Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет75/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Қозғалысты тоқтату үшін оң немесе сол аяқты жерге қоюмен берілген орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасап саптық тұрысты қабылдау керек. Мысалы: «Взвод – тоқта!»
Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жиі адымда!», «Жарты адымда!» деген пәрмендер беріледі.
Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға өзгерту үшін пәрмен беріледі. Мысалы «Қатардағы жауынгер…., оңға (солға) екі адым - бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) – бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Саптық тұрысты орындау кезіндегі қарудың орналасу жағдайын айтыңдар.

  • Автомат «бауға» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты- кеудеге!» пәрмені бойынша орындалатын тәсілдерді атаңдар.

  • «Бауды бост (тарт)!», «Қаруды арқаға!» пәрмендерінің орындалуы туралы айтыңдар.

  • Қарумен қозғалыстар және бұрылыстар қалай орындалады?

Дәріс№37 Бір орында және қозғалыста сәлемдесуді орындау, қозғалыс кезінде сәлемдесуге жауап беру.
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру. Қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге қозғалыста жауап беру.
Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және
бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.
Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек; бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.
Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.
Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды. Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?

  • бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет