Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет54/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі жағдайы туралы айтып беріңдер.

  • автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтау кезіндегі жұмысы жайлы айтыңдар.

Дәріс№23 Автоматтан(пулеметтен) ату тәсілдері.
Автомат (пулемет) ұрыс жағдайында жарақталған оқжатармен қоса тасымалданады. Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден әр түрлі жағдайларда жүргізілуі мүмкін.Жаяу тәртіпте орнынан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін тұрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды. Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалынып, жабдықталады. Ату орны ретінде – ор, жыра, тас, ағаш арты не өз қалауы бойынша таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалынуы мүмкін.
Атыс орнын күні бұрын дайындау кезінде берілген секторда немесе бағытта атыс жүргізу мүмкіндігін, яки автомат (пулемет) әр түрлі жергілікті заттарға кезекпен бағыттала алатындай етіп тексеріп алу керек. Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу ыңғайлы болу үшін және атыс тиімділігін арттыру үшін сағақ астына тіреу дайындау қажет.
Атуға белгіленген орынды иемдену үшін шамамен мынадай пәрмен беріледі: «Автоматшы (пулеметші) (Ахмедовке) ату орны анау жерде – ұрысқа!» Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша ату орнына орналасады да, атуға оңтайланады.
Ату орнын ауыстыру үшін: «Автоматшы (пулеметші) Ахмедов, анау жерге жүгіріп өт – алға!» деген пәрмен беріледі. Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша жаңа орынға жылжу жолын, аялдама үшін тасалау жерлерді және жылжу әдісін белгілеп алады. Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы (пулеметші) жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жүгіре өтумен немесе жер бауырлай жылжиды. Жылжу алдында автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды.
Жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жылжуда және жүгіріп өтуде автомат (пулемет) бір немесе екі қолмен ұсталынады.
Жер бауырлап жылжығанда, автомат (пулемет) оң қолмен жоғарғы антабкадағы баудан немесе құндақтан ұсталынады.
Әрбір автоматшы (пулеметші) ату үшін ыңғайлы және тұрақты орын алып, басы, қол-аяғы мен денесі үшін біріңғай жағдай жасауы қажет.
Автоматтан (пулеметтен) ату – атуға оңтайланудан, атуды жүргізуден және атысты тоқтатуда құралады.
Атысқа тоқтату
Автоматшы (пулеметші) атысқа пәрмен бойынша немесе өздігінен дайындалады. Жаттығу сабақтарында атысқа оңтайлану үшін пәрмен бөлек берілуі мүмкін, Мысалы: «Ұрыс шебіне атуға – адым бас!», содан кейін «Оқта!», ал керек болған жағдайда: «Оқта!» пәрменінің алдында атыс орны көрсетіледі.
Атысқа оңтайлану атыс жүргізетін жерге орналасу мен автоматты (пулеметті) оқтауды қамтиды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет