Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет60/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • жарықшақты қол гранаттары неге арналған?

  • ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?

  • РГД-5 жарықшақты қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атап беріңдер.

Дәріс№25 Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру тәсілдері.
Гранаттарды лақтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлану және гранатты лақтыру.
Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайында!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен жүргізіледі.
Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен металл қалпақшасын алады немесе тығында корпус түтігінен бұрап шығарады. Содан кейін сол қолмен гранатты ұстап тұрып, оны оң қолмен сөмкенің ұясынан шығарып, тұтандырғышы алынады.
Гранатты тік нысана боп саналатын ғимарат терезесінен және есігінен лақтыру кезінде оны түзу сызыққа жуық траектория бойынша, оны көздеген жерге күшпен тік бағытта лақтырады. Мұнда нысананың жоғарғы шетін көздеген жақсы, өйткені гранат ұшу аяғына қарай жылдамдығын баяулатып, біртіндеп төменге бұрылады. Лақтыруды орнынан тұрып, тізерлей не жатып орындаған дұрыс.
Қарсыластың оқпанада, орда орналасқан тірі күшін жою үшін гранатты көкжиекке 35-45 градус бұрышпен лақтыру керек, бұл кезде гранат нысанаға аспалы жолмен түсіп, ор арқылы аз домалауы және сыртқа қарай домалап кетпеуі көзделеді.
Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек ұрыстық серіппе әсерінен жанына қарай ауытқиды да, соққышқа энергияны хабарлайды. Соққыш өзі істік темірімен капсюль-тұтандырғышты жарады. Капсюль-тұтандырғыштан шыққан от баяулатқышты тұтатады және одан өтіп капсюль-детонатор жарылып, гранаттың жарылғыш зарядын жарады. Гранаттың корпусы жарылып, тұтандырғыштың жарықшақтары жан-жаққа ұшады.
Дәріс№26 Сап және оларды басқару
Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.
Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет