Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет88/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

Дәріс№49 Халықты эвакуациялау.
Халықты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және осы заманғы жою құралдарынан қорғаудың негізгі әдістерінің бірі оны эвакуациялау болып табылады.Эвакуация алдында халық хабарланады..Эвакуация ойдағыдай болуы халықтың өзінің ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне көп байланысты. Эвакуация болатынын білгеннен кейін азаматтар дереу шығуға дайындалуы тиіс (қала сыртына шығу:қажетті заттарды жинау,жеке қорғаныш заттарын(тыныс алу құралдарын міндетті түрде),құжаттар мен ақшаны дайындау қажет,пәтерде( үйде)терезелердің перделері алынып,жанатын заттар қараңғыланған жерге қойылуы керек) Заттардың ең қажеттілері-киім,іш киім,плащ,спорт костюмы,,аяқ киім (резеңке немесе резеңке ұлтанды болғаны жақсы) алынады.Сондай ақ өзімен бірге 2-3 тәуліктік тамақ және ауыз су қорын алу қажет.Тамақ өнімдерінен тез бұзылмайтын,оңай сақталатын және тұтыну алдында ұзақ дайындауды керек етпейтін түрлері-консервілер,концентраттар,галеттер,кепкен нан алынады.Эвакуация жаяу ретпен жүзеге асырылған жағдайда эвакуацияланатындардың 500-ден 1000 адамға дейін лектер құрылады..Қозғалыс жылдамдығы 4-5 км\ сағ ,1-1,5 сағаттан кейін 10-15 минут шағын аялдама,тәуліктің өтудің екінші жартысында 1-2 сағатқа үлкен аялдама белгіленеді.
Өрт кезінде зардап шеккендерді іздеу және эвакуациялау
Өрт адамдарға күшті психологиялық әсер етеді.Адамдар арасындағы үрейленушілік тіпті шағын өрттерде едәуір құрбандықтар болуына себеп болады. Мінез-құлық ережелерін білсе де осы кеселге тап болған адам кез келген жағдайда төтеп беріп қана қоймай ,өз өмірін сақтаумен қатар ,басқа адамдарды құтқару,а,материалдық игіліктерді сақтауға көмек көрсете алады.
Дәріс№50 Радиоактивті,химиялық зақымдану аймақтары мен биологиялық зақымдану ошағындағы адамдардың мінез-құлқы және өзін-өзі тәртібі
Дәріс№51 Радиациялық және химиялық барлау мен бақылау аспаптары.
Радиациялық және химиялық барлау аспаптары түрлі объектілердің зақымдану дәрежесі мен радиация деңгейін табуға, сондай-ақ сәлелендіру мөлшерін өлшеуге арналған. Олардың көбінде радиоактивті сәуле шығаруды табу және өлшеуде ионизациялық әдісті пайдаланады.
Бұл әдіс радиоактивті сәуле шығару қасиеттерінің бірін пайдалануға негізделген – олардың өздері таратылатын ортаны ионизациялау қабілетін, яғни, нейтралды молекула немесе атомдарды буға ыдыратуды көрсетеді. Егер газдың тұйық көлемін алып, оған электр кернеуін қосса, онда сәулелендіру кезінде пайда болған электрон мен иондар реттелген қимылға келеді: біріншілері - анодқа, екіншілері – катодқа жылжиды. Осының нәтижесінде электродтар аралығында ионизацияланған ток пайда болады, оның көлемдегі радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатына тура пропорционалды болады. Ионизацияланған ток күші бойынша радиоактивті сәулелену қарқындығын анықтау керек.
Сәулеленуді дозиметриялық бақылау үшін ИД-1 мөлшерінің жалпы әскери өлшеуіші, ИД-11мөлшерінің дербес өлшеуіші, ДП-22толымынан алынған өлшеуіштер мен ДП-70МП мөлшерінің дербес химиялық өлшеуіштері пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет