • бөлімшенің ұрысқа кіру реті дегеніміз не?

  • бөлімшенің жорық реті туралы не білесіңдер?

  • ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні.

  • ұрыста бөлімшені кім басқарады және оны қалай ұйымдастырады?

  • бөлімше командирі бөлімшені және атысты басқарудың қандай тәсілдерін қолданады?

түнде ұрыс жүргізу үшін жауынгерге қандай талаптар қойылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет