Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет7/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы негіздері дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Армия дегеніміз не?

Мемлекеттегі Қарулы Күштердің рөлі мен орны туралы айтып беріңдер.
Дәріс№2 Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны.ҚРҚК нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы
Мемлекеттік Елтаңба, Ту, Қазақстан Республикасының Гимні - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және егемендігінің ресми рәміздері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери бөлімнің Жауынгерлік туы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК НЫШАНДАРЫ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ НЫШАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ТУЫ.
ҚР Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміздер – Елтаңбаның, Жалаудың сипаттамалары мен оларды ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. ҚР Мемлекеттік Туы көгілдір түсті матаның ортасында алтын күн бейнесі мен ұшып келе жатқан дала қыраны - бүркіт және сабының бойына салынған ұлттық ою - өрнектер нақышталған тік жолақтан тұрады. ҚР Мемлекеттік Туының авторы - Шәкен Ниязбеков. Зеңгір көк аспан барлық халық үшін әрқашан бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болған. Елтаңба тану ғылымы геральдика тілінде, көк түс – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны. Ұлы даланың билеушілері Әмір Темір, Шыңғысхан өздерін тәңірден жаратылған Көк Аспанның ұлдары деп есептесе, Қытай императорларында «Аспан Ұлы» деген дәреже болған. Қазақстан аймағында көне заманнан бері Тәңірге – Көк Аспанға сену, оған табыну дәстүрі кеңінен тараған.
Көк түстің мәдени семантикалық тарихына үңіле отырып айтарымыз: Мемлекеттік Тудағы көк түс Қазақстан халқының өз мемлекетін құру жолындағы ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді.
Өрнек – көркем бейнеленген әшекейлі кесте. Ерте кезде халық ою - өрнектің бойынан адамды зұлымдықтан желеп – жебеп, қорғайтын керемет күш көрген. Сондықтан да ою - өрнекке деген көзқарас ерекше болған.
Еліміздің Мемлекеттік Туын көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың декоративті өнерінің нақыштарымен үйлесім тапқан.
Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі – байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет